0 дауыс
7.5k көрілді
Тірек сөздерді пайдаланып қызықты, шағын әңгіме құрастырыңыз. Әңгіме бір оқиғаны таныту үшін жазылады және оқиға желісі қысқа болады.
Тірек сөздер: Театр, сахна, қойылым, музыка, режиссер,  комедия, шымылдық, талантты актерлер, көрермен ықыласы, көңілді кеш, мәдениет.

1 жауап

0 дауыс

Кәшкентай Аймен театрға қойылым тамашалауға алғаш рет келіп отыр. Бұрын теледидардан ғана көретін  сахна  өмірде тым үлкен әрі әдемі екендігіне тамсанып қана отыр. межелі уақыттан ертерек келгендіктен қойылым әлі бастала қоймаған. Тек дайындық ретінде үзік-үзік музыканың дыбысы шығады. Демалыста зерікпесін деп әкесінің досы Серік комедиалық қойылымға Айман мен әжесін шақырған болатын. Серік көкесі осы театрда 10 жылдан астам уақыт режиссер қызметін атқарып келеді.

Көп ұзамай шымылдық та ашылып қойылым бастала кетті.  Әжесі екеуі талантты актерлердің өз образына ьеріле ойнағанына  тамсанып отырып , қойылымның қалай аяқталғанын да байқамай қалды. Көңілді кешті ұйымдастырған барша театр ұжымына деген көрермендердің ықыласы да өте ерекше болды. Мәдениет саласын дамытып жүрген Серік ағасына риза болған Айман мен оның әжесі алғысын жаудырды. 

Әңгіме құрау бастауыш сыныпқа беріледі деп ойлағандықтан осылай шықты ойымнан, пунктуациялық қателіктер болуы мүмкін. 

...