0 дауыс
947 көрілді
Менің мұрным еңкейсем бітеліпкалады тіпті ауа жетпейқалады сосын пысылдап жүремін бул қандай  ауру жане не істесе болады

1 жауап

0 дауыс

1)Ринит, мұрын бітелу — мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын қуысына түскен микробтар мен вирустар тудырады.Емі: аурудың бастапқы кезінде денені жылы ұстап, бал немесе таңқурай қосылған шай ішу, мұрын ішіндегі қан тамырларын тарылтатын ерітінділер (санорин, галозалин, т.б.) қолдану. Ринитті болдырмау үшін денені шынықтырып, спортпен шұғылданған жөн; үйде және жұмыс орнында жеке бастың гигиенасын сақтау қажет; егер жұмыс орны шаң-тозаң, улы газбен байланысты болса, респиратор немесе қорғаныш дәкесін қолдану керек.

2)Синусит — бұл бет қуысының немесе мұрынға тірелетін сүйектің асқынған немесе созылмалы ауруы. Ол көбінесе құлаққа, тамаққа инфекция түсуден, қатты салқын тиюден болады. Емдеу жолдары:

  • Суды көбірек ішіңіз.
  • Мұрын арқылы аздап тұзды су сорыңыз немесе бумен дем алыңыз.
  • Бетке ыстық компресс қойыңыз.
  • Мұрынға фенолефрин түріндегі деконгестанттар тамызыңыз.
  • Антибиотиктер қабылдаңыз: тетрациклин , ампициллин немесе пенициллин.
  • Егер жағдай жақсармаса, дәрігерге барыңыз.
  • Алдын алу:Салқын тиген және мұрын біткен кезде мұрынды тазартыңыз.

3)Шаң кенелеріне аллергия деп үй шаңында болатын аса ұсақ жәндіктерге аллергиялық серпін аталады. Шаң кенелеріне аллергияның белгілеріне түшкіру және мұрын ағуы/бітуі жатады. Көптеген адамдар шаң кенелеріне аллергия болғанда астманың (демікпе) ентігу және тыныс алудың қиындауы секілді белгілеріне де шалдығады.

Мұрын қуысының қабынуына байланысты шаң кенелеріне аллергия симптомдарына жататындар:

·         түшкіру

·         мұрынның ағуы

·         көздің қышуы, қызаруы немесе ылғалдануы

·         мұрынның бітуі

·         мұрынның, таңдайдың немесе көмейдің  қышуы

·         мұрын қуысынан сілемей бөліндісінің көмейдің артқы қабырғасынан ағуы

·         жөтел

·         беттегі қысылу және ауырсыну сезімі

·         көздің ісінуі, көз асты терісінің көкшілденуі 

·         балалық шақта – мұрынды жиі үйкеу

егер шаң кенелерге аллергияға демікпе қосарланса, адам келесілерге ұшырайды:

  • тыныс алудың қиындауы

  • кеудедегі қысылу сезімі немесе ауырсыну

  • дем шығарғанда, ентіккенде ысқырық естілуі

  • ентігуге, жөтелуге және ауыр тыныс алуға байланысты ұйқыдағы мәселелер.

  • Жөтел немесе сырылдау ұстамалары, олар тұмау немесе суық тию секілді респираторлық вирустық инфекциялардан ушығады.

 Аллергияны бақылаудың бірінші шарты  -  шаң кенелермен қатынасты мүмкіндігінше жою. Шаң кенелердің әсерін жойғанда, аллергияның көрінісі азаяды, немесе аллергиялық серпіннің симптомдары жеңілдейді. Дегенмен, қоршаған ортадан шаң кенелердің әсерін толығымен жою мүмкін емес. Симптомдарды бақылау үшін дәрілік препараттар қажет болуы мүмкін.

Дәрігер мұрынмен тыныс алуға байланысты аллергия симптомдарын жеңілдету үшін келесі препараттар тобын тағайындауы мүмкін.

4)Немесе жүре пайда болған кез -келген аллергия болуы мүмкін.

...