0 дауыс
923 көрілді
Елбасымыз қайда қазір, оның өмірі жайлы деректер мен эсселер керек еді.

1 жауап

0 дауыс

«Президент Назарбаев – кеңестік саясаттағы жарық жұлдыз, түрлі республикалар арасындағы ірі тұлға. 50 жасар Қазақстанның лидері – белгілі деңгейде қатал, тәжірибелі, жедел шешім қабылдай алатын адам. Одақтың басқа республикаларының өзі мойындаған жылы шырайлы, талантты және табанды басшы. Назарбаев республиканы басқарып тұрғанда, Қазақстанның табыстарға жету мүмкіндігі мол болады», депті тәуелсіздіктен бұрын-ақ  ХХ ғасырдың ұлы реформаторлардың бірі Ли Куан Ю. Осы пікірді оқи отырып, оның соншалықты кісі тани білетін данышпандығына, көрегендігіне таңғалмауың мүмкін емес.

Сол айтқандай, кеңестік жүйеден шыңдалып шыққан Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, оның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға, экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшыға айналды. Ол – бабаларымыздан  келе жатқан ұлы арман – тәуелсіздігімізді  тұғырлы ету жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өз орнын алды. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы АҚШ конгрессмені Крис Кэннон былай деген еді: «Мен жас Қазақстанның дамуын үлкен ықылас қоя қадағалап жүрмін, 1991 жылы бұрынғы Кеңес Одағынан тәуелсіздік алған сәтінен бастап, бұл ел таңғаларлық саяси және экономикалық жаңғыруларды басынан кешірді. Қазақстан қарыштап алға басып келеді, әрі дұрыс бағытта келе жатыр. Қазақстан қалыптасты, бұған оның басшысы Н.Назарбаевтың сіңірген еңбегі үлкен. Мен Қазақстан табыстарының сәулетшісі Президент Н.Назарбаевтың саяси көрегендігін жоғары бағалаймын, ол айтылып жатқан сындарға қарамастан, елін қуатты экономикалық мемлекеттердің қатарына қосып, бұрынғыдан да ауқымды саяси реформалар жасауға кірісті». Біздің Елбасымыздың бүкіл еңбегі осы бірнеше жолда тамаша көрініс тапқан сияқты. 

Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы экономикамен бірге білім және ғылым саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Бүгінгі таңда еліміздің білім жүйесі жаңа заманға лайық әрі халықаралық стандартқа сәйкес  жетіліп келеді және оның отандық үлгісі қалыптасуда десек, мұнда Елбасы Н.Назарбаевтың инновациялық ой-тұжырымдары мен тікелей қамқорлығының маңызы зор болғанын атап өтуіміз қажет. 

«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін қадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт». Бүгінде Президенттің осы тапсырмасын ұстанған еліміздің білім саясаты әлемдік аренадан өз орнын нақтылауда. Себебі білімді де білікті маман-кадрлар экономиканы қарқынды дамытуда маңызды ресурс болып табылады.  

Тәуелсіздік жылдарындағы отандық білім беруде жинақталған тәжірибені талдап қарасақ, еліміздің білім беру жүйесі әлемдік стандартқа біршама жақындап қалғанына нақты деректер көз жеткізеді. Осы  үдерістің бүгінге дейінгі  нәтижелі атқарылып келуіне, әлбетте, Елбасының әр жылдардағы еңбектеріндегі, әсіресе оның Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауларындағы еліміздің білім жүйесінің сапасын арттыруға, стратегиялық міндеттерін шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулердің қажеттілігін туындататын инновациялық ой-пікірлері мен мемлекеттік стратегиялық бағдарламалары негізгі ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік бағыт-бағдар болып, еліміздің білім беру саясаты мен оның жүйесін қалыптастыруға мол мүмкіндік бергенін байқау қиын емес. 

Содан бері бүкіл Елбасы атап көрсеткен мәселелерді жүзеге асыру үшін ғылыми-практикалық жобалар мен тұжырымдамалар және стратегиялық бағдарламалар жасалып, қыруар жұмыстар атқарылды. 

Мен жуырда ғана Мемлекет басшысының қабылдауында болып, отандық білім саласына қамқорлығын шын жүрегіммен сезінгендей болдым. Кездесуде Мемлекет басшысына оқу орнының қызметі және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауды іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп бердім.  Президентіміз еліміздегі жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру және дамыту үдерісіндегі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің рөлін ерекше атап өтті. «Бұл университет – Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орындарының бірі. Еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің негізі осы оқу ордасынан бастау алады деуге болады. Сіз және бүкіл оқытушы-профессорлар құрамы отандық білім беру ісіне алдағы уақытта да үлес қосатындарыңызға сенемін», деді Елбасы. Сондай-ақ ол «Мен сіздердің 90 жылдық мерейтойларыңызға өзім келейін деп едім, бірақ мүмкіндігім болмады. Сондықтан арнайы Құттықтау хатымды беріп,  Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованы жібердім. Менің бұл университетке көзқарасым ерекше. Мен сізді университеттің 90 жылдығына байланысты бүкіл ұжым атынан қабылдап отырмын. Ұжымыңызға менің құттықтауымды жеткізуді тапсырамын», деді. 

Жарты сағатқа созылған бұл кездесуде көптеген маңызды мәселе көтерілді. Президент, біріншіден, университеттің 90 жылдық мерейтойын қалай өткізгенімізді, екіншіден, қазан айындағы Жолдауды орындау үшін қандай жұмыстар атқарып жатқанымызды, үшіншіден, Педагог мәртебесі туралы қабылданатын заңға байланысты атқарылатын жұмыстарды, төртіншіден, университеттің бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін не істеу керегін сұрады. Мен Елбасына университеттің 90 жылдық мерейтойына байланысты атқарылған іс-шараларды, оның ішінде Еуразиялық педагогикалық жоғары оқу орындары қауымдастығының форумын, математикалық модельдеу жөніндегі халықаралық конференциясын өткізгенімізді, франциялық жоғары оқу орындары басшыларымен әріптестік туралы бірнеше келісімшарттарға қол қойғанымызды, Түлектер форумын және Салтанатты мәжіліс өткізгенімізді және бұл іс-шараларға шетелдерден 200-ге жуық ғалымдар, 70-ке тарта жоғары оқу орындарының басшылары қатысқанын атап өттім. Сонымен бірге Елбасының қазан айындағы Жолдауына байланысты алдағы жылдары қабылданатын «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын жасап, Білім және ғылым министрлігіне тапсырғанымызды, жалпы, Жолдау бойынша тиісті іс-шаралар жоспарын бекітіп, жұмыс істеп жатқанымызды жеткіздім. Елбасының бәсекелестікке қабілетті университеттер қатары көбейіп тұрған қазіргі таңда оларды қалай басып озасыңдар деген сұрағы да көңілге терең ой салды. Осыған байланысты мен университеттің стратегиялық жоспары бойынша 2025 жылға қарай Еуразиялық одаққа мүше елдердің 45 жоғары педагогикалық оқу орындары арасында көшбасшылыққа талпынып отырғанымызды, QS World University Rankings әлемдік рейтингінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша 481 орынды иеленіп отырсақ, 2025 жылға қарай 450 орынға тұрақтауды мақсат етіп отырғанымызды айттым. 

Мемлекет басшысы әлемдік үздік университеттермен байланысымыз, Сорбонна-Қазақстан институтының жайы туралы сұрады. Мен бүгінде Абай атындағы ҚазҰПУ жаһанның 27 мемлекетінің 150-ден астам беделді университеттерімен байланыс жасап отырғанын, халықаралық қатынастар саласындағы әріптестіктің аясы жыл сайын кеңейіп келе жатқанын Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Франция Президенті Франсуа Олландтың қолдауымен Абай университеті базасында ашылған Сорбонна-Қазақстан институтын бүгінге дейін 77  магистрант бітіріп, олар Франция мен Қазақстанның екі бірдей дипломын алып шыққанын,  бүгінде бұл оқу орнының әлеуеті артып келе жатқанын, онда жұмыс істейтін оқытушылардың көпшілігі Париж Сорбоннасы университетінің профессорлары екенін Елбасының қаперіне салдым.

Өз кезегінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында оқыту және ағарту қызметі мен студент жастардың жағдайын жақсарту мәселелеріне баса мән берілгенін айтты.  «Педагог мәртебесін арттыру – маңызды міндеттердің бірі. Осы міндетті жүзеге асыру барысында университеттеріңіз алдыңғы шепте болуға тиіс. Бұл мәселені жан-жақты пысықтау қажет», деді Мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар Президент университеттің қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сай болуы керек екенін қадап айтты.  «Әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарымен ынтымақтасып, байланыс орнатқан жөн. Тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс істеу қажет. Сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастырудың маңызы зор. Сіз басқаратын университет педагогикалық білім беретін басты оқу орны болуға тиіс», деген Н.Ә.Назарбаев психолог мамандарын көптеп дайындауды, мұғалім дайындаудың сапасын арттыруды, оқу бағдарламасын жаңартуды, педагогикалық ғылымды дамытуды, келесі жылы өткізілетін «Жастар жылына» байланысты жастар саясатын жан-жақты жүргізуді тапсырды. Сонымен бірге университет түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесімен тиянақты айналысуды, латын графикасын енгізуге байланысты оқу-әдістемелік құралдар даярлауды жеделдетуді ұсынды. Осы кездесуде Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің бес әлеуметтік бастамасына байланысты студенттер жатақханасын салудың жайын сұрады. «Биыл жер телімін алып дайындалып отырмыз, студенттер жатақханасының құрылысын келер жылы бастаймыз» деп едім, ол кісі ризашылығын білдірді. Тіпті «Сіздерге қандай көмек керек?» деп әкелік қамқорлығын да білдіріп жатты. Ал университет ұжымына алғыс айтып, қайта-қайта сәлем жолдауының өзі  Елбасының қарапайымдылығы мен зор адамгершілігінің белгісі. 

...