0 дауыс
1.3k көрілді
Композициялық талдау

1.Оқиғаның басталуы:

2.Оқиғаның дамуы:

3.Оқиғаның шиеленісуі:

4.Оқиғаның шарықтау шегі:

5.Оқиғаның шешімі:

1 жауап

0 дауыс

Өткеннің бәрі – біздің өмірбаянымыз. Біз – болашақтың өмірбаянымыз. Өмірбаянда белгілі бір оқиға өсірілмей не өшірілмей, жағымды да, жағымсызы да толық көрініс тапса, ол соғұрлым қымбат, бүгінгі ұрпақ үшін оның берері өлшеусіз. «Соғыс және бейбітшілік» тетралогиясы, «Хаджи-Мұрат» повесі – соған айғақ, «Аласапыран» романында да осындай сууреткерлік жауапкершілік байқалады. 

Роман-дилогияның бірінші кітабында Созақтағы кеңесте Тәуекел ханның сайлау рәсімі мен хан шешімі бойынша он алты жасар Ораз-Мұхаммедтің Қадырғалидың қызы Ай-Шешек-бегімге үйленуі, Қазақ халқының жайлауға көшу кезіндегі жалпы жағдайы, жер дауы, аңшылық, саятшылықтағы Ораз-Мұхаммедтің жастық жалыны, осы жастық, албырттығының кесірінен орыстың қолына тұтқындалып, мұнарасы биік Мәскеуге аттанысынан шежіре шертіліп, Ораз-Мұхамедтің Ресейде де өз халқының қасиетін жоғары бағалатып, орыс-қазақ қатынастары және екі ел достастығының тарихындағы үлкен рөл атқарғаны, өз елінен сырт жүріп, айналасындағы ет жақын туыстары – анасы, әйел-баласынан айрылып күйреуі, бірақ Федор патша қайтыс болып, орнына Борис Годуновтың отыруы және сол кездегі оны Хан Керменге хан сайлануы, қазақтардың Абдолла ханмен ұрыстағы жеңісі оны қайта түлетіп, қажырына келтіріп жаңғыртады. 

Ал шығарманың екінші кітабында Хан Керменге аттанған Ораз-Мұхаммед ата салты бойынша ақ киізге отырып хан сайлануына, Хан Кермен воеводасы Ерофей Глуховпен теке тіресіне, Есеней бектің жаулық әрекетіне, осы жұрттың ең басты төрт ұрығы – Шәш пен Есенейдің, Саманай мен Төбейдің қыздарынан, қарындас-туыстарынан қалыңдық алуы, әпкесін, жиені – Мұрат-Мұхаммедті көшіріп әкелуі, Көшім ханның әулет-жұрағатына пана болуы, қалтқысыз сенімді досы Жаһаншамен пікірлесуі, оның қайтыс болуы, Борис Годуновтың қабылдауында болуы, оның Ораз-Мұхаммедті өзімсініп ішкі сырын айтуы, қысқасы Ораз-Мұхаммедтің Хан Кермендегі тіршілігіне арналады. Шығарма аяғы жазушының эпилог есепті өз ойы берілуімен бітеді. 

Алпыс айламен таққа жеткен, төңірегіндегілерді құлша табындыра келіп, өзімшілдігі асқынған Годуновтың трагедиясын «Аласапыран» дилогиясында Ораз-Мұхаммед монологімен жазушы сәтті жеткізеді. Бағыныштыларына құрыш болат секілді көрінетін Барыс патша Н.Карамзин жазған тарихта ондай деңгейде көрінбейді. «Аласапыранның» құндылығы сол – ол жаттанды философиялықтан аулақ. Жазушы бас кейіпкерін Б.Годунов саясатын мейлінше құптайтын, кезі келсе, оған жанын беруге әзір, адал қызметші ретінде бейнелейді. Патша үкіметінің көршілес бұратана жұртты колониясына айалдырудағы жымысқы, зымиян саясатын жазушы ерекше шеберлікпен суреттеген. Роман тоқырау кезеңінде жазылса да, қаламгер әділеттің ала жібін аттамай, тарих туралы ақиқат пен айнымас шындықты бұрмаламаған. Сондай-ақ, сол дәуірдегі Ресей патшалығының ішкі және сыртқы саясаты, таяу уақытта Шығыс Еуропа мен жарты Азияның қожасына айналғысы келген өлермендігі шығармада дәлелді түрде түсіндіріледі. 

Бүгінгі күн немесе бүгінгі заман шындығы бұдан жүздеген, мыңдаған жылдар бұрынғы өткен тарихты қажетсінеді. Осы ретте «Аласапыран» - төл тарихымыздың, мәдени дамуымыздың көшін жалғастырған тарихи туынды. Шығарма арқылы оқырман сонау өткен заман туралы шындықты, қазақ ұлтының арман-мұратын тани отырып, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімдерін қалыптастырады. Осы тарихи романдар арқылы жеке тұлғаны Отанын, туған жерін құрметтеп, дара тұтатын азамат етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/27721/

Ұқсас сұрақтар

...