0 дауыс
461 көрілді
1. Мамыр айының аяғында соғатын суық желдің "Құралайдың салқыны" деп атауының себебі

2. Мәтіннен табиғаттағы қандай үйлесімділіктерді байқадың

3. Киікті неліктен "Киелі жануар" дейтін себебін түсіндіріп беріңіздер?

4. Табиғаттың киіктерге көмектесуін өзінің қалай түсіндірер едіңіз?

5. Адамдар ортасында да осындай өзара көмек пен үйлесімділік болса, өмір қандай болар еді
100-104 беттегі оқулық

1 жауап

0 дауыс

Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Қазақ елінің ұшы-қиырсыз даласындағы киіктің саны … 1 миллион 20 мыңнан асып жығылыпты!..

Ал 2003 жылы сол далада, киікті киелі санап келген қазақтың атақонысында небәрі … 21 мыңдай ғана киік қалған…

Қорқынышты, қасіретті көрсеткіш бұл. Әрине, түсінгенге, ұққанға.

Қиындықты өз қолымен жасап алып, соңынан — болары болып, бояуы сіңгесін! — өкінетін, өкінгенситін қоғамға не дауа: сол тұстары биліктің кенеттен есі кіргендей болды — құзырлы мекемелер, қоғамшыл кісілер дабыл қаға бастады. Нәтиже?

Нәтиже, әрине, шүкіршілік етердей ғана — Қазақстандағы киік саны, білушілердің айтуынша, 102 мың басқа жетіп жығылыпты. Қытай мен Түрікменстанда киік мүлде жойылыпты да, 5 мыңдайы Қазақстан мен Өзбекстан аралығында көшіп жүреді-міс. Он мыңдайы Қалмақияның қорықтарында, 3,5 мыңы Моңғолияда көрінеді.

«… Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,

Мың-мыңдап баяғыда жүреді екен…» — депті кезінде Сәкен Сейфуллин. Демек, сол тұста да азайғаны ғой. Бірақ дәл қазіргідей емес шығар?!..

Киігіңіздің өзі оралдық, бетпақдалалық және үстірттік болып үшке бөлінеді екен. Оны зерттеушілер біледі. Анығы — киік саны әлі де қауіпті деңгейде тұрғандығы. Данышпан ғалымдар айтса, киіктің азаюы тек Қазақстанның, оның ұлы даласының ғана емес, әлемнің проблемасына айналып отыр: жан-жануардың әр алуан түрлері біріндеп құри берсе, адамзаттың да жүрімі тарылатыны рас. Бірақ, киік алдымен бізге, біздің сарышұнағы да азайып, құла түзге айналып бара жатқан Даламызға керек. Демек, бұл да қазақы проблема. Әсіресе, Ақтөбе облысы үшін проблема. Себебі?

Қамқорлық жеткілікті болса…

Себебі, еліміздегі 102 мың киіктің 70 мыңдайы Ырғыз, Әйтеке би аудандарында, 4,5 мыңы (үстірттік түрі) Шалқар, Байғанин аудандарында мекендейді. Үкімет тарапынан киіктің сақталып қалуына, көбеюіне шаралар ұйымдастырылып-ақ жатыр.

— Біздің өлкені негізінен бетпақдала киіктері мекендейді.  Оларды өзіміз бақылап, қорғауға алғалы едәуір өсім бар. Ал үстірттік киіктер көрші Өзбекстан еліне көшіп жүретіндіктен, бақылаусыз қалады. Өспеуінің себебі де сондықтан. Соңғы жылдары киіктерді қорғаумен айналысатын үлкен мекемелер құрылды. 2007 жылы «Ырғыз-Торғай» табиғи резерваты жұмысын бастаса, жақында құрылған «Жануарлар әлемін қорғау» өндірістік бірлестігі  киіктердің мекендейтін жерлерін қадағалайды. Жыл сайын күз айларында әуеде ұшып жүріп киіктер санағын өткіземіз. Биылғы санақ бойынша,  Ырғыз, Әйтеке би аудандарындағы бетпақдала киіктерінің саны 74 мыңға жетіп отыр, — дейді облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторы Бекболат Жапаров.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің арнайы бұйрығымен 2011 жылдың қаңтарына дейін киіктерді атуға қатаң тыйым салынған болатын. Жақында бұл бұйрықтың мерзімі ұзартылып, тыйым салу уақыты 2020 жылдың 30 қаңтарына дейін созылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Қайырбек Мұсабаев «Ырғыз-Торғай» табиғи резерваты ғимаратының ашылу салтанатына келген сапарында киіктер санының аз болса да өсіп келе жатқандығын айтты.

— Киіктер саны баяу болса да бірқалыпты өсіп келеді.  Бөкендердің бетпақдала түрінің саны 2007 жылы  22,8 мың болса, 2011 жылы 78 мыңға дейін көбейді. Біз қысқа мерзімде жақсы нәтижелерге жеттік деуге болады. Бұл — «Ырғыз-Торғай» табиғи резерваты қызметкерлері еңбегінің нәтижесі. Резерват киіктердің мекендеу және қоныс аудару жолдарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында тиімді жұмыс атқарып келеді. Резерваттың аумағын кеңейтіп, жаңа, «Алтын Дала» резерватын құру жоспарланып отыр, — дейді ол.

Ырғыздағы табиғи қорықтың аумағы 400 мың гектарға көбейіп,  Қостанайдан жаңа резерват ашылғанда киіктерді қорғап, санын көбейте түсуге мүмкіндік туындайды. Демек, даланың киелі еркесі, сәні — киіктердің қайта көбеюіне деген үміт бар.

Бөкендердің жауы — браконьерлер

Киелі жануарларға мылтық кезейтіндер әлі де азаяр емес. Облыстық ішкі істер департаменті табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция бөлімінің мәліметтері бойынша, биылғы тоғыз айда 5 экологиялық қылмыс анықталып, оның үшеуі сотқа жолданған. Жалпы заңға қайшы 2795 дерек тіркелсе, оның 1280-іне  3 миллион 806 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Аталмыш бөлімнің бастығы Берік Бисекеновтің айтуынша, жыл басынан бері балық аулауға қатысты 26 дерек, жануарларға залал келтірген 28 оқиға (5 заңсыз аң аулау), жасыл желектерді заңсыз кескен 9 дерек және басқа да заң бұзушылықтарға қатысты 2732 факті тіркеліпті.

Жуырда ғана Шалқар ауданының Ащыбұлақ мекенінде заңсыз аңшылық жасап жүрген «Мицубиси Паджеро» автокөлігі ұсталған. Көлікте  уақытша Алматы қаласында тұрып жатқан 48 жастағы Сирия Республикасының азаматы  және  Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Байсейіт ауылының 21 жастағы азаматы қолға түскен. Оларды тексеру барысында 190 құс қамайтын тор, 1 лашын, 12 жабайы көгершін және 13 құстың томағасы тәркіленіпті.  Шет жақтан қанжығаларын майлауға келгендер бөкендерді қолға түсіріп үлгермепті.

Жалпы мемлекетке келтірілген  шығын көлемі 1 миллион 150 мың теңге болған. Қазіргі таңда осы дерек бойынша  қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.

— Бүгінде браконьерлер әбден әккіленіп, қуланып алған. Арам пиғылды ойларын жүзеге асыру үшін күнілгері жоспар құрып,  жан-жақты сайланып шығады. Соңғы үлгідегі техникалармен, құрал-жабдықтармен, шетелдік жүрдек көліктермен  қаруланған олар оңайлықпен ұстата қоймайды. Браконьерлікпен күрестің қиындығы да осында болып отыр. Жалпы биыл  табиғатқа шығын келтірген 2000-нан астам адам белгілі болды, — дейді  Берік Бисекенов.

Облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының деректері бойынша жыл басынан бері Әйтеке би және Ырғыз аудандарында заңсыз киік атумен айналысқан 7 оқиға тіркелген. Заңсыз киік атқандарға айыппұл салынып, қылмыстық жазаға тартылады. Киіктің бір текесі үшін 200 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК — 1512 теңге) көлемінде, ал, аналығы мен лағы үшін  150 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Оған қоса соттың шығаратын үкімі тағы бар.

—  Браконьерлерге қарсы жазаны күшейтпесе, нәтижеге жету қиын. Қазіргі заң баптарында жұмсақтық басым. Атап айтқанда, Қылмыстық Кодекс бабында браконьердің мүлкі тәркіленсін немесе тәркіленбесін деген тармақ бар. Және бас бостандығынан шартты түрде ғана айыру қаралған. Шартты түрде болғандықтан, ол адам киік атуды жалғастыра береді. Ал түрмеге отырғызатын болса, браконьерлер ығар еді,  — дейді облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторы Бекболат Жапаров.

Мүйіз қанша тұрады?

Браконьерлердің киікті мүйізі үшін аулайтыны белгілі. Олар көбінесе мүйізі шаңырақтай киік текесін нысанаға алады. Даланы қызыл қанға бояған қатыгездер көбіне киіктің басын ғана кесіп алып, денесін лақтырып кетеді. Бейресми деректерге жүгінсек, аңшылар киік мүйізін 35-40 мың теңгеге сатады. Алматыда бұл одан да жоғары бағаланады екен. Онда мүйіздің келісі 200 мың теңгеден асып жығылса, Қытайда 4 мың доллардың төңірегінде. Қытайда дәстүрлі медицина үшін киіктің мүйізіне дәрілік шикізат ретінде сұраныс мықты. Қытай медицина индустриясының мүйізге деген сұранысы жыл сайын 8 тоннаға дейін барады екен. Қазір көрші мемлекеттегі жинақталған қор 80 тонна көрінеді. Қаскөй браконьерлердің бөкендерді не үшін баудай түсіретінін осыдан-ақ бағамдай беріңіз. Ақшаға құныққандар киіктің киесін ойлап жатқан жоқ.

«Киіктің мүйізін сатып аламыз» деген хабарландырулар қала көшелеріндегі аялдамалар мен бағаналарда әлі күнге дейін жапсырулы тұр. Мүйіз, әрине, киіктің текесінде ғана. Демек, сол мүйіз үшін киіктің тұқымы құрып барады.

Тағы бір кесел

Өткен жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында киіктердің жаппай қырылу жағдайлары орын алды. Өлген киіктер саны 12 мыңнан асты. Ал биыл 500-ге жуық киік қырылыпты. Өлген киіктердің 90 пайызы — олардың аналықтары мен лақтары. Осыған байланысты құзырлы органдар мен мекеме өкілдері киіктер өлген аймақтарды зерттеп-зерделей келе жануарлар пастереллез ауруынан өлген деген байламға келген болатын. Алайда киелі жануардың өлімінің нақты себебі бұл болмай шықты. Отандық және халықаралық ұйымдардың сарапшы-мамандарымен бірігіп, киіктердің өлімінің себебін зерттеген мамандар жануарлар пастереллезбен қоса шүйгін шөпті шектен тыс көп жегендіктен іші кеуіп, буынып өлді деген байлам жасап отыр. Мұның анық-қанығын мамандар біледі-ақ шығар, бірақ бұрындары әлі қазіргідей аза қоймаған далада жайылған киік неғып күпті болмаған?

…Киік — даланың киесі, символы. Даланың өзі азып бара жатқан жоқ па?

...