0 дауыс
757 көрілді
Мұхтар Шаханов "Жаңа қазақтары" өлеңінің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерінде не айтқысы келді?

1 жауап

0 дауыс

Мұхтар Шаханов "Жаңа қазақтары" өлеңі

Жаңа қазақ, шала қазақ жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың.
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр,
Жүрегінде сезім емес, қорғасын,
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға,
һәм сатуға мүмкіңдігі болғасын.
Сенде қазір думан дәурен, масат күн,
Өзінді-өзің бар жауаптан босаттың,
Рухани байлыққа да тас аттың.
Аудандағы жалғыз кітап дүкенін
Сатып алып, сырахана жасаттың.
Тез ашылып саудагерлік дарының,
Таудан, тастан қайтпастай ер арының,
Саудаладың Алматының жарымын.
Ұлағатты ұлы қазақ елінде
Сатылмайтын нәрселер де бар, інім.
Жалғыз саған борыштыдай бар талык,
Топ ішінде ісіп-келдің , нарландың,
Желтоқсанда құрық түсіп арманға,.
Жас буынның өзегін өрт шалғанда,
Үнсіздігі айналып зор қорғанға,
Дәл бүгінгі батырлардың көбісі
Столына жасырынып қалғанда,
Найзағайлар жарқ-жұрқ ойнап аспанда,
Ұлтымызға ызғарлы үрей шашқанда,
Қыздарымыз қайсар мінез ашқанда,
Кей еркектер құдай қара басқанда
Ұқсағанда піштірілген қошқарға,
Қонаевтың жақсылығын көргендер
Қонаевты жалғыз тастап қашқанда
Сахаровқа іні болып табысып,
Горбачевпен, Крючковпен қағысып,
Талай залым алпауытпен алысып,
Біз тіккенбіз басымызды бәйгеге
Бар қазақтың ар-намысын ап ұшып.
Ұлтымыздың әр мұңының басында,
Салт пен сана, тіл мен дәстүр қасында,
Арал зары шапқан кезде насырға,
Қорғаушы боп тағы да біз жүргенбіз
Мейірім қосып мейірімсіздеу ғасырға.
Кейкиесің қол беруге арланып
Дегенмен біз сені туған ұлттың
Сатылмайтын қасиеттерін қорладық.
Көз көп қазір сыртымыздан сын айтар
Бәйтеректі мазақтаса құмай тал,
Ерден бұрын ел сенімін мұңайтар.
Бірақ бізге өз ұлтыңды өзгеден
Кем сүйесін деп, қанекей, кім айтар?
Асау даусы әр қиырдан естілген
Ағаң бізбіз ерте есейіп, кеш күлген.
Аман қалған талай қарлы көшкіннен.
Уақыт артқан абырой мен беделі
Сұрап, сатып алынбаған ешкімнен.
Тамырсыз жан жұрт мұңына саңырау
Деген пікір рас па еді, тәңір-ау?
Неге болдық рухсызға қоңырау?
Қандай қорлық, ағыл-тегіл дәулеттен
Дәулеттінің жан байлығын танымау.
Дәстүріміз тұрса екен деп күшінде,
Егемен ел болуды аңсап түсінде,
Ұлы арманы запыран боп ішінде,
Сан ғасырлық ұлтымыздың шайқасы
Сендейлерді тайраңдату үшін бе?
Мұндай бақты көрдің бе екен түсінде,
Бүгін жұртты менсінбеген пішінде,
ИІыға келдің айналып тас мүсінге.
Біздің қилы күресіміз кешегі
Сені атқа отырғызу үшін бе?
Біздің дәуір нарықтан кеп табылды
Бірақ, нарық жүрмей жатып жаңылды.
Нақ сол тұста сынап қалдың бағынды.
Қоғам мүлкін зандастыра жымқырып
Іс бастап ең, байлық сел боп ағылды.
Рухынан артық қойған қарынды
Шын безбүйрек болып шықтың алымды.
Нәтижеде жұрт қалтасы қағылды.
Ал әйтпесе мына үйлер, зауыттар
Қайдан тапқан дәулетіңе алынды?
"Бөлінсе де сана төртке, ми үшке,
Нарық заңы солай, жөнсіз тиіспе!" -
Дейді біреу шығып алып мүйіске.
Сонда қалай, кедейленіп бар халық,
Жүз-ақ адам бай болуға тиіс пе?
Жүз бай шырқап, миллион кедей аһ ұрған,
Пайда тым аз жүз бай еккен дақылдан.
Кім бар жұртты тең баюға шақырған?
Фарабиден "мықты ел кім?" - деп сұраса,
"Қайыршысы жоқ ел," - депті ақылман.
Сорласа жұрт рухсыздан сорлайды.
Қырандардан биік қойсақ торғайды,
Отанды кім торғайлардан қорғайды?
Рухсыздың, қайырсыздың баюы,
Бәлкім, ертең ұлтымызға зор қайғы.
Жинасаң да әлемнің бар алтынын,
Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн.
Адамдығың көрсетпесе жарқылын,
Ешкім рух байлығынан бөлініп,
Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным!

Жауап:

Мұқтар Шаханов 

Жаңа қазақ, шала қазақ жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да жасыдым -деп бастаған өлеңін, биліктегі азаматтарға арнау ретінде жазған. Ол қолына билік тиген қара басын ойлаған биліктегілердің істеген іс - әрекеттерін өлеңнің негізгі бөлімінде баядаған. 

 Сан ғасырлық ұлтымыздың шайқасы,

Сендейлерді тайраңдату үшін бе?-деп биліктегі азаматтың шектен шыққан істеріне күйіне жазған. Қолыңдағы билік ел ахуалын көтеру үшін берілгенін, оны тек өз пайдасына жаратып елді тонауын тоқтатуы керектігін ескерткен.

Сорласа жұрт рухсыздан сорлайды.
Қырандардан биік қойсақ торғайды,
Отанды кім торғайлардан қорғайды?
Рухсыздың, қайырсыздың баюы,
Бәлкім, ертең ұлтымызға зор қайғы.
Жинасаң да әлемнің бар алтынын,
Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн.
Адамдығың көрсетпесе жарқылын,
Ешкім рух байлығынан бөлініп,
Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным! -деген жолдармен өлеңін аяқтаған екен. Қолыңдағы билігің мен қулығыңды паайдаланып қанша байлық жиғаныңмен, ол сені шын бақытқа жеткізбейді дегісі келген. 

...