0 дауыс
2.6k көрілді

Мұхтар Шахановтың өлеңдерін тауып бере аласыздар ма?

4 жауап

0 дауыс

МҰХТАР ШАХАНОВИЫҢ Өлеңдері мен балладалар тізімі

"Эверестке шығу'
'Ғашықтық ғаламаты'
'Еркектер жыры'
'Әйелдер'
'Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме'
"Арман"
'Шың басындағы оқиға'
'Алтын, күміс және қалайы'
'Жайықпен жүздескенде'
"Байқаймысың"
'Жалын'
'Жанерке'
Достық өлкесінің заңы
'Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап'
'Өзендер'

Міне осыларды яндекс немесе гуглге жазып тауып ал

0 дауыс

«Өлең құрау – ақындықтың көп қырының бір түрі.
Тек сол үшін оны ардақтау, жөнсіздеу һәм күлкілі.
Дәуірі мен билігіне саналғанмен алымды,
Ұлтын сатқан ақындар бар, бірақ жыры дарынды…
Ерлігі жоқ, елдігі жоқ, аузы ғана белсенер,
Сөзден ісі алшақ жатса, оған қалай ел сенер?
Неге бүгін ұлт мүддесі науқас жандай теңселер?..
Мұндай шақта ақындық күш тек шындықпен өлшенер.

Нағыз ақын әр кезеңде өзін қағып үлестен,
Ұлттық рухи мүдде шыңы – шындық үшін күрескен.
Шындық кәусар ақындыққа болу керек асыл ән,
Шындықты айтып ер Махамбет айырылған басынан.
«Ақындар аз сын сағатта сөзден ісі зорайған»,
Десектағы «Абай қашан жол іздепті оңайдан?»
Ел, ұлт жайлы сырларымен,
Жыры биік тұрғанымен,
Ісі үшін мен Махамбетті биік қоям Абайдан!
Бұл адамдық ұстанымым қалыптасқан талайдан.

Кім таныса Махамбетті шындығынан танысын.
Халқын мұңға қалдырғанмен,
Сатқынға бас алдырғанмен,
Еңкейтпестен сақтай білді ол ұлтының өр намысын.
Жұрт сондықтан пір тұтады Махамбеттей арысын!..
………………………………….
Күрес әлі жүріп жатыр шындық үшін, ар үшін…

Шындығы жоқ пенделерді басар уақыт көшкіні.
Даңққа мойын созғанымен,
Том-том өлең жазғанымен,
Шындығы өлген ақындардың ақын емес ешбірі!
Шындығы өлген мінезсіздік болмақ кімнің мақтаны?
Қазір барлық салаларды мінезсіздер қаптады.
Басшыларға жағымпаздық бұл кезеңде дара күш,
Содан ақынсымақтардың көбі «туфли жалағыш».

Шыншыл ақын болу деген – азаптың ең азабы,
Сол азапқа төзе білу – ғажаптың ең ғажабы.

Соңғы он жылда өз тілімде, ой-санамда жаңғырар,
Бір жақсы өлең оқымаппын өзімді таң қалдырар.
Қаншама жыр жаңалықсыз, түйсігі жоқ, алды бар,
Сөз тіркесі негізінде тек ұйқасы сән құрар.
Ақындық күш – айтылмаған ой-сезімдер жиыны,
Ол биіктен бой көрсету – қиынның ең қиыны!

Басты мақсат – өз халқыңның сан ғасырлық ағысын,
Жеңісі мен жеңілісін, тілін, рухын, намысын,
Жүрегіңнің санасынан, елегінен өткізу,
Және оның қасіретін,
Ұлтқа, тілге бас иетін,
Қалың елге жырмен, іспен, мінезіңмен жеткізу.
Жеткізе алмай дірілдесең… ол – шошыну, тосылу,
Үркектердің, қорқақтардың қатарына қосылу.
Ондайлардың маңдайына мәңгілікке сор қатқан,
Ешқашанда шыншыл ақын шыққан емес қорқақтан!

Ал біз болсақ тілді қорғап, рухты қолдап отандық,
Тілден қашқан құлықсызға,
Космополит ұлтсызға,
Елден ерек «әсіре ұлтшыл», «халық жауы» атандық.

Ақынға егер рухына сай күрескерлік қонбаса,
Одан үлкен өріс күту, жеңіс күту далбаса!»

0 дауыс
Адеби алем деп яндекстен изде,сол кездеги ен алгашкы сайтка кирип издесен Шахананов атамыздын барлык туындысы шыгады.
0 дауыс

рахмет барлығыңызға

...