0 дауыс
9.4k көрілді
Қызылорда облысында қызыл кітапқа енген өсімдіктер

1 жауап

0 дауыс

Облыс аумағында кейбір әдебиеттерде өсімдіктің 756 жуығы кездеседі десе, ал кейбір әдебиеттерде 819 деп келтіреді. Оның 50 ден астамы дәрілік қасиеті бар, 12 түрі Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген (1981 ж.), және 9 түрі қорғауға алынған. Әсіресе сирек және құрып кету қаупі бар Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер ерекше қорғауды қажет етеді.

Сыр өңірінен сирек және құрып кету қаупі бар өсімдіктер қатарына 17 түрі енгізілген: қоңыр жүзгін (Callіgonum treste lіtu), қарапышақ (Emіnіum Lehmannhіі Cіralіaceac), Борщов қызғалдағы (Tupіla borszowіі Regel (Lіlіaceae)), бүршікті альдрованда (Aldrovanda vesіculosa L.), хива сораңы (Salsola chіwensіs), қаражемісті итжүзім (Bryonіa melanocarpa Nabіev), тораңғыл (Populus pruіnosa Schrenk), Корольков қызғалдағы (Tulіpa Korolkowіі Regel), аласа мерендера (Merendera robusta Bunge), соғды қызғалдағы (Tulіpa Sogdіana Regel), кіші наяда (Najas mіnat all), спираль валшенерия (Vallіsnerіa spіralus L.), шығыс акантолеписі (Eschіnops acontholіpіs), түкбас жолжелкен (Schіschіnіa), шай жапырақ (Centaurea nіtіda).

Қорғауды қажет ететін өсімдіктер: каспий жуасы, бүзе қызғалдағы, леман қызғалдағы, сары резеда . Бұл өсімдіктердің кейбіреуі қорықшалардың аумағында. Бірақ қорғалымдар олардың қатаң қорғалуын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енген Қызылорда облысындағы бірде-бір өсімдік өз дәрежесінде қорғалмайды деген сөз.

...