0 дауыс
3.1k көрілді
Екі апта болды ішім өтіп жүр таңертең сосын кешке бірнеше дәрілерді іштім болмады

1 жауап

0 дауыс

Диарея  – іштің өтуі немесе тәулігіне үш реттен артық сұйық нәжіс ретінде пайда болатын синдром. Көп жағдайда іш ауруы, жоғары дене қызуы, құсу сияқты симптомдармен бірге пайда болады. Диарея кезінде ағза қатты құрғайды, сол себепті бұл ауру балалар және егде жастағы адамдар үшін қауіпті. Дер кезінде емдеу шарт.

Диареның түрлері:

Медицина диареяны екі түрге бөледі: өткір және созылмады. Екеуінің айырмасы аурудың ұзақтығында ғана, симптомдары ұқсас.

Өткір диарея:

Диареяның бұл түрінің ұзақтысы 1-14 тәулікті құрайды. Себептері әртүрлі болуы мүмкін: дәрі-дәрмекке деген реакция, астан улану, сонымен қатар әртүрлі инфекциялар (вирустар, бактериялар).

Созылмалы диарея:

Созымалы диарея ұзақ уақытқа созылады, кей-кейде асқынып тұрады. Бұл түрі ағзаны әлсіретіп, құрғақтыққа алып келеді. Және де бұл түрі жасырылған басқа аурудың симптомы болуы мүмкін.

Симптомдары:

  • Іштің ауырсынуы
  • Іштің кебуі( метеоризм)
  • Жүрек айну және құсу
  • Жоғары дене қызуы
  • Бас ауруы
  • Түршігу
  • Қан аралас нәжіс

Дереу дәрігерге қаралу керек жағдайлар:

-Егер сәбиде диарея 2 тәуліктен артық, ал егде жастағы адамда 5 тәуліктен артық созылса:

-Дененің қызуының жоғары болуы

-Қою түсті нәжіс, қан аралас

-Құсу және жүрек айну

-Диарея Африка, Азия және т.б. экзотикалық елдерге барғаннан соң басталса;

-Азғаның құрғауы сезілгенде

Себептері

Өткір диареяның себептері:

  • Сапасыз суды пайдалану
  • Тағамдарға аллергия
  • Бұрын жемеген тағамдарды пайдаланғанда (мысалы, экзотикалық тағамдар)
  • Дәрі-дәрмектерге аллергия( әсіресе антибиотиктерге, NSAIDs дәрілеріне және антидеприсанттарға)
  • Ішек инфекциялары (вирусты, бактериалды, паразитті)
  • стресс

Созылмалы диареның себептері:

  • ішектің тітіркену синдромы
  • ойық жара колиті
  • Крон ауруы
  • тік ішек рагы
  • сіңірудің бұзылуы

Диагностика:

-қан талдауы

-рентгенді тексеру

-эндоскопия

-биопсия

-сутекті тыныс алу тесті

-қандағы гормондардың деңгейін тексеру

-нәжіс талдауы

Емдеу:

Көп жағдайда 2 тәуліктің ішінде диарея қайтады. Сол екі тәуліктің ішінде дұрыс тамақтанып, ағзаны құрғатып алмау керек.

Егер диарея ұзаққа созылса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

Диареның негізгі ем-домы мыналар:

-Диета ұстау;

-Ағзадағы су балансын ұстау;

-Үй жағдайында дәрі-ләрмекпен емделу;

-Ауруханада емделу (егер де ауру созылса немесе басқа да күдіктер болса);

Диарея кезіндегі диета:

-Диарея кезінде көп су пайдалану.

-Егер де тамаққа тәбетіңіз тартпаса, ішіңіз ауырса тамақтанудан бас тарта тұрған жөн.

-Асты аз-аздан ішу.

-Егер еметін бала диареямен ауырса оны емізуді жалғастыра беру. Егер қолдан тамақтанатын болса, сиыр сүтіп сумен алмастырған дұрыс.

Іш өткенде мына тағамдардан бас тарту қажет:

  • Майлы және қуырылған тамақ
  • Кофе
  • Алкоголь
  • Сүт және сүт өнімдері
  • Жемістен жасалған шырындар (алмадан басқасы)
  • Жеміс-жидектер және көкөністер
  • Тәттілер
  • Әртүрлі соустар, кетчуп, майонез және т.б.
  • Қара нан

Диареяда жеу керек тамақтар:

  • Қайнатылған күріш, сұлы және тағы басқа дақылдар
  • Ақ наннан жасалған қатқаннандар
  • Картоп және тағы басқа қайнатылған көкөністер
  • Майсыз еттер
  • Алма пюресі
  • банан

.

Дәрі-дәрмектер:

Дәрі-дәрмекті дәрігердің қабылдауында болған соң мұқият анықтама бойынша қолдану керек.

Диареяға қарсы дәрілер тобы: «Энтерол», «Эубикор», «Мезим Форте», «Смекта», «Энтеросгель», «Имодиум», «Хилак Форте», «Лоперамид Акри», «Панзинорм Форте», «Лопедиум», «Регидрон», «Полисорб МП», «Линекс», «Полифепан», «Диосмектит», «Коапектат», «Энтеросорб».

Ағзаның құрғанып кетуіне қарсы дәрілер: «Регидрон», «Гидровит».

Ішек антисептиктері: Нифуроксазид («Энтерофурил», «Эрсефурил», «Стопдиар»), Рифаксимин («Альфа нормикс»), «Интетрикс».

Инфекциялы диареяда: «Галавит»

Колитте іш өтуді суыққа қарсы дәрілермен емдейді.

Диарея кезінде антибиотикті тек дәрігер тағайындайды, және де ол диареяның инфекциядан пайда болғаны анықталған жағдайда беріледі.

Профилактика

Іш өтуді болдырмау үшін келесі ережелерді ұстау керек:

  • қолды жуу. Әсіресе сырттан келгенде, ақша ұстағанда және т.б. қолды жылы сумен сабындап жуу керек
  • көкөністер мен жемістерді жеу алдын оларды жақсылап жуу керек
  • Пастерленбеген сүт іш өтуді және басқа да асқазан-ішек жолдарының ауруын тудырады
  • Жарамдылық мерзімі өткен азық-түліктерді пайдаланбау
  • Етті тамаққа пайдаланар алдын ыстықтық өңдеуден өткен болуы керек
  • Асханада барлық жерлер мен ыдыс-аяқтар таза болуы керек
  • Астарды жылы жерде ұзақ сақтамау керек
  • Қайнатылмаған, тазартылмаған суды пайдаланбау керек

Одан өзге назарларыңызға іш өткенде дәрі іздемей-ақ үй жағдайында емделудің жолдарын ұсынамыз. 

1. Асқазан тамақты дұрыс қорыта алмай, іш өткен жағдайда мына емді қолданып көріңіз. Қойдың сүйегін өртеп, күлін ұнтақтаңыз. Қайнаған сумен күніне 3 рет шамамен 12 грам ішіңіз.

 2. Қою қара шайға бал қосып ішу керек. 

3. Бір кесе күрішті тұзсыз суға қайнатып бұқтырады. Күніне бір мезгіл жеу керек. Емделу мерзімі 3-5 күн.

 4. Іш тоқтамай өткен кезде еменнің қабығын талқандап, бір кесе қайнаған суға салып, оған 1 шай қасық тұз қосып бір сағаттай демдеу керек. Дәрі дайын. Осы дәріні әр 2 сағатта ас қасықпен ішеді. Келесі күні іштің өтуі тыйылады. 

5. 1-2 жасар баланың іші тоқтамай өтіп ешбір дәрі көмектеспесе, жаңадан туған 3 жұмыртқаның ақуызын пісекпен сорып алып, түтікше арқылы тік ішекке жіберсе, іштің өтуі сап тыйылады.

 6. 3 жастағы баланың іші өтіп тоқтамаса, 1 кесе күрішті тазалап жуып, 3 литр суға 20-30  минут қайнатады. Тұндырады. Жылытады. Дәрі дайын. Осы дәріні жылылай тамақтың алдында жарты кеседен ішкізсе, үшінші күні іші тыйылады. Емдеу мерзімі 3-5 күн.

 7. Көкемарал (душица) гүлінен 10 гр алып 300 гр суға қайнатып, демдеп, шай орнына ішкізеді. Осы әдіспен емдеуді таңертең бастаса, кешке қарай іштің өтуі тоқтайды. 

8. Мойыл (черемуха) дәнінен 1 ас қасық алып, 1 шәугім суға 3-4 минуттай қайнатып 10 күн ішкізсе, іштің өтуі сап тыйылады.

 9. Құлқайыр (құлан қурай) гүлінен 1 ас қасық алып, көк шай демдейтін кішкентай шәйнекке шай сияқты қайнатып, демдеп ішкізеді. Бұл емдеу әдістерінің қай-қайсысы да баланың денсаулығына зиянын тигізбейді. Емдік тағамдар ретінде кепкен (қатқан) нанды талқандап жегізу керек және қою қара шай, сүтсіз кофе әлде какао берген абзал.

 

...