0 дауыс
595 көрілді
әлем қақтығыстарының адамға әсері эссе

1 жауап

0 дауыс

Бір орманның өртеніп кетуіне сіріңкенің бір басы жетіп жатыр. Жалпы тарихқа үңілер болсақ, барлық үлкен соғыстар кішкентайдан бастау алған. І дүниежүзілік соғыстың сабағы бізге тәлім болуға тиіс. С. Хантингтон мырза жорып отырған қорқынышы – болашақ күннің сыбағасында. Я болады, я болмайды. Бір Алла ғана біледі. Ал әзірше уақыт машинасы ойлап табылған жоқ. Келешекті ешкім көріп те келе алмайды. Біздікі ақыл мен білімді қосып, құдайдың ойын нақ тапсақ деген далбаса емес пе? Тіпті, ұлы көріпкел атанған Нострадамустың өзінің болжамдарының 50 пайыздайы ғана орындалған. Солай дегенмен, атпаған таң жаршысының басын жұлуға асықпай, сөзіне құлақ асқан да дұрыс әрі өткеннен де ғибрат алған жөн-ау!  І дүниежүзілік соғыс қалай дүние есігін ашты? Соғыс оты Австро-Венгрия тағының мұрагері, эрцгерцог Франц-Фердинандтың 1914 жылы Сараевода қастандықпен өлтірілуінен ұшқын алып, лаулай жөнелмеп пе еді? Австро-Венгрия дереу Сербияға соғыс жариялайды да, біздің «көке» болғыш Ресей ағайынымыз жәбір көріп жатқан славян текті серб бауырларына көмектеспек болып, қалың қосынын жібереді. Аз ғана күттіріп, бұл жан алып, жан берісуге Германия, Франция, Англия сияқты мемлекеттер өздері байқамай ілігіп кетеді. Осылайша І дүниежүзілік соғыс уысына қан шеңгелдей, шыр етіп жерге түсті. Ендеше Вьетнамның екінші Сербия болуы қаншалықты мүмкін нәрсе? Сірә да бұл жерде Вьетнамды шартты ел, аллегория деп қабылдаған жөн-ау. Өйткені ол елдің орынында кез келген мемлекеттің болуы ықтималдық теориясы бойынша 200/1 болуы әбден мүмкін. Тұжырым: Қадыр ағамыз «Адамдар шіркін адам ғой, Оянғанша ғана сайтаны» деп жырлаған екен. Тек қана  мұны, терең түсіне алсақ жарады. Жұмыр жердің баршамызға еркін жететін игіліктерін қиянатсыз, әділ бөліссек адамшылығымыз мерейлі болмайды деп тағы да айта алмаймыз. Ұшқыр ақыл-ойымыз бен жасампаз еңбегімізді әдеттегідей қанқұйлы соғыс-қақтығыстарға бағыштамай, бар әлеуетімізді адамзат бесігін көгертіп, өркендету үшін қолдансақ қандай-ды!? Мейірімі шексіз Алла тағаладан әлем амандығын тілей, талап қылып, адам баласының дертті ақылының сауығуы мен құйындай ұйытқыған діл-жүрегінің тыныштық табуына үміт артқаннан басқа тіршілікке тиянақ етеріміз жоқ.  

Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/3183

...