Цеолит катализаторларының қатысында келесі көмірсутектердің каталитикалық айналулары жүзеге асады: олефиндер, алкилароматты көмірсутектер, парафиндер және олардың қоспалары.
Олефинді көмірсутектерге тән реакцияларға мыналар жатады:
1) қос байланыстың жылжуы және конфигурациялық изомеризация (бутен-1 цис- және транс-бутен-2);
2) көміртек қаңқасы бойынша изомеризация (бутен-1 изобутен);
3) Димер және теломерлер қоспасын түзетін конденсация;
4) Парафиндер мен полиқанықпаған өнімдердің, соның ішінде ароматты көмірсутектердің пайда болуымен сутегінің қайта бөлінуі реакциялары;
5) ұсақ молекулалардың қоспаларын түзетін крекинг реакциялары.
Алкилароматты қосылыстарға келесі айналулар тән:
1) Құрылымдық изомеризация (о-ксилол м- және п-ксилол);
2) Қайта алкилдену (ксилол толуол және триметилбензол);
3) Деалкилдену.
Парафиндер негізінен:
1) Көміртек қаңқасы бойынша изомеризацияға;
2) Крекинг реакциясына түседі.
Карбоний модельді иондары. Карбоний иондары-көміртегі атомында орталықтанған оң зарядты тригоналды жазық катиондар. Көбінесе карбоний иондары С-Х (мұндағы X – электр-теріс топ) байланысының гетеролитті үзілуінің нәтижесінде пайда болады.

Көптеген көмірсутектер үшін протондалу реакциялары белгілі.
Карбоний ионының олефиндерге қосылуы катионды полимеризацияның иницирлеуші сатысы болып табылады.

Бұл реакцияға олефиндер мен парафиндердің крекингі негізделген.
Карбоний-ионының ароматты сақинаға қосылуы циклогексадиенді иондарды түзілуіне әкеледі, ол электрофильді орынбасу реакциясының аралық өнімі болып табылады.

Бұл – қайтымды реакция; төмен температурада ароматты көмірсутектердің олефиндермен алкилденуі жүреді, ал жоғары температурада – деалкилдену реакциясы.