0 дауыс
5.4k көрілді
акпарат керек осы суракка байланысты

1 жауап

0 дауыс

Катабализм (ыдырау реакциясы). Энергиясы мол органикалық заттардың ыдырауын катобализм деп атайды. Жасуша сыртқы ортадан энергиясы мол органикалық заттарды қабылдайды.

Катоблизм кезіндегі бөлініп шыққан энергияның бір бөлігі – еркін энергия, яғни АТФ түрінде сақталады. Екінші бөлігі, энергияға бай сутек атомын қосып алған «коферемент» НАДФ*Н түрінде сақталады.

Гликолиз процесі. Ферменттердің қатысымен глюкозаның тотыға отырып ыдырауын гликолиз процесі дейді.

Эукариоттар және көптеген прокариоттар (бактериалдар) АТФ молекуласын синтездеуге қажетті энергияны глюкозаның ыдырауынан алады. Бұл процесс үш сатыға бөлінеді: 1) гликолиз; 2) лимон қышқылының айналымы; 3) электрон тасымалдау тізбегі.

Гликолиздің оттексіз (анаэробты) ыдырауы. Бұл процесс жануарлар жасушасындағы митохондрияның ішкі мембранасында жүреді. Ол ферменттердің әсерімен бірінен бірі кезектесіп жүретін 13 реакцияның жиынтығынан тұрады. Реакцияға бастапқы зат ретінде 1 моль С6Н12О6 (глюкоза) қатысады. Реакция нәтижесінде 25 моль С3Н6О3 (сүт қышқылы) және 2 моль АТФ түзіледі. Бұл реакцияға оттек мүлде қатыспайды, сондықтан оттексіз ыдырау деп аталады.

Гликолиздің оттекті (аэробты) ыдырауы. Глюкозаның толық ыдырауы немесе оттекті ыдырауы да – митохондрияның ішкі мембранасында үздіксіз жүретін процесс. Реакцияға глюкозаның оттексіз ыдырауы сияқты аралық заттар ретінде ферменттер, АДФ және фосфор қышқылы қатысады. Бұл реакцияның оттексіз ыдыраудан айырмашылығы оттектің қатысымен глюкоза толық ыдырап, соңғы өнім ретінде СО2 және Н2О түзіледі. Реакцияның бастапқы заты ретінде 2 моль С3Н6О3 (сүт қышқылы) қатысады. Нәтижесінде 36 моль АТФ синтезделеді.

АТФ – тің синтезі гликолиздің бұдан кейінгі сатыларында да үздіксіз жүреді.

...