0 дауыс
868 көрілді
мен 2019жылдың 14 қарашасынан бала күтіміне байланысты демалысқа шыққам.бірақ өтініш жазғанда 2020жылдың 1қыркүйегіне дейін деп көрсеткем.енді 2020 жылдың 6наурызында жұмысқа шығам 6сəуір күні деп өтініш жазсам, қабылдамай отыр сен 1қыркүйекке дейін жаздың деп.Бұл қаншалықты дұрыс.

1 жауап

0 дауыс

Декреттік демалыстан қалай шығу керек?

Декреттік демалыс әйелдерге жүктілігі және босануы бойынша, баланы 3 жасқа толғанға дейін асырау бойынша ақша төленбестен беріледі.  Егер әйел бала күтімі бойынша демалыс мерзімі аяқталғанға дейін жұмысқа шығуға тілек білдірсе, оған жұмыс берушіге жұмысқа шығу туралы өтінішті ҚР Еңбек кодексінің 100-бабының 4-тармағына сәйкес болжамды  шығу күнінен бір ай бұрын ұсыну қажет.Өз кезегінде жұмыс беруші (ҚР Еңбек кодексінің 46-бабына сәйкес) «декреттегінің» лауазымын уақытша атқаратын жұмыскерді  еңбек қатынастарының өзгеруі  - жұмыстан шығару немесе басқа лауазымға ауыстыру туралы бірден хабардар етуі тиіс.

Егер кеілісім шарт жазбаша түрде орындалмаған болса, онда заң бойынша жұмысқа қайта шығуға өтініш толтыруға толық құқығыңыз бар. Басшылық жағынан қандай ба бір қысым көруден қорықпаңыз. Себебі сіздің құқығыңыз заңдық тұрғыда қорғалған.

Жүкті әйелдерді жұмыстан шығаруға тыйым

Егер еңбек шартының мерзімі аяқталған күні әйел, уақытша жоқ қызметкердің орнын баса тұру жағдайларын қоспағанда, мерзімі 12 және одан көп апта жүктілік туралы анықтама және еңбек шарты мерзімін ұзартуға өтінішті жұмыс берушіге ұсынса, онда жұмыс беруші 3-жасқа дейін бала күтіміне байланысты демалыс мерзімі аяқталғанға дейін еңбек шартының мерзімін ұзартуға міндетті.

Қысқарту. Штат қысқарған жағдайда жұмыс беруші мынадай адамдарды жұмыстан шығаруға құқылы емес (ҚР Еңбек кодексінің 54-бабына сәйкес):

  • жүкті әйелдер;
  • 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер;
  • 14 жасқа дейінгі балаларды  тәрбиелеп жатқан жалғызбасты аналар (18 жасқа дейінгі мүгедек бала).

Жұмыс берушінің таратылуы. Компания таратылған жағдайда жүкті әйелмен еңбек қатынастары тоқтатылуы мүмкін. Жұмыс берушіге алдын ала жұмыскерді 1 ай бұрын жазбаша хабардар ету керек. Осының негізінде жұмыс берушіі 1 ай бұрын орташа еңбекақы мөлшерінде, сондай-ақ пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы болғанда – демалыстың пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлейді.

Бұндай жағдайларда жүкті әйел міндетті әлеуметтік сақтандырылуға жатады (жұмысты жоғалтуға, әкелетін әлеуметтік тәуекелдер, жүктілік және босануына, бала бір жасқа толғанға дейінгі баланың күтімі міндетті сақтандыруға жатады). Әлеуметтік төлемдерді алу үшін тұрғылықты жері бойынша Зейнетақы төлемінің мемлекеттік орталығына (ЗТМО) жүгіну қажет.

...