0 дауыс
12.8k көрілді
Неліктен жыныстық үдерістерге мейоздық бөліну қажет?

1 жауап

0 дауыс

Мейоз (грек. мейозис – азаю) – жыныс жасушалардың бөлінуі. Соның нәтижесінде түзілген жыныс жасушаларында хромосомалар жиынтығы екі есе аз гаплоидті, ал жай жасушаларда хромосомалық жиынтық диплоидті болады. Мейоздық бөліну кезінде хромосомалар саны екі есе азаятындықтан, бұл бөліну редукциялық бөліну деп аталады. Мысалы, адамда хромосомалар саны – 46, ал адамның жыныстық жасушаларында 23 хромосома болады.

Мейоз процесі бірінен соң бірі тез арада үздіксіз жүріп отыратын екіжасушалық бөлінуден тұрады. Бұл бөлінуде ДНҚ –ның екі еселенуі өсу кезеңінде жүзеге асады. Бірінші мейоздық бөлінуден кейін бірден екінші мейоздық бөлінубасталады да, олардың арасында хромосоманың хромотидалары синтезделмейді.

Бірінші мейоздық бөліну редукциялық деп аталып, диплоидті жасушалардан (2п4с) гаплоидті жасушалар түзіледі. Конъюгация(қосылу) нәтижесінде хромосома жұбы түзіледі немесе оларды n саны бар биваленттер деп атайды.

Редукциялық бөлінудің профазасы өте күрделі. Ол бірін – бірі толықтыра жүретін бірнеше сатыдан тұрады: лептотена, зиготена, пахитена, диплотена, диакинез.

Лептотена  жіңішке жіпшелер сатысы. Бұл – мейоздың бірінші профаза кезеңінің алғашқы сатысы. Мұнда хромосомалар ширатылып, жарық микроскопы арқылы ұзын әрі жіңішке түрінде әрең көрінеді. Лептотена кезеңіне тән белгінің бірі – хромосоманың жіңішке құрылымында моншақ тәрізді хромомерлер пайда болады.

Зиготена – (ұқсас) жұп хромосомалардың белгілі бөліктерін қосатын саты. Гомологті хромосомалар конъюгацияланып, бивалент түзеді. Бивалент – бұл екі еселенген гомологті хромосомалардың жұп қосылыстары, яғни әрбір бивалент төрт хромотидадан тұрады. Ядродағы бивалент саны гаплоидті хромосомалар санына тең болады. Адамда 46 хром.23 жұп гомологті хромосомалар конъюгацияланатындықтан, биваленттің саны 23-ке тең, ол гаплоидті хромосомалар санына сәйкес келеді.

Пахитена – жуан жіпшелер сатысы. Мұнда хромосомалардың ширатылуы мен олардың қысқаруы сияқты процестермен қатар гомологтік хромосомаларда айқасу немесе кроссинговер процесі жүзеге асады. Кроссинговер кезінде жұп хромосомалар ішінде генетикалық ақпарат алмасады.

Диплотена – жіпшелердің бір – бірінен алыстау сатысы. Мұнда гомологтік хромосомалардың арасында тебіліс күші пайда болып, олар бір – бірінен ажырай бастайды. Гомологтік хромосомалар бір – бірінен ажырап алыстағанда, Х тәрізденген өрнектер пайда болады. Бұл өрнектерді хиазмалар деп атайды. Диплотена сатысында хромосомалар біршама қысқарып, конденсацияланады, нәтижесінде оның 4 жіпшелі құрылымы анық көрінеді.

Диакинез – қос жіпшелердің оқшаулану, жекешелену кезі. Бұл мейоздың І профаза кезеңінің соңғы сатысы. Мұнда гомологтік хромосомалар тек белгілі бір хиазма нүктелерінде ғана бірігіп тұрады және сақина, сегіздік, т.б.ерекше формаларға ие болады.

І метафаза. Мейоздың І метафаза кезеңінде бөліну ұршығының қалыптасуы толығымен аяқталады. Олардың жіпшелері бивалентке немесе қосылған хромосомалардың центромерасына бекінеді. Әр центромерадан бөліну ұршығының полюсіне бір ғана жіпшесі бағытталады. Нәтижесінде гомологтік хромосомалардың центромерасы мен байланысқан жіпшелер әр түрлі полюстерге қарай бағыттала отырып, бөліну ұршығының экваторлық жазықтығында биваленттер түзеді.

І анафаза. Мейоздың І анафаза кезеңінде биваленттердегі гомологтік хромосомалар арасындағы байланыс әлсіреп, олар бір – бірінен ажырай отырып, бөліну ұршығының әр түрлі полюстеріне бағытталады. Бұл кезде әр бір полюске жаңа хромотидадан тұратын гаплоидті хромосома жиынтығы бағытталады.

І телофаза. Мейоздың І телофаза кезеңінде бөліну ұршығының полюсіне дара, гаплоидті хромосома жиынтығы жиналады. Бір диплоидті жасушадан формуласы n2с –ке тең екі гаплоидті жасуша түзіледі. Бұл жаңа жасушалар бір – бірінен гендер жиынтығымен, ал аналық жасушадан гендердің орын ауытыруымен және хромосома санымен ажыратылады. Бұл кезеңде хромосомалардың жіпшесі тарқатылып, ядролық мембрана түзіліп, жасушада екі ядро п.б.

ІІ. Екінші мейоздық бөліну. Екінші мейоздық бөлінудің ІІ профаза кезеңінде хромосомалар ширатылады, ядроның мембранасы жоғалады, әр жасушада ұршық жіпшелері түзіледі.

ІІ метафаза. Бұл кезеңде хромосомалар жасушаның экваторына жиналады. Хромосомалардың центромерасы экватордың үстінде, ал хромотидалардың иықтары жасушаның полюстеріне бағытталап орналасады.

ІІ анафаза. Хромосомалардың центромерасы бөлінеді, хромотидалары ажырайды, полюсінде ұқсас емес хромосомалардың хромотидаларының кездейсоқ комбинациясы пайда болады.

ІІ телофаза. Хромосомалардың жіпшелері тарқатылады, ядро аралық мембрана түзіледі, жасушалар бөлінеді.

Мейоздық бөліну нәтижесінде бір аналық жасушадан 4 гаплоидті жаңа ұрпақ пайда болады.

Ұқсас сұрақтар

...