0 дауыс
2.1k көрілді
Концентрация белгілеудің қай тәсілі жоғары? Неліктен?

1 жауап

0 дауыс

Концентрация, химияда – қоспа, ерітінді, қорытпа құрамындағы заттардың салыстырмалы мөлшері. Концентрация ұғымы ерітінділердегі еріген зат молекулаларының салыстырмалы мөлшерлерін сипаттау үшін қолданылады. Концентрацияның бірнеше түрі бар: массалық үлес Концентрациясы – еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы; оны процентпен сипаттауға болады. Сондықтан оны проценттік Концентрация деп те атайды; көлемдік үлес Концентрациясы – еріген зат көлемінің ерітіндінің жалпы көлеміне қатынасы; бұл да процентпен сипатталады; молярлық Концентрация – еріген зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы (моль/м3); эквиваленттің молярлық Концентрациясы – ерітіндідегі зат эквивалентінің зат мөлшерінің ерітіндінің көлеміне қатынасы (моль/л); молярдік Концентрация – ерітіндідегі еріген зат мөлшерінің ерітіндінің массасына қатынасы (моль/кг); титр – еріген зат массасының ерітіндінің көлеміне қатынасы (г/л); молярлық үлес Концентрациясы – еріген зат мөлшерінің ерітіндідегі барлық заттардың мөлшерлерінің қосындысына қатынасы.

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D1%86%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F

...