0 дауыс
885 көрілді
Үйге вай фай орнатпақшымыз , роутер қандай түрлері жақсы?  Қалай таңдаймыз? Үйде интернет жоқ оны қалай орнатуға болады?

1 жауап

0 дауыс

Үйіңізге Wi-Fi орнату үшін жергілікті ҚазақТелеКом компаниясының  қызмет көрсету орталығына барып өзіңізге ұнаған қызмет түрін таңдап, сатып аласыз. Үйіңізге жеткізіп 7 күн ішінде орнатып беріледі деп жазылған сайтында. Ол сымды интернет желісі. 

Одан өзге симкарта арқылы :

Beeline 4G Wi-Fi-роутері бір SIM-картаның көмегімен сымсыз интернетке (Wi-Fi) бір мезетте бірнеше құрылғыдан: телефондардан, смартфондардан,  планшеттер мен ноутбуктерден 10 қолданушыға дейін қосуға мүмкіндік береді.

Маман шақырудың қажеті жоқ, SIM-картаны белсендірсеңіз, барлық баптаулар өздігінен орнатылады! 4GWi-Fi-роутер тек Beeline SIM-картасымен жұмыс істейді.

Жиынтыққа не кіреді?

1. Жылдамдығы жоғары Wi-Fi-роутер.

2. Арнайы тарифтік жоспары мен 40 ГБ интернет-трафигі бар SIM-карта.

3. Өздігінен орнатылатын және компьютеріңіздің барлық қажетті баптауларын жүзеге асыратын бағдарламалық қамсыздандыру.

4G Wi-Fi роутердің мүмкіндіктері:

  • Бір уақытта 10 құрылғыға дейін сымсыз қосылу: тұрақты компьютер, ноутбук, планшеттік компьютер, смартфон, интернет-теледидар - Wi-Fi модульі бар кез келген құрылғыдан қосылуға болады.
  • Жылдам қосылу: маманды шақыру және қосылуды күту қажет емес.
  • Орнату қарапайымдылығы - роутер қандай-да бір орнатуды қажет етпейді.  SIM-картаны модемге орнатыңыз да, оны ұяшық арқылы компьютерге қосыңыз – USB бағдарлама өздігінен қосылады!
  • Меншікті жергілікті желі – роутер интернетке қосылуға арналған Wi-Fi желісін құрып қана қоймайды, сонымен қатар желі ішінде мәлімет алмасуды қамтамасыз етеді.
  • Жылдамдық – роутер GSM/EDGE, 3G және 4G (LTE) желісінде жұмыс істейді.
  • Қауіпсіздік – құрылған Wi-Fi-желісіне рұқсатсыз қосылудың алдын алу үшін, роутер мәліметтерді WPA және WPA2 хаттамалары бойынша шифрлауды қамтамасыз етеді.
  • Қызметтердің ақысын төлеу - қызметтердің ақысын, ұялы байланысқа төлеген жерде төлеуіңізге болады.
  • Қызметтерді ыңғайлы басқару - 4G Wi-Fi-роутер интерфейсінде бір пернені басу арқылы теңгерімді тексеруге, қосымша амал-шарттарды қосуға және өшіруге болады.
  • Роутерді жергілікті техника сататын дүкендерден немесе интернет дүкендерден сатып алуға болады.

Ұқсас сұрақтар

...