0 дауыс
3.2k көрілді
Безеудің орны қара тыртық сияқты болып қалып қойды? Қалай келтіруге болады? Мазь жаксамда кетпейді?

2 жауап

0 дауыс

- Безеу мен тері асты кенесі не себепті шығады және олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай? 

- Безеу адам бетіне майдың шамадан тыс көп болуына байланысты шығады. Ал тері асты кенесін медицина тілімен «демодекс» деп атаймыз. Ол барлық адамда бірдей кездесуі мүмкін. Көп жағдайда демодекс ауру белгілерін көрсетпейді. Тек иммунитет жүйесінің қобалжуы арқылы көрініс тауып, теріге дұрыс күтім жасалмаған жағдайда басқа тері ауруларын қоздырып жібереді. 

- Безеу жасөспірімдерде 13-14 жастан бастап шыға бастайды. Уақыт өте келе бір адамда толығымен жазылса, екінші біреуде қалып қояды. Мұның себебі неде? 

- Адам терісінің құрғақ немесе майлы болуына, ата-анасының геніне байланысты болуы мүмкін. Бала дер кезінде дермотолог маманға қаралмаса, бұл аурудан мәңгілік құтылмауы да ғажап емес. Өкінішке орай, безеу 15 жаста да, 25 жаста да шыға береді. 

- Мұның қалай алдын алуға болады? 

- Шындығын да, бұл өте оңай. Адамдар қателесіп түрлі сабын, дәрі-дәрмекті өз бетінше қолданады. Ұзақ уақыт бойы кір сабынмен жуынатындар да бар. Қытайдың арзан, сапасыз өнімдеріне қарағанда, косметолог немесе дерматолог маманнан кеңес алған әлдеқайда дұрыс. 

- Безеуді сыққан дұрыс па?  

- Үй жағдайында сығу барысында адам гигиеналық талаптарды сақтамайтындықтан, бұл әрекетті жасамаған дұрыс. Бұдан өзге толық сықпаған жағдайда түбінде қан қалып, артынша қара даққа айналады. 

- Зинерит дәрісінің айтарлықтай көмегі бар. Тіпті, безеуді бірден кетіреді десек те артық айтпаймыз. Оның ағзаға ешқандай зияны жоқ па? 

- Аталған дәрінің айтарлықтай зияны жоқ. Жалпы кез келген дәрінің дұрыс әсері туралы 2-3 апта қолданғанан кейін ғана айтуға болады.   

- Бұдан өзге қан алмастырып емдеу тәсілі туралы не айтасыз? 

- Безеу күрделілігіне байланысты «жеңіл, орташа, асқынған» болып үшке бөлінеді. Егер емделуші бірінші,  яғни аурудың жеңіл түрімен бізге келетін болса, шағымданушыға сыртқы емдеу шараларын қарастырамыз. Ал қалған екі түрінде қан алмастыру тәсілін қолданамыз. 

- Көп қыз безеу шыққан кезде оны опамен, реңк беруші креммен жасырады. Осы әрекеттері қаншалықты дұрыс? 

- Сауатты таңдалған косметика еш уақытта теріге зиянын тигізбейді. Яғни барлығы да косметиканың сапасына байланысты. Бірақ емдеу барысында ондай заттарды пайдалануға тыйым саламыз. Әрине, дәрігер маман ретінде табиғи сұлулықты жақтаймын.   

- Безеуді емдеуде болтушканың әсері қандай? 

- Ия, болтушканың пайдасы зор. Мұнымен қатар, түрлі крем, дәрі-дәрмекті пайдаланамыз. 

- Емделудің бір курсы қанша уақытты алады? 

- Ол аурудың қай деңгейде екендігімен байланысты. 7-10 күннен бастап, 10-18 күнге дейін созылуы мүмкін. Дәрі-дәрмекті 4-5 ай көлемінде ішуге мәжбүр болатын жағдай да кездеседі. Қаралушылардан емделу курсын өткен соң күтімді дұрыс жүргізуін сұраймыз. Ем жүргізу шаралары: Ем жүргізгендер: Елтинова Қарлығаш, Мұхаметәлиева Гүлнәр. Тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу институтында ем алу үшін Лейла Қазиқызына хабарласуларыңызға болады: 87013696187, 87077696187

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/19389/

0 дауыс
Сәлеметсіз бе !!! Беттегі  дақ ,безеу,безеудің орнынан  21  күнде құтылуға мүмкіндік бар. Маған хабарласыңыз .WhatsApp 87024088825 Айкерім
...