0 дауыс
669 көрілді
Информатикадан Паскаль тіліне аудара аласыздар ма?

1 жауап

0 дауыс

Тілдің қарапайым объектілеріне сандар, идентификатор, тұрақтылар, айнымалылар, функциялар және өрнектер жатады.

Программадағы негізгі амалдардың орындалуына керекті ; мәліметтердің сандық, логикалық немесе символдық (литерлік)  мәндері болады. Олармен жұмыс істеу қолайлы болу үшін алгебра I курсындағы белгілеулерге ұқсас шартты атаулар пайдаланылады.  Бұл атаулар әр түрлі мәндерді (сандық мәндер, символдық мәндер, 1 т.б.) қабылдауы мүмкін, сондықтан оның типі деген ұғым енгізіледі.

1.   Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болып екіге ажыратылады.

Бүтін   сандар.    Разрядтылығы    16    биттен   тұратын   дербес  компьютерлер   үшін   қолданылатын   бүтін   сандар   (ағылшынша

INTEGER-32768 бен +32767 аралығында ғана жазылады. Мысалы, +4, -100, 15743, 0, т.б.

Паскаль тілінде ондық және оналтылық бүтін сандар пайдаланылады. Оналтылық сандардың алдында $ белгісі қойылады. Мысалы, $АВС немесе $8В2.

Нақты сандар кәдімгі табиғи аралас сандар тәрізді санның бүтіні мен бөлшегін нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Мысалы, 2.65, 0.5, -0.862, -6.0. Ал өте үлкен немесе өте кіші нақты сандар көрсеткіші бар экспоненциал сандар ретінде mE=p түрінде жазылады. Мұндағы: m- санның мантиссасы деп аталады; Е - оның дәрежесі дегенді білдіреді; р - дәреженің сандық мәні.

2. Атау — идендификатор (identification — обьектінің белгілі бір символдар тіркесіне сәйкестігін бекіту) программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды белгілеп жазу үшін қолданылады.

Идентификатор — міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені атауларды теру және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемін қажет етеді. Бірақ оларды өте қысқартпай, мағынасына сәйкес атау беру қалыптасқан. Мысалы, XXI, СУММА, ВЕС, P23PS6, DT54ASALFAbaga2, SALMAKOMECA2,

Идентификатор стандартты және бейстандартты (өзіміз берген атау) болып бөлінеді. Бейстандартты атауды пайдаланушы өзі тағайындайды.

Тілді алғаш жасаушылар стандартты атауларды кейбір тіл элементтері типтерінің, шамалардың (тұрақты, айнымалы), стандартты функциялардың, процедуралардың аттарын алдын ала баршаға түсінікті етіп белгілеу үшін енгізген. Оларды тек сол өз мағынасында қолдануымыз керек. Мысалы, REAL (нақты сан), INTEGER (бүтін сан), VAR (айнымалы), CONST (түрақты;, SINCOS (тригонометриялық функциялар), EXPLOG (математикалық функциялар), FALSETRUE (логикалық мәндер) ағылшын тілінің  қысқартылған сөздері. Паскаль тілінде программа жазуда қолданылатын басқа да қызметші сөздер жай атаулар ретінде қолда-нылмайтын стандартты идентификаторлар болып есептеледі. Оларға мыналар жатады: AND, ARRA Y, BEGIN, END, CASE, CONST, VAR, PROGRAM, IF т.б.

Өзіміздің тұрақтыларға және айнымалыларға беретін атауларымыз стандартты идентификаторлардан өзгеше болуы тиіс. Мысалы, 112, STOIMOST, CENA, F105, МАТАБіз қарастырып отырған тіл Турбо Паскаль деп аталатын дербес компьютерлерге арналған Паскаль программалау тілінің бір нұсқасы. Мұнда идентификаторлар ретінде тек латын алфавитінің үлкен не кіші әріптері мен цифрлары ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Пайдаланушылар қойған бейстандарт атауларға әркім өз қалауынша тағайындаған атаулар, яғни стандартқа кірмейтін идентификаторлар жатады. Ол атауларды тағайындағанда төмендегі талаптар орындалуы қажет:

•    Атау тек латын әріптерінен (астын сызу белгісі де «_» әріп болып саналады) басталуы тиіс. Тек белгілер (label) атауы ғана цифрдан да, әріптен де бастала береді.

•    Атаудың      алғашқы      емес      символдары      әріптерден, цифрлардан немесе астын сызу белгісінен тұруы мүмкін.

•    Қатар орналасқан екі атау арасында кем дегенде бір бос орын белгісі болуы қажет.

•    Атаудағы символдар саны 127-ден аспауы қажет.

•    Атауда бас және кіші әріптерді қатар пайдалануға рұқсат етіледі.    Олардың   ішкі   кодтары   әр   түрлі   болғанымен транслятор үшін ешбір айырмасы жоқ болып саналады. Бірақ   мұны   да   ұтымды   пайдаланған   жөн,    мысалы, ZatNomiriBujmBagasj, т.б.

Т±рақты, басқаша айтқанда, константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.

Тұрақтыға өзіміз программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркестік (integerrealbooleancharstringмәндерді қабылдай алады. Логикалық түрдегі тұрақтылар true (ақщат) немесе false (жалган) мәндерінің біреуіне ие бола алады.

Символдық және тіркестік (строковый - stringмәндер үшін орыс, қазақ әріптерін және кез келген символдарды пайдалануға болады. Олар апостроф ішіндегі таңбалармен (литерлермен)

 жазылады, мысалы: 's=' , 'сумма' , 'функцияның мәні' , 'у=' және т.б.

Тұрақтыларға мысалдар келтірейік:

•    бүтін   х =-25; y=1936; z=123;

•    нақты х=2.14; у=4Е15; z=-0.5E-12; beta=-250.0;

•    символдық s='c'; sl='h'; s2='9'; s3=' ' ;

•    логикалық Bl=true; B2=false;

•    тіркестік     C='Turbo Pascal'.

Тұрақтыларға бейстандарт идентификаторлар атау ретінде берілуі тиіс. Егер программада оны құрастырған иесінің аты бірнеше рет кездесетін болса, онда оны тұрақты түрінде берген жөн, өйткені бұл ат кейіннен өзгеріске ұшырымайды.

Барлық тұрақтылар программаның сипаттау бөліміндегі CONST қызметші сөзінен басталатын бөлімде көрсетілуі тиіс. Оның жазылу пішімі (форматы) төмендегідей болады:

CONST

Mening_atjm = 'Қанат Оңлабекұлы';

Max = 1000;

Міп = 0;

Merter_nomiri =121;

Паскаль тілінде қордағы қызметші сөздермен алдын ала анықталған бірнеше тұрақтылар бар, олардың кейбірі төмендегі кестеде көрсетілген.

Идентификатор

Типі

Мәні

Сипатталуы

True False Maxint

Boolean Boolean integer

True False

32767

«Ақиқат» «Жалған» Ең үлкен бүтін сан мәні

3. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар иденти-фикаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалылардың белгіленулері: ALFA, Ү, ХЗ, SUMMABAGAA1B8, т.б. Айнымалы атауы оның орындайтын міндетіне сәйкес түсінікті және қарапайым болған жөн. Айнымалылар атаулары сипаттау бөлімінде var қызметші сөзінен кейін орналасады да, соңында көрсетіледі. Оның жазылу пішімі:

var   Идентификатор > :   <тип > Мысалы:

var     А, В : integer;

Sumbaga : real;

Қарапайым айнымалылар өз аттары бойынша жазылады. : Мысалы, deltaxyresultnumber_of_student.        Индексті айнымалыларға жиын (массив) элементтері жатады.

Жиын  дегеніміз  бір   атаумен  белгіленіп,   бір   өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі. Жиын элементтерінің барлығы да бір типте болуы тиіс. Индекс жиын элементінің нөмірін көрсетеді : де, тік жақшаның ішінде жазылады. Мысалы, AflJ (A/ ), ВЕТА[К,7] (fa,?), C4[3,5] (C43,,s). Жиындар бір, екі, үш өлшемді (индексті) бола береді. Индекстер үтірмен бөлініп жазылады. Индекстің ең үлкен және ең кіші мәні сипаттау бөлімінде міндетті түрде көрсетіледі. Мысалы, s: array [1.. 50] of real;

mas: army [1.. 10, 1.. 10] of char; alfa: array [nl..n2] of integer;

1.3. Мәліметтердің типтері

Программадағы мәліметтердің, шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне жатуы тиіс.

Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип деген шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.

Мәліметтердің әрбір типі тек өзіне ғана сәйкес келетін операциялар жиынын орындата алады. Мысалы, 1 мен 2 мәндері бүтін сандар типіне жатады, оларды қосуға, алуға, көбейтуге және бөлуге болады. Ал,   "IBMжәне   "PCмәндері сөз тіркесі типіне і жатады, бұларды біріктіріп жазуға ғана болады ("IBM PC"), қосуға, алуға, көбейтуге, бөлуге болмайды.

 Кез келген тұрақты, айнымалы, функция немесе өрнек өзіне тән бір типпен ғана сипатталады. Паскаль тілі үшін шамалардың типін көрсету міндетті болып есептелінеді. Сондықтан программа алдында оның сипаттау бөлімінде пайдаланылатын барлық шамаларының атаулары және олардың типтері көрсетілуі қажет.

Тілде пайдаланылатын типтер скалярлық, (қарапайым) және кұрылымдық (структуралық,) болып үлкен екі топқа жіктеледі. Ал скалярлық қарапайым типтер алдын ала анықталған стандартты және жасанды типтер болуы мүмкін. Стандартты типтерге мыналар  жатады:

• бүтін - INTEGER,

• нақты — REAL,

• логикалық - BOOLEAN,

• сиволдық - CHAR,

• тіркестік - (STRING), ;       

        • мәтіндік - (TEXT),

• тәрізді типтер жатады.

Құрылымдық типтерге жиындар —ARRAY, жазбалар — RECORD, ұснындар — SET және файлдар- FILE деген түрлерге бөлінеді.

Бұлардан өзге типтер программаның типтерді сипаттау бөлігінде анықталуы қажет. Тұрақты сандардың типін олардың сыртқы пішініне қарап-ақ ажыратуға болады, ал айнымалылар мен функциялардың типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.

Ол үшін type қызметші сөзі қолданылып, жазылу пішімін былай көрсетуге болады:

Type    <тип атауы> = <тип мәндері>;

Логикалық шамалар екілік сандар жүйесінде сәйкес «1» және «0» деген мәндерді ғана қабылдайды. Мұндағы «1» тексерілетін белгілі бір шарттың - логикалық тұжырымның орындалатынын, яғни «ақиқат» екенін, ал «0» сол шарттың орындалмайтынын — тұжырымның «жалған» екенін көрсетеді. Бұл екі мән программада ағылшын тіліндегі айтылуына сәйкес «true» (1) және «false» (0) болып жазылады.

Символдық шамалар апострофқа алынған бір символды ғана мән ретінде қабылдай алады, мысалы, «#», "?", "%", т.б. Бірақ әрбір таңбаны оның кодына байланысты реттелген бүтін сандармен де өрнектеу мүмкіндігі бар.

Мәліметтердің қарапайым түрлерін стандартты типтер деп атау қалыптасқан. Стандартты типтердің real түрінен өзгелері реттелген деп аталады, өйткені оларды бүтін сан арқылы өрнектей отырып, өсуі не кемуі бойынша реттеп орналастыруға болады.

Стандартты типтер. Паскаль тілінде төмендегі қарапайым типтер пайдаланылады:

• бүтін типтер - SHORT1NT, INTEGER, LONG/NT, BYTE, WORD;

• нақты тип - REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;

• логикалық - BOOLEAN;

• символдық - CHAR;

• саналатын тип ;

• ауқымды (диапазондытип.

Бутін сан түріндегі типтерПаскаль тілінде бүтін шамалар үшін бес стандартты тип пайдаланылады.

Типі Мәндердің өзгеруі Ұзындығы, байт

1.1.1        BYTE

SHORTINT

INTEGER

WORD

tONGINT

0-255

-127 - +127

-32768 - +32767

0 - 65535 2147483648 - +2147483647

1 1

2 2 4

Толығырақ: https://uniface.kz/index.php?post=article&section=4&id=93

...