0 дауыс
525 көрілді
What kind of grammar some/any

1 жауап

0 дауыс

Some, any деген есімдіктер сөйлемде саналмайтын зат есімнің алдында қолданылады жэне олар біразы, аздап, азгана, цанша болса да деп аударьшады. 

Мысалы: Bring me some milk, please. Маган аздап сүт алып келіңізші. Is there any butter on the table? Үстелдің үстінде май бар ма? Some деген есімдік кейбір деген мағынада көпше түрдегі зат есімнің алдында қолданылады. Мысалы: Some trees remain green all the year round. Кейбір ағаштар жыл бойы жасыл болып сақталады. Some деген есімдік сөйлемде сан есімнің алдында тұрады және, шамамен деп аударлады. Мысалы: There were some fifty people there. Онда шамамен 50 адам болды. Агылшын тілінде any есімдігі жекеше түрдегі саналатын және саналмайтын зат есімнің алдында тұрады. any кез-келген деп аударьшады. Мысалы: You may come here at any time. Сенің осында кез-келген уақытта келуіңе болады. 18 Some жэне any дан туындаған есімдіктер. Some, any есімдіктері - one - thing жэне - body сөздерімен байланысып белгісіз есімдіктерді кұрайды: someone, somebody біреу әлдекім, anybody, anyone кім де болса, something, бірдеме, бір нәрсе, anything не де болса.

 1. some, any есімдіктер сияқты someone, somebody және something деген есімдіктер болымды сөйлемдерде қолданылады, anyone, anybody жэне anything деген есімдіктер сұраулы жэне болымсыз сөйлемдерде қолданылады. Мысалы: Give me something to read. Маған бірдеме оқуға берші. Did you see anybody (anyone) there? Сіз біреуді көрдіңізбе? 

2. Any есімдігі сияқты anyone, anybody, anything деген есімдіктер сөйлемдерде әркім, эр нэрсе деген мағынада болымды, болымсыз жэне сұраулы сөйлемдерде қолданылады. Мысалы: Anyone can do that. Мұны эркім істей алады. You may play anything you like. Сіздің өзіңіз қалаған нэрсені ойнауыңызға болады. 

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...