0 дауыс
333 көрілді

Қазіргі өндірістердегі катализдің рөлі?

1 жауап

0 дауыс

КАТАЛИЗ (грек. katalysіs – бұзылу) – реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін, бірақ реакцияға қатысатын катализаторлардың әсерінен реакция жылдамдығының өзгеруі. “Катализ” терминін алғаш рет 1835 жылы швед химигі И.Берцелиус (1779 – 1848) енгізген.

Катализ деп химиялық реакциялардың катализатор қатынасуы арқылы жылдамдықтарының өзгеруін немесе олардың қоздырылуын айтады.

Катализаторларды қолдану химия өнеркәсібінде түбегейлі өзгеріс жасады. Олардың арқасында органикалық синтез үшін шикізат ретінде бұрын «өлі зат» ретінде есептеліп келген парафиндер мен циклопарафиндерді пайдалану мүмкіндігі туды. Катализ маргарин тағы басқа тамақ өнімдері мен өсімдіктерді қорғауға арналған заттарды және бояғыш заттар мен полимерлер алуда негіз болып саналады. Негізгі химияның өндірісі (бейорганикалық қышқылдар, негіздер, тұздар алу) және «нәзік органикалық синтез, жанар-жағармай алу катализге негізделген. Химияның 60-80% катализдік процеске тәуелді.

Қазіргі кезде каталитикалық процестер мұнай химиясында және мұнай өңдеуде кең таралған. Мұнайхимиялық және мұнай өңдеудегі каталитикалық процестердің үлесі мұнай негізіндегі барлық процестердің 90 % құрайды. Мұнай және мұнай өндірісінің қалдықтарын терең өңдеу процесінде мақсатты өнімнің шығымын көбірек алу көбінесе катализаторды пайдаланауға негізделген.

Мұнай өңдеудегі негізгі каталитикалық процестерге каталитикалық крекинг, каталитикалық риформинг, гидротазалау, гидрокрекинг, алкилдеу, изомерлеу және т.б. процестер жатады.

Егер каталитикалық крекинг, риформинг, гидрокрекинг және гидротазалау екіншілік өңдеу процестерінде шикізатты дайындау және мұнай негіздегі негізгі өнімдерді алу мақсатында пайдаланылса, ал каталитиалық гидрлеу, изомерлеу және алкилдеу процестері тұтыну аумағын кеңейту мақсатымен мұнай көмірсутектерінің арнайы қасиеттері негізінде өнімдер және жартылай өнімдерді беру үшін қолданылады.

Мұнай өңдеудің негізгі өнімдері әр түрлі отын түрлері болып табылады және 5%-ке жуығы олефинді қатардың жеке көмірсутектері (этилен, пропилен, бутилен, изобутилен), бутадиен, ароматы көмірсутектер (бензол, толуол, ксилол) өндірісіне шығындалады.

Мұнай өңдеудің өнімдері іс жүзінде өнеркәсіптің барлық саласында, транспорта, құрылыста, ауыл шаруашылығында, энергетикада,  тұрмыстық қажеттіліктер және т.б. үшін қолданылады. Мұнай өңдеу өнеркәсібі қатты, сұйық және газтәрізді мұнай өнімдерінің 500-ден астам түрін алуға мүмкіндің береді. Олардың қатарында әртүрлі отындар және май өнімдерінен тыс полимер материалдары, синтетикалық талшықтар, еріткіштер, лактар және бояулар, медициналық препараттар, синтетикалық жуғыш заттар, құрылыс материалдары және көптеген т.б. заттар ерекше орын алады.

...