0 дауыс
4.3k көрілді

Катализ ұғымына анықтама беріңіз?

1 жауап

0 дауыс

КАТАЛИЗ (грек. katalysіs – бұзылу) – реакция өнімдерінің құрамына кірмейтін, бірақ реакцияға қатысатын катализаторлардың әсерінен реакция жылдамдығының өзгеруі. “Катализ” терминін алғаш рет 1835 жылы швед химигі И.Берцелиус (1779 – 1848) енгізген.

Катализ деп химиялық реакциялардың катализатор қатынасуы арқылы жылдамдықтарының өзгеруін немесе олардың қоздырылуын айтады.

Катализ туралы қазіргі түсінік каталитик-ғалым Боресков Г.К. жасаған анықтама бойынша толық бейнеленеді: катализ– бұл реакцияға қатысушылармен химиялық әрекеттесіп аралық қосылыс түзетін, бірақ әрбір аралық циклден кейін өзінің химиялық құрамын сақтап қалатын заттар (катализатор) қатысуымен химиялық реакцияның жылдамдығының өзгеруі.

Катализді оң катализ және теріс катализ деп екіге бөледі. Оң катализ кезінде катализатор реакция жылдамдығын арттырады, ал теріс катализ кезінде реакция жылдамдығы баяулайды. Реакция жылдамдығын әлсірететін заттарды кейде ингибиторлар деп те атайды. Реакцияланатын заттар мен катализаторлардың фазалық күйіне байланысты катализ гомогенді, гетерогенді және ферментативті болып бөлінеді.

Гомогенді катализ – катализатор да, реагирлеуші зат та бір фазалық жағдайда – сұйық немесе газтәрізді болатын процестер тобы. Процесс аралық тұрақсыз стехиометриялық құрамды қосылыстардың түзілуі арқылы жүреді.

Гетерогендікатализ – катализатор да, реагирлеуші зат та әр түрлі фазада болатын процестер тобы. Көпшілік жағдайда катализатор - қатты, ал реагирлеуші зат – сұйық немесе газ түрінде болады. Процесс аралық тұрақсыз қосылыстардың стехиометриялық емесқұрам кезеңі бойынша өтеді.

Ферментативті катализ –ферменттер қатысында өтеді.

Реакцияға тікелей әрекеттесу аркылы оның жылдамдығып өзгертетін, бірақ реакция нәтижесінде түзелетін заттардыц құрамына кірмейтін, соңында өзінің алғашкы қалпына қайта келетін заттарды катализатор дейді.

Катализатор қатысуымен  өтетін процестер катализдік процестер деп аталады.

Катализатордың реакция жүргізу қаблетіне оң ықпал етіп, оның сапалық көрсеткішін арттыратын заттар – промоторлар, ал оның жүргізу қаблетін төмендетін заттар - ингибиторлар деп аталынады.

Катализаторларға промоторлар қосу арқылы олардың құрылымын, қасиетін өзгерту «модифицрлеу-түрлендіру» деп аталынады.

...