0 дауыс
6.9k көрілді
Ұқк академиясына қалай түсуге болады. Колледжде окимын. Мамандық техник электрик. Колледжден кейн туссем 4 жыл окидыма?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел, техникалық және басшы қызметкерлерді дайындау, қайта дайындау және біліктілікті арттыру саласындағы арнаулы, көп салалы оқу орны.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға іріктеу және қабылдау тәртібі «Арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабымен және ҰҚК Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы №2 бұйрығымен регламенттелген.   

ҰҚК Академиясы қабылдауды мынадай оқу бағдарламалары бойынша жүргізеді:

  1. жоғары білім бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 4 жыл), мамандығы – қарсы барлау қызметі;
  2. оқу мерзімі қысқартылған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 2 жыл), мамандығы – қарсы барлау қызметі, ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы;
  3. қосымша білім бағдарламасы бойынша, қайта даярлау курстары (оқу мерзімі – 6 айдан кем емес).

         Сонымен қатар оқу орнында Комитеттің жұмыс істейтін қызметкерлері үшін магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту бар. 

         Қазақстан Республикасының ҰҚК Академиясына немесе шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдарына оқуға түсуге мыналар құқылы:

  1. жоғары білім берудің оқу бағдарламалары бойынша (оқу мерзімі - 4 жыл) оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған (әскери қызмет өткермеген) азаматтар. Әскери қызмет өткерген азаматтар жиырма төрт жастан бастап қабылданады. Жиырма бес жастан бастап әскери қызметшілер не болмаса арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлер қабылданады;
  2. оқыту мерзімі қысқартылған жоғары білім беру бағдарламалары бойынша (оқу мерзімі – 2 жыл) жоғары білімі бар, оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары;
  3. қосымша білім беру бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 6 айдан кем емес) жоғары білімі бар, оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары.  

ҰҚО оқу орындарына түсуге тілек білдірген кандидаттар оқуға түсетін жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін тұрғылықты жерлері немесе жұмыс орындары орналасқан жерлері бойынша ҰҚК органдарына тестілеуді қай тілде тапсыратындығын және қай тілде білім алатындығын көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді. 

Өтінішке мыналар қосымша ұсынылады:

  • жалпы орта білімі туралы қосымшасымен бірге аттестат немесе техникалық және кәсіби білімі туралы не болмаса орта білімнен кейінгі білім туралы қосымшасымен бірге диплом (көшірме);
  • жоғары білім туралы диплом (көшірме), дипломға қосымша (көшірме) (транскрипт);
  • жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
  • туу туралы куәлік (көшірме);
  • алты фотосурет (бас киімсіз, өлшемі 4,5 х 6 см);
  • өмірбаян және сауалнама;
  • әскери билет немесе тіркеу куәлігі (көшірме);
  • жоғары білім бар кандидаттар үшін еңбек жолын растайтын құжаттар.

Оқуға зеределенетін кандидатқа мынадай талаптар белгіленеді:

  1. жоғары білім оқу бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі - 4 жыл):

орта және ортадан кейінгі кәсіби білімінің болуы;

10-11 сыныптарының оқу табельдері бойынша кандидаттың орта балы дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан төмен болмауы қажет;

қажетті жеке, моральдық қасиеттері, денсаулық жағдайы және дене дамуы.

  1. қысқартылған оқу мерзімді жоғары білім оқу бағдарламалары бойынша (оқу мерзімі – 2 жыл):

жоғары білімнің болуы;

ҰҚО-ға қызметке қабылданар кезде кандидаттың алған жоғары білімі бойынша орташа балы оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 2,67 (В-) (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан кем емес)  кем болмауы тиіс.

Кандидатта сирек кездесетін мамандығы (оның ішінде техникалық және медициналық бейін), мамандандырылған білімі (оның ішінде сирек шет тілдерін білуі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында жедел-қызметтік іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша практикалық қызметтің белгілі бір тәжірибесі болғанкезде, сондай-ақ ғылыми дәрежесі, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, оқытушылық қызмет тәжірибесі немесе спорттық жетістіктері болған кезде алған жоғары білімі бойынша орташа балын оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 1,0 (D-)-ға дейін (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 3 балдан кем емес)төмендетуге жол беріледі;

қажетті жеке, моральдық қасиеттері, денсаулық жағдайы және дене дамуы.

  1. қосымша білім беру бағдарламалары бойынша (оқу мерзімі - 6 айға дейін):

жоғары білімнің болуы;

ҰҚО-ға қызметке қабылданар кезде кандидаттың алған жоғары білімі бойынша орташа балы оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 2,67 (В-) (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан кем емес)кем болмауы тиіс.

Кандидатта сирек кездесетін мамандығы (оның ішінде техникалық және медициналық бейін), мамандандырылған білімі (оның ішінде сирек шет тілдерін білуі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында жедел-қызметтік іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша практикалық қызметтің белгілі бір тәжірибесі болған  кезде, сондай-ақ ғылыми дәрежесі, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, оқытушылық қызмет тәжірибесі немесе спорттық жетістіктері болған кезде алған жоғары білімі бойынша орташа балын оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 1,0 (D-)-ға дейін (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 3 балдан кем емес)  төмендетуге жол беріледі;

6 айдан кем емес практикалық қызмет тәжірибесі;

қажетті жеке, моральдық қасиеттері, денсаулық жағдайы және дене дамуы.

Оқуға түсуге өтініш білдірген кандидаттар қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық тексеруден, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Сондай-ақ кандидатқа және оның жақын туыстарына арнайы тексеру жүргізіледі.

Оқуға:

1) Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған, әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн сырқаты бар;

2) қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

3) қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған, қызметке тұрар алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған, қызметке тұрар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған, қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке тұрғанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;

4) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан (қызметтен) шығарылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған;

5) арнайы тексеруден өтпеген және (немесе) өзі не өзінің жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе зайыбы (жұбайы) және оның жақын туыстары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлаған;

6) жақын туыстары (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi және апа-сiңлiлерi, қарындастары, аталары, әжелерi, немерелерi) не зайыбы (жұбайы) немесе оның жақын туыстары ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған;

7) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық немесе медициналық куәландырудан немесе полиграфологиялық зерттеуден өтпеген адам қабылданбайды.

Ұлттық қауіпсіздік органдары кандидатқа қызметке қабылдаудан бас тартудың анықталған себебін түсіндірмеуге құқылы екенін атап өту қажет.

  Арнаулы тексеруден табысты өткен жағдайда кандидат конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінен оны зерделеген орын бойынша өтеді. 

Оқуға конкурстық іріктеудің екінші кезеңінен кандидат ҰҚК Академиясында өтеді. Әрбір оқу бағдарламалардың кандидаттары үшін жеке емтихандар кешені өткізіледі. 

Емтихандарды бағалау шкаласын    https://egov.kz/cms/kk/articles/wkola_fknb  сайтынан қарай аласыз.

0 дауыс
Калай КНБ болуга болады

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
2 жауап
...