0 дауыс
14.7k көрілді
ҰҚК (кнб) ға оқуға түсу үшін қандай құжаттар қажет. Қандай жеңілдіктер бар, грант қанша баллға бар. Және оқу орны қай қалаларда бар??

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы ҰҚК білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғарғы оқу орындары): 

оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған әскери қызметін өтемеген азаматтар;
оқуға түсетін жылы жасы жиырма төртке толмаған әскери қызметін өтеген азаматтар және мерзімдік әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметкерлер;
келісім-шарт бойынша әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметкерлер қабылданады.

Оқуға түсетін жылына дейінгі жылдың 1 қарашасына дейін оқуға түсуге тілек білдірген азаматтар тұрғылықты жері немесе қызмет орны бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мекемесіне, ұлттық қауіпсіздіктің аймақтық және басқа да органдарына (бұдан әрі – ҰҚК бөлімшелері мен органдары) мыналарды тапсырады: әскерге шақырылушылар мен запастағы әскери қызметке  міндеттілер қатарына жататын тұлғалар – еркін нысандағы өтініш, әскери қызметкерлер – тесттен өту мен оқу тілі көрсетілген баянат.

Өтінішке ҰҚК бөлімшелері мен органдарының кадрлық аппараттары куәландырған орта білім туралы құжаттар көшірмесі (орта мектеп оқушылары – ағымдағы үлгерімі жайында анықтама) және туу туралы куәлік, үш фотосурет (бас киімсіз, 4,5 х 6 см көлемде) және өмірбаян қоса беріледі.  Кандидаттың қызметтік және мектептен алынатын мінездемесін кадрлар аппараты ҰҚК бөлімшелері мен органдарынан оның жұмыс немесе оқу орны бойынша алдыртады. 

Кандидаттарды алдын ала іріктеу тәртібі

Қазақстан Республикасы ҰҚК кадрлық бөлімшесі оқуға түсетін жылға дейінгі 1 қыркүйекке дейін кандидаттарды жоғарғы оқу орындарына түсуге жіберу үшін Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітілетін бөлу қағазын дайындайды.   

Бөлу қағазы бекітілген соң, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарында: кандидаттарды оқуға алдын ала кәсіби іріктеу бойынша комиссиялар (бұдан әрі – Комиссиялар) құрылады; жоғарғы оқу орындарына түсуге өтініш тапсыру мерзімдері жайлы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру жариялау ұйымдастырылады; қызметі немесе тұрғылықты орны бойынша кәсіби бағдарлау және кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Оқуға кандидаттар денсаулық жайына, дене дайындығына және кәсіби-психологиялық жарамдылығына қатысты тексеруден өтеді. Кандидаттарды медициналық куәландыруды Қазақстан республикасы ҰҚК емдеу мекемелері, ал емдеу мекемелері болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 30 сәуіріне дейін жүргізеді. 

ҰҚК бөлімшелері мен органдарының кадрлар аппараты оқуға кандидаттардың  қалыптасқан жеке істерін оқуға түсетін жылдың 15 мамырына дейін жоғарғы оқу орындарына жібереді. Оқуға  кандидаттардың жеке істерін жоғарғы оқу орындарына жіберу туралы шешімді жалпы білімі мен дене дайындығын, денсаулық жағдайын, кәсіптік-психологиялық жарамдылығын, адамгершілік, іскерлік және жеке қасиеттерін объективті тексеру негізінде Комиссиялар қабылдайды.

Жоғарғы оқу орнының кадрлар аппараты оқуға кандидаттардың материалдарын алдын ала қарастырып, оларды түпкілікті кәсіби іріктеу мен кешенді тестілеуден өту үшін жоғарғы оқу орындарына шақыру жайлы шешім қабылдайды.

Төлқұжат (жеке куәлік), әскери билет (әскери тіркеу куәлігі), туу туралы куәлік, орта білім туралы құжат және ұлттық бірыңғай тест нәтижелері бойынша сертификатты кандидаттар жоғарғы оқу орнына келген соң, қабылдау комиссиясына тапсырады.

Жоғарғы оқу орындарына қабылдау тәртібі

Оқуға қабылдауды жоғарғы оқу орнының қабылдау және мандаттық комиссиялары жүзеге асырады. Қабылдау және мандаттық комиссиялардың құрамы Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітіледі, оның жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасы Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасын ескере отырып белгілейді.

Азаматтарды жоғарғы оқу орындарына қабылдау үш кезеңде жүргізіледі: алғашқы кезеңде қабылдау комиссиялары  медициналық көрсеткіштері, дене дайындығы және кәсіби-психологиялық жарамдылығы нәтижелері бойынша түпкілікті кәсіби іріктеу жүргізеді; екінші кезеңде қабылдау комиссиялары бірыңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі - КТ) нәтижелері бойынша берілген сертификат ұпайларына сәйкес байқау тізімін әзірлейді; үшінші кезеңде мандаттық комиссиялар  курсанттар қатарына қабылдау жүргізеді.

Қабылдау тәртібі туралы ақпарат, қабылдау мәселелері бойынша қабылдау комиссиясының шешімі, дұрыс жауаптар коды, кешенді тестілеу нәтижелері, сондай-ақ басқа да қажетті ақпарат ақпараттар стендіне ілінеді.

Түпкілікті кәсіби іріктеу және кешенді тестілеуді өткізу тәртібі

Түпкілікті кәсіби іріктеу денсаулық жайын, дене дайындығын және кәсіби-психологиялық жарамдылығын тексеру нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Кәсіби-психологиялық жарамдылықты тексеру тексерілуші кандидаттардың интеллектуалды даму деңгейіне, әскери қызметті өтеуге психологиялық жарамдылығына, жылдам әрі орамды ойлай білу қабілетіне, байланысқа бейімділігіне және әскери қызмет үшін кәсіби маңызды басқа да жеке қасиеттеріне берілген бағаларды құрайды.  

ҰҚК жоғарғы оқу орындарына түсуші кандидаттарды түпкілікті іріктеу кезінде медициналық куәландыру үшін, жоғарғы оқу орны бастығының бұйрығымен жыл сайын уақытша жұмыс істейтін штаттан тыс әскери-дәрігерлік комиссиялар (бұдан әрі - ӘДК) құрылады. ӘДК  жинақтау үшін мамандығы сәйкес келетін Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің әскери-медициналық бөлімшелері және басқа да ұлттық қауіпсіздік органдары ӘДК-нің медицина қызметкерлерін тартуға рұқсат беріледі.

Кешенді тестілеу жоғарғы оқу орындарында 1-10 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технологиялар бойынша өткізіледі.

Түпкілікті кәсіби іріктеу мен кешенді тестілеу кезінде кандидаттың жоғарғы оқу орнында болу  тәртібін қабылдау комиссиясы белгілейді. 

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекаралық академиясына түсетін әскери қызметкерлер қатарындағы кандидаттармен кешенді тестілеуге дейінгі уақытта көрсетілген оқу орнының базасында бір айлық дайындық жиыны жүргізіледі.

Жоғарғы оқу орындарына қабылдау тәртібі

Жоғарғы оқу орындарына қабылдау байқауына түпкілікті кәсіби іріктеуден өткен кандидаттар жіберіледі.   

Жоғарғы оқу орындарына қабылдау мандаттық комиссия отырысында ҰБТ немесе КТ сертификаттарының ұпайларына сәйкес  байқау негізінде жүргізіледі.

Жоғарғы оқу орындары курсанттары қатарына қабылдау байқауын өткізудегі басым құқықтарға ие:

«Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғалар;
Автономды білім беру ұйымының білім жайлы құжатына ие тұлғалар;

Тізбесі білім беру саласындағы уәкілетті органдарда белгіленетін жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздары, сондай-ақ жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) ағымдағы жыл жеңімпаздары  (таңдаған мамандықтары олар жеңімпаз деп танылған олимпиада, ғылыми жарыс пәніне сәйкес болған жағдайда). 

Курсанттар қатарына қабылдауға байқау өткізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда басым құқықтарға ие:

1) жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалар;

3) білім туралы үздік құжаты (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) бар тұлғалар;

4) әскери дайындық бойынша қосымша бағдарламалары бар ұйымдардың тәрбиеленушілері.

Қабылдау тілдік бөлімшелер бойынша жеке жүргізіледі.

Курсанттар қатарына қабылдау туралы мандаттық комиссия шешімі жоғарғы оқу орны бастығының бұйрығымен рәсімделеді.

Курсанттың қызметтік міндеттерін атқаруы оның жоғарғы оқу орнына қабылданған күнінен басталады. 

Сілтеме

+1 дауыс

Жалғыз жауап-жанды, жақсы, жұмыр жауап!!!yes

0 дауыс
балы жоғары,орыс тілінсіз жүз баллдан асқандар грантқа түседі,грантыы аздау
0 дауыс
ҰҚК академиясы қай қалала екенін білесіз ба
0 дауыс
ҰҚК Академиясы қай қалада екенін білесіздерме
0 дауыс
Алматыда бар ғой
0 дауыс
ҰҚК оқу орнына  қыздар түсе алама  жəне физ мат мұғалем мамандығыне (коледж)бітіргеннен кейінде түсіп кетуге мүмкіндік болады деп естігенмін  сол дұрыспа
0 дауыс
Оз каланыздын кнб департаментне барсаныз барлык сурактарнздн жауабн аласз 2021 жылы КНБ пс КНБ га калаган паннен тапсра аласыз пскнб га 55+ кнбга ар паннин проходнои балдан оту керек норматив тапсрат спорттан турник 15
100м 12с :10мс

3км 12мин 10сек

Психотест.  эссе жазад

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
0 жауап
...