0 дауыс
3.6k көрілді
10 жыодық алмұрт ағашының камбий сақина саны?

1 жауап

0 дауыс

Камбий (cambium - айырбасу, ауысу) - құрылым ұлпасындағы жасушаның бірқатарлы қабаты және де бұл қабатта галотұқымды, екібөлікті өсімдіктердің сабақтары мен тамырларында қосымша, ксилема және флоэма элементтері жиналады, әрі мұрыншаның жуандап өсуін қамтамасыз етеді. Камбий прокамбиден түзіледі. Кейбір бір бөліктілер мен қырыққұлақ тұқымдастарында да кездеседі.

Камбий сүрек пен тін арасында бірқатар қабат ]түзеді. Камбий өсімдік сабағында прокамбийден, тамырында көп бөлігі сүрек пен тін арасындағы негізгі паренхиманың клеткаларынан, біраз бөлігі кейде перициклден дамиды. Камбийдің ұзынша келген ұршық тәрізді немесе қысқалау келген клеткалары бірінің үстіне бірі текшеленіп жатады. Камбийдің жас клеткаларының біразы сабақ қабағына, қалғаны сүрек жағына қарай ығысып отырады. Сондықтан қарағай, емен, үйеңкінің қабығы бірнеше сантиметр болса, сүрегі бұдан қалың болады. Ағаш өсімдіктерінің Камбийі көктемде күшті дамып, бұл кезде оның сүрек жағына бөлген клеткалары ірі болады. Күзге қарай Камбий клеткаларының өсуі баяулап, түзген клеткалары ұсақ келеді. Қыста клеткалар түзілмейді, жылдық қабат пайда болады. Камбий әсерінен өсімдік сабағы жуандайды.

ЖЫЛДЫҚ ҚАБАТ, жылдық сақина – 1) өсімдікте ағаш сүрегінің өсу аймағы. Бұл оның құрамындағы камбийдің (ашық тұқымды және қос жарнақты өсімдіктер сабағы мен тамырындағы түзуші ұлпа) жыл маусымына (жылы, суық кезең) байланысты өзгеруінен пайда болады. Жылдық қабат қоңыржай және салқын аймақта өсетін ағаш діңінің, бұтағының, тамырының көлденең кесіндісінен айқын байқалады және ол бір вегетацация кезеңді көрсетеді. Көктемде не жаз басында камбийден түзілген ағаш сүрегінің вегетация кезеңнің 2-жартысында пайда болған сүректен айырмашылығы болады. Ерте пайда болған сүрек жұмсақ, ашық түсті, клеткаларының қабырғасы жұқа, кең қуысты, ал кейінгісі қатты, қоңыр, клеткаларының қабырғасы қалың, қуысы тар болады. Келесі вегетация кезеңде пайда болған Жылдық қабатта айқын көрінеді. Тамыр мойнынан көлденең кесілген ағаш діңіндегі Жылдық қабатты санап, өсімдіктің жасын айырады; 2) жануарларда кейбір тіндерде жыл сайын пайда болатын және ұзақ сақталатын өзгерістер. Бұл да жыл маусымы бойынша зат алмасу процесіне байланысты. Мұндай Жылдық қабат балық қабыршағында, моллюскілердің бақалшағында, кальмардың мүйізденген тұмсығында, балықтың, қосмекенділердің, бауырымен жорғалаушылардың жалпақ бас сүйектерінде, сүтқоректілердің тырнағында, т.б. тіндерінде пайда болады. Жылдық қабаттардың санына қарай жануардың жасы айқындалады.

Яғни 10 қабат болады.

...