+2 дауыс
10.4k көрілді
Алмұрт туралы ақпарат тауып бересіздер ме? Тез керек еді.
Алмұрт (Pyrus) —

Алмалар тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктердін бір туысы. Мұның 18 түрі бар. Алмұрт көбінесе үлкен ағаш, кейде ұзын бұта болып өседі. Атың 5 000-нан астам сорты бар, олардың бұрынғы КСРО-да 130 сорты өседі. Бұлардың ішіндегі 15 сортын өсіріп шығарған И. Мичурин, олардың негізгілері: қыстық бере (груша бере зимняя) — И. Мичуриннің жабайы уссурий алмұртын бірінші рет гүлденген жылы Бере Рояль алмұртының тозаңымен будандастырғаннан кейінгі алған жаңа сорты. Қысқа өте төзімді. 20 жылдан астам өмірінің ішінде бұған аяздың тигізген әсері байқалған емес. Мұның ағашы насекомдарға да, паразит саңырауқұлақтарға да бой бермейтін төзімді келеді. Жемісінің өздігінен зақымданған жері тез жазылып кетеді. Жемісін сентябрьдің аяғында жинайды, ол жатқан жерінде (қыста) піседі де (аты осыған сәйкес қойылған), апрельге дейін сақтауға келеді. Орта Азия алмұрты (Р. asiae mediae) — кронасы аумақты келген үлкен ағаш. Жемісі тәтті, ерте піседі және ірі болады; жемісін адам, құрғақ жапырағын мал жейді. Орта Азия алмұрты түсімді келеді, құрт онша түспейді, ауруға, кеселге төзімді.

[Алмұрттың әр түрлі сорттары]

Раушангүлділер тұқымдасының бір туысы, жеміс ағашы. Дүние жүзінде 60-қа жуық түрі белгілі. Олар ауа райы қоңыржай және субтропикалық аймақтарда өседі. Қазақстанда кәдімгі алмұрт немесе орман алмұрты (Р.communіs), Регель алмұрты (Р.regelіі), құлжа алмұрты немесе кеш пісетін алмұрт (P.serotіna) деген түрлері бар. Алмұрт көп күтімді қажет етпейді, жылу сүйгіш, суыққа төзімсіз ағаш. Биікт. 10-12 м болады. Бұтақ шоғырының аумағы жалпақ, пирамида тәрізді. Жапырағы жұмыртқа пішінді, түксіз, жылтыр. Гүлі ақ, қызғылт, сарғыш, кейде қызыл түсті, гүлтабақшасына шоғырланған. Жемісі — сары, жасыл не қызғылт түсті сопақша келеді. Салм. 20-300 гр-дай. Алмұрт отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда жеміс бере бастайды, 40-50 жылдай өседі. Мәдени сорттарын ұластыру арқылы өсіреді. Қазақстанда 14 сорты аудандастырылған, оның Орман аруы, Талғар аруы, хош иісті Алмұрт, деген сорттары кең тараған. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында өсіріледі. Өсімдік зиянкестеріне төзімді, көбіне ауруға шалдықпайды. Алмұрт – бағалы ағаш, гүлінен аралар бал жинайды. Жемісінің құрамында 80-84,3% су, 10-13% қант, глюкоза, фруктоза, сахароза, 0,1-0,6% қышқыл, илік және 0,4% азотты заттар, В, С витаминдері, каротин болады. Одан тосап, шарап т.б. сусындар дайындалады. Алмұрттың негізгі зиянкестері мен аурулары — бүрге шіркейі, Алмұрт биті, Алмұрт көк көбелегі, тазқотыр т.б.

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

0 дауыс
өте керемет .Мен 6 сынып оқыймын. Бізге мұғалім Алмұрт жайлы тауып келіңдер деген болатын .Мен іздендім де таптым .Міне 5 деген баға алдым .✍ Есімім
...