0 дауыс
362 көрілді
Бірінші рет ауыз бекітпекші болдым бірақ 1 аптадай ұстап қайттан ашып қойдым 2018 жылғы қарыз болып саналама ?  өтеп беруім керек беді. бірақ 2019 дағы Оразаны бұзбай ұстадым қарыз болған кездерім бар себебі болды 2020 жылы ұстайын деген едім. 2018 дегі қарызымды өтеуім керек па??

1 жауап

0 дауыс
"Қаза оразаны келесі Рамазан айына дейін ұстап біткен жақсы. Ұзақ созып, жүріп алмай, тездетіп құтылған абзал", - дейді Медет Құрмашұлы.

Ол өткен оразадан қалған қарызды өтеу міндетті болып саналатынын қадап айтты.

"Қаза ораза адамның мойнында қарыз болып тұрады, сондықтан өтеген абзал. Ал өтемесе күнә болады", - деді ҚМДБ өкілі.

Өз жүрек тыныштығыңыз үшін соған ниеттеніп ұстаңыз болар.
Қаза ораза мен нәпіл оразаны қатар ұстауға болмайды

Мұсылман жыл санауы бойынша Рамазан айынан кейін Шәууәл айы басталады.

"Осы айда алты күн ораза ұстау – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) "кімде кім Рамазан айының оразасын ұстап, сосын алты күн Шәууәл айында ауыз бекітсе, ол бір жыл ораза ұстағанның сауабындай сауап алады" деп айтқан. Осыған қарап отырып, Шәууәл айында алты күн ораза ұстау нәпіл болып саналады. Нәпіл ораза ешкімге міндет емес, оны ұстау адамның өз еркінде. Ұстамаса, күнә болмайды", - түсіндірді діни басқарма маманы.

Айтуынша, нәпіл оразаны Шәууәл айының кез келген күнінде ұстауға болады. Бірақ, қаза ораза мен нәпіл оразаны қатар ұстауға тыйым салынған.

"Екі оразаға бірдей қатарынан ниет етілмейді", - деді Медет Құрмашұлы.
...