0 дауыс
886 көрілді
Эссе жазу керек осы тақырыпта

1 жауап

0 дауыс

Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.

Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:

1.субстанция мәселесі;

2.таным теориясы;

3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.

Спинозаның философиядағы маңызды үлесі – болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі – оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық – өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.

Бұл қайшылықты Спиноза өзінің біртұтас субстанция туралы ілімінде шешуге тырысты. Спиноза теориясының мәні мынада:

1.жоғарғы субстанция – Құдай мен Ол жаратқан субстанциялар арасында айырмашылық жоқ;

2.барлығын, бүкіл тіршілікті өзі қамтып жатқан бір ғана субстанция бар;

3.ол субстанция Табиғат пен Құдайды қатар қамтиды;

4.Табиғат – Құдай – бір;

5.Табиғаттан тысқары немесе Табиғаттан жоғары тұрған Құдай жоқ;

6.Құдай Табиғаттың ішінде;

7.Тек біртұтас Табиғат + Құдай ғана жарата алады;

8.«Жаратушы әлем» біртұтас Табиғат + Құдай – «жаратылған дүниені» - жеке заттарды жасайды;

9.жеке заттар өз бетінше тіршілік етпейді, ол біртұтас субстанцияның – Табиғат + Құдайдың «модустары» - көріністері ғана;

10.модустар тіршілігінің сыртқы көрінісі – біртұтас субстанция (Табиғат + Құдай), модустар. Оған бүтіндей тәуелді. Модустар кеңістікте және уақтта қозғалады, олардың тіршілігінің басы мен аяғы бар.

Ал Субстанцияның (Табиғат + Құдай) өзінің мынадай қасиеттері бар:

1.тіршілік етеді;

2.дербес, ештеңеге тәуелді емес;

3.өз-өзінің ішкі себебі бар (модустар сияқты сыртқы емес);

4.көптеген қасиеттерге (атрибуттарға) ие, олардың негізгілері (ойлау мен дәйектілік) Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті;

5.уақыт пен кеңістікте шексіз;

6.мәңгі (ешкім жасамайды және жойылмайды);

7.қозғалыссыз.

Гносеология мәселелерін зерттей келіп Спиноза танымның үш сатысын жіктейді:

1.тікелей адам танымынан бастау алатын және ешбір сыртқы себептерге (сезім, тән, т.б.) тәуелді болмайтын «таза түрдегі таным» - танымның жоғарғы түрі;

2.ақиқаттағы төмен, ақыл әрекеті нәтижесінде логикалық операциялар қалыптасқан таным;

3.қоршаған дүниенің санада бейнеленуі нәтижесінде қалыптасқан таным. Спиноза пікірінше, ол білімдер айқын емес, толық емес, терең емес, дәлелмен негізделмеген. Бірақ олар ақиқат білім алуда үлкен рөл атқарады.

Спиноза этикасының өзекті мәселелері: 1. детерминизм (табиғаттағының бәрінің шарттылығы); 2. Бостандық пен қажеттілік арақатынасы. Оларды зерттей келіп Спиноза мынадай қорытындылар түйеді:

1.субстанция бостандық пен қажеттілік тұтасып, бірігеді;

2.Құдай (Табиғат) толық бастандыққа ие, бірақ Ол қажеттілік шеңберінде ғана әрекет етеді;

3.модустарда (жеке заттарда) еркіндік жоқ және олар қажеттілікке бүтіндей тәуелді;

4.адам – модус басқа модустардан ойлауымен ерекшеленеді, демек, бостандыққа ұмтылады. Бірақ ол өзі де модус болғандықтан азат емес және қажеттіліктің құрсауында ғана әрекет етеді;

5.жаны азаттықты қалғаныме, адам қажеттілік талабына көніп, қажеттілік ағынымен жүзеді (Спиноза тілінде – «рухани автомат») болып табылады;

6.сыртқы қажеттіліктерді – ішкі қажеттілікке айналдыру – бостандыққа апаратын жол;

7.бостандық – бұл танылған қажеттілік.

Жоғары дәрежедегі бостандыққа жету үшін Спиноза пікірінше мынадай шарттар орындалуы қажет:

1.Табиғат – Құдай субстанциясы түріндегі қажеттілікті барынша (максималды) танып білу;

2.Аффектілерден (қайғы, қуаныш, әуестену, т.б.) арылу қажет, өйткені олар бостандыққа кедергі жасап, адамды қажеттілік бойынша әрекет етуге мәжбүрлейді.

Спинозаның өмірлік девизі: «Күлмеу, жыламау, қарғамау – түсіну!.»

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D2%A3%D0%B0_%D0%97%D0%B0%D0%BC%D0%B0%D0%BD_%D1%84%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%BE%D1%84%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B#%D0%A1%D0%BF%D0%B8%D0%BD%D0%BE%D0%B7%D0%B0_%D1%84%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%BE%D1%84%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B

...