0 дауыс
570 көрілді
Көмек қажет Эмбден Мейергоф Парнас жолы дегенге

1 жауап

0 дауыс

Эмбден Мейергоф Парнас жолы несесе гликолиз

Гликолиз (грек, glykys — тәтті, lysis — еру) — адам мен жануарлар организмдеріндегі арнайы ферменттердің әсерінен оттегсіз ортада көмірсулардың (негізінен глюкозаның ) ыдырау процесі. Жануарлар организміндегі гликолиздің соңғы өнімі — сүт қышқылы. Гликолиз нәтижесінде бөлінген қуат (энергия)организмнің тіршілігі үшін пайдаланылады. Гликолиз организмдегі тыныс алу және ашу процестерімен тікелей байланысты.

Гликолиз - көпсатылы күрделі үдеріс, ол екі кезеңнен тұрады. Атап айтқанда:

  1. дайындық кезеңі,
  2. АТФ түзелетін кезең.

Гликолиздің дайындық кезеңі жасуша цитоплазмасында жүреді. Мұнда арнайы ферменттердің әсерімен энергиясы мол органикалық заттар энергиясы аз қарапайым заттарға дейін ыдырайды. Мысалы, көмірсулар- моносахаридтерге, майлар- май қышқылы  мен глицеринге, нуклеин қышқылдары - нуклеотидтерге, ақуыз-аминқышқылдарға ыдырайды. Бұл заттар келесі жүретін реакциялардың бастамасы ретінде қолданылады.

 Толығырақ орыс тілінде мына жерден оқи аласыз: https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%B7

...