0 дауыс
572 көрілді
Ажырасқан ата-аналар баласының тағдырын қаншалықты ойлайды?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бұндай мәселеге келгенде Қанша адам болса, сонша ой бар. Оның ешқайсысын дұрыс емес деуге болмайды. Себебі барлық жан  бақытты болғысы келеді, және барлық әрекетін  сол оймен жасайды. Әркім өз басына түскен қиындықпен әрқалай күреседі. Менің жеке ойым, ондай қиындыққа жеткізбеуге тырысу керек (болашақ жарыңды саналы түрде таңдап), ал қателескен жағдайда бір -біріңе деген жеккөрініш сезімін арттырып, баланы бақытсыз отбасыда тәрбиелегенше, жеке дара сыйластықпен тараған абзал.  Баласын ғана ойлап отбасын сақтап, өзі сол отбасыда бақытсыз күн кешсе ол адам уақыт өте келе баласын сол бақытсыздығына кінәләп , баласын одан сайын қиын жағдайға қалдыруы мүмкін. Одан да жеке дара анасынан да , әкесінен де махаббат жылуын алған дұрыс. Бақытты адам ғана басқаларға бақыт сыйлай алады, ал егер бала үшін деп бақытсыз отбасыны сақтаса балаға жылу беруі неғайбыл.  Сондықтан баласы бола тұра ажырасқан адамдарды кінәләудің қажеті жоқ. Мәселені құтқаратын жағдай болса онсыз да өз бақыты үшін жасар еді бар әрекетті. Жалпы айтсам негізі ажырасуды қолдамаймын, бірақ кей жағдайларда ол ең дұрыс шешім болуы мүмкін.

...