0 дауыс
Қазақстанда тұратын шетел азаматтары сақтандыру бағдарламасына кіру міндеттелген бе?
24.02.2020 465 қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

«Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 2-бабы 2-тармағына сәйкес, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде Қазақстан республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға, сондай-ақ, оралмандарға да ел азаматтарымен бірдей құқықтар беріліп, міндеттер жүктеледі. Қарапайым тілмен айтсақ, олар да қазақстандықтар сияқты салық, соның ішінде, міндетті медициналық сақтандыру жарнасын төлеуге міндетті. Еңбек мигранттарына медициналық көмек мемлекет аралық келісімдер негізінде көрсетіледі. Мысалы, Еуразия кеңістігіндегі (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения және Беларусь) бес мемлекет аумағында жедел медициналық көмек қайтарымсыз негізде көрсетіледі. Егер мұндай келісімдер бекітілмеген болса еңбек мигранттары ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) жүйесінің қызметін пайдалана алады. Ал, қоршаған ортаға қауіп төндіретін сырқаттарға шалдыққан мигранттарға көмек тегін көрсетіледі.

Толығырақ: https://enbek-pvl.kz/kz/materials/13

24.02.2020
үздік деді

Ұқсас сұрақтар

127,960Сұрақ
322,892Жауап
153,169Пікір
73,013Қолданушы