0 дауыс
968 көрілді
Әл-фарабиге қатысты жаттау керек еді тауып беріңіздерші?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Оңтүстіктің арайланған ақ таңы, 

Бұлбұл үні естіледі бақтағы. 

Мәдениеттің өркендеген өр шыңын, 

Емес бекер Отырардан тапқаны. 
Отырарда ғасыр үні тұншыққан, 

Қатты тағдыр көзден жасты ыршытқан . 

Фарабиім жол іздеді қаншама, 

Өлімдерден , жойқын қырғын , қырсықтан . 
Фарабиім әрбір сәтте естесің , 

Халқың сенің қара түнек кешпесін . 

Ғасырларға бақыт нұрын себетін , 

Әсем үнің бар мағынаң өшпесін ! 
Әр заманда әр мағына әр ұғым , 

Фарабиім сырын ұққан жарлының . 

Ұлы жерде ұлы достық үйлессе , 

Фарабидің туысысың барлығың ! 
Жалған өмір кімдер сенен өтпеген , 

Уа қара жер кімдер саған жетпеген . 

Фарабиім шарықтасын күлімдеп , 

Ұрпғына қарамасын өкпемен ! 
О туған жер қандай ыстық кең едің , 

Шалқып әндер жайқалады көп егін . 

Ұлы жерде ұлы достық үйлессе , 

Фарабидің ақ арманы дер едім ! 

Толығырақ: http://engime.org/farabige-arnau-eni-bar-1-otstikti-arajlanfan-a-tai-blbl-ni-est.html

...