Заң | 250 қаралды
Баршанызга салем, жасым 18 де колледжди наурыз айында битиремин сауир айында мени аскерге алып кетеди ме, жоғарғы оқу орнына түскім келіп еді ,оз мамандыгым бойынша нестеуге болады, отиниш жауап берип жберсениздер жогаргы оку орнын битирген сон миндетти турде барамын аскерге!

1 жауап

Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:

  • білім беру ұйымдарында жалпы орта білiм алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне;
  • тиiстi білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алып жүрген азаматтарға оқитыны туралы растайтын құжаттарды ұсынған кезде – бiр жоғары оқу орнын аяқтағанға дейiн;
  • жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби білім алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне беріледі;
  • азаматтар білім алуды тек оқу кезеңінде ғана жалғастыра алады.

Білімін жалғастыру себебі бойынша кейінге қалдырылған азаматтар, білім алу кезінде ғана кейінге қалдырылады.

Денсаулық жағдайы бойынша шақыру мерзімін кейінге қалдыру шақыру комиссиясының шешімімен 1 жылға дейінгі мерзімге ұсынылады.

Басқа себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:

  1. ауылдық (селолық) жерде орналасқан білiм беру ұйымдарының орта білімнен кейінгі немесе жоғары педагогикалық білiмi бар және мамандығы бойынша жұмыс iстейтiн оқытушыларына – жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне;
  2. тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге – денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына;
  4. өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiліп жатқан немесе соттар қылмыстық iстерiн қарап жатқан адамдарға – тиiсiнше анықтау, тергеу аяқталғанға немесе сот үкiмi күшіне енгенге дейiн;
  5. тиісті білімі бар азаматтық әуе кемелерінің үшу экипаждарына, азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне азаматтық авиация ұйымдарында барлық жұмыс істеу кезеңіне  беріледі.

Бұл жағдайда мерзімін кейінге қалдыру жұмыстың барлық кезеңіне беріледі, ал қылмыстық іс жағдайында – сот шешімі бойынша тергеу аяқталғанға дейін ұсынылады.

Жақсы Жауап
125,273 сұрақ
316,377 жауап
153,267 пікір
70,774 қолданушы