0 дауыс
386 көрілді
Егер сіздің түсіңіз шындыққа айналатын болса, не істер едіңіз? Түсінде еліңізге қаупі бар екенін көрсеңіз, халықты ескертесіз бе? Сіз сыншылардан қорықпайсыз ба? Қателеспесем, 20 жасымда болғанымда, түсімде қытайлар қараңғы уақытта үйлерімізді өртеуде екен, ал мен айқайлап, бәрін ояту үшін барлық үйге айқалап жүгіріп жүрмін. Менің түсім Масанчи ауылындағы жағдайдай болды, егер менде бәрі түсімде көргенімдей болатын болса алдын-ала жазар едім. Бүгін мен түсімде танысым маған картада жеті қалада немесе ауданда бомбалар орнатылғанын және осының бәрі екі апта бұрын орнатылғанын айтып отыр екен. Менің түсімде мүмкін бір ескере кететін нәрсе болуы мүмкін, ал бұл екі аптадан кейін елімізде Арыстағыдай қайғылы жағдайлар болады деп ойлаймын. Мәселен, теледидардан Алматыдан және басқа қаладан бомба тапқандарын көрсетті. Енді ойлаңыз, мүмкін менің түсімдегідей жағдайлар болатын болар және менің түсім біздің елге қауіп төнуі мүмкін деген ескерту болар. Мен түстерге көп сене бермеймін және көп мәң бере бермеймін, бірақ менің түсімде бәрі Масанчидегідей болды, сондықтан «Сақтықтан қорлық жоқ» дегендей, алдын-ала Алматы мен аудандардан бастап тексеру керек. Мен ешкімді қорқытқым келмейді, бірақ маған ешкім сенбейді де, сондықтан басқаларға ештеңе айта алмаймын, өйткені олар мені ауру деп ойлайды, сондықтан мен осында жазып отырмын. Мен аздап қорқамын, иә қорқамын.))

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Әркезде әрқалай. Түс көрген соң оянғанда интуициям арқылы бір зат боларын сезіп тұрсам, түсімді жорып қараймын интернеттен. Сонда да бірнеше түрлі жорулар болады ғой. Соның ең жағымдысын таңдап алып соған сенуге тырысамын. Себебі санаңның сенген затты  өміріңе жақындайды щегенге сенем. 

Бір жағынан қазақта " түс -түлкінің боғы" деген бар. не болса да сену сенбеу әркімнің өз еркі деп ойлаймын. Тек не болса да жақсыға жори білген дұрыс деп ойлаймын.

Ұқсас сұрақтар

+6 дауыс
5 жауап
Белгісіз 26.11.2013 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
+6 дауыс
10 жауап
Белгісіз 20.07.2013 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
...