0 дауыс
1.4k көрілді
Леп тірек сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» тақырыбында мәтін құраңдар. Пайдалы, зиянды, спорттық ойындар, компьютерлік ойындар, кітап оқу, ғаламтордан іздеу, әлеуметтік желі, анама көмектесемін, ережелерді сақтау, компьютер алдында, ұзақ отыру, үзіліс жасау, денсаулығыма алаңдаймын, дұрыс шешім.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазір ауылдық жерде де, қалалы жерде де сыртта асыр салып жүрген баланы сирек кездестіреміз. Себебі оларды үйге матап тастаған бір дүние бар, ол – ғаламтор. Осы ғаламтор желісінің балалардың психологиясына қаншалықты зиянын тигізіп жатқанын көп ата-ана біле бермейді. Білсе де, одан балаларын қорғаудың жолдарын меңгермеген. Ал мұның салдары балалардың өскенде маскүнем, зинақор, жауыз болып өсуіне әкеліп соғады.

Бүкіләлемдік өрмек – ғаламтор

Жақында High Tech for Human компаниясы арнайы зерттеу жүргізіп, мынадай жағдайларды анықтапты, яғни Қазақстандағы ғаламторды тұрақты пайдаланатын балалардың 44 пайызы ғаламтордағы виртуалды қатынас кезінде жыныстық қатынасқа мәжбүрлікке ұшыраған, 14 пайызы интернет арқылы кездесуге шақырылған, 19 пайызы ұятссыз сайттарды көреді, 38 пайызы зорлық-зомбылық туралы сайттарды ақтарады.

Күн сайын ғаламторды қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма?

Ғаламтордың қол жетімділігі:

Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз

Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үqде отырып білім игеруіңізге; қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға; электронды жұмсақ бөлшектерді жасап мол кіріс табуыңызға; дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.

Ғаламторға кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек.

@vk.com

Қазақстандағы ең танымал сайттар

google.com

nur.kz

Қорыта келгенде, қай халық болса да, өзінің дамуында қилы-қилы жолдардан өтеді. Ғаламтордағы болған құбылыстардың терең тылсымына үңілуде адамзат баласы талай - талай ғасырларды артта қалдырып, бай тәжірибелер жинақталады. Ғаламтордағы кұбылыстарыдың өзі кейде адамзат сенгісіз немесе тіпті түсініксіз болып жатады. Ерте заманның өзінде - ақ дүниенің жаралуы табиғаттың түрлі құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі, зерттеулері болды. Ғаламторда болып жатқан кейбір адамзат және табиғат құбылыстары тылсым жұмбақ болып көрінеді де, адам санасына елеулі әсер етеді. Қандай да бір құбылысты түсіну үшін адам ғылымды терең зерттеп меңгеруі керек

Ғаламтор және денсаулық

kolesa.kz

instagram

Ғаламтор және оның пайдасы мен зияны

@youtube.com

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды. Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі. Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды. 1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты. Интернеттiң мүмкiндiгi Адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.

wikipedia.org

1.Алысты жақындату 

2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру. 

3.Сана-сезімді жоғарылату. 

4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру. 

5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру. 

6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу. 

7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. 

8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. (материалдарды және моральді жағынан болсын) Яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беру.

yandex.kz

Ғаламтор - болашаққа бастайды, Келешекке білім қуған жастарды. Қадам басып ХХІ ғасырға, Барлық әлем жаңалығын тастайды – дегендей қазіргі заман талабына сай барлық жастар ғаламторға тәуелді екені хаһ. Бүгінде ғаламторға тәуелділік атты жаңа дерттің пайда болғаны жасырын емес. The Independent басылымының мәлімдеуінше, адамның ғаламторға тәуелділігі ішімдік, кокаин немесе марихуанаға тәуелділікпен бірдей екен. Негізінен, компьютер тұтынушыларының 5-10 пайызы ғаламторға тәуелді. Ересектерді былай қойғанда, бұл күнде жасөспірімдер мен бүлдіршіндер де ғаламтор атты шексіз әлемге байланып отыр

@facebook.com

Күн сайын ғаламторды қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз? Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер. Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады. Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді. Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу,ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді. Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма?

+1 дауыс

Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолдауншылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себі мол.

Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып, махаббатарын да тауып жатады.

Танмдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықытру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. ей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаамтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған.
Ғаламтордың денсаулыққа зияны

Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алнған термин емес.

Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады.      

Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс ісер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді.

Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды.

Әрине, ғаламтордың пайдасы мен зияны да жетерлік. Алайда оның пайдасы басымырақ. Ал егер әр әрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз, ғаламтордың зиянын көрмессіз деген пікірдеміз.

...