0 дауыс
739 көрілді
Мусылман бауырларым. Әкем қатты ішіп кетеді . Кодирования да жасадык. Каншама емшіге де бардық. Алладан сурап жүрміз .

Арақ бір ішкенде 2айға дейін ішіп кетеді. Брақ мас кезінде ешкімге зианы жоқ ұрыс төбелес ешнәрсе шығармайды. Өз бетімен жүреді. Маған жылап та айтқан кезі де болады қойғым келеді мен шаршадым мына арақтан деп брақ қоя алмайды. Өзі калима айтып отырады кейде мен байқаймын қойғысы келеді брақ білмеймін қоя алмайды. Біздің жүрегіміз ауырады әкеміздің ішіп өз өзін өлтіріп жүргенін көріп. Енді Ең бірінші Аллах тағаламыздың буйыруымен осы сайттан бір көмектесуге мүмкіндігі бар адамды табу. Хабарларыңызды күтем 87053394133 рахмет

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Сіздің міндетіңіз – ауру адамды маскүнемдіктен міндетті түрде емделу керек екендігіне сендіру. Көптеген адамдар өзімнің қолымнан келеді, ішуді өзім-ақ қоямын деп емделуден бас тартады. Алайда, бұл тәжірибе жүзінде іске аспайды. Алкогольге тәуелділік – бұл ішкен адамға ғана емес, сонымен қатар күнделікті күйзелісте жүретін оның туыстарына да, ауыр әсер ететін сөзсіз қиын ауру. Бірақ алкогольге тәуелділікті жазылмайтын ауруға жатқызуға болмайды. Алкогольге тәуелділікті емдеуге мұқият ойланып кірісу қажет. Оны емдеудегі әрбір ойланбай жасалған қадам қайта айналып келмейтін зардаптарға, ауру ағзасының қайта орнына келместей өзгеруіне, тіпті өмірімен қош айтысуына да әкеліп соғуы мүмкін. Кәсіби көмек алу үшін сіз тұрғылықты жеріңіздегі емханаға, арнайы емдеу-сауықтыру орталықтарына, жеке медициналық мекемелерге, ғылыми-диагностикалық орталықтарға баруыңызға болады.

Әдетте емдеу курсы үш сатыдан тұрады:

1) спирттік сусындардан абсолютті бас тарту, алынған токсиндерден ағзаны тазарту және белсенді алкогольге қарсы емделуге психологиялық дайындық;

2) жиілікті емдеу үдерісі;

3) ұзақ көмекші терапия.

Ең бастысы ауру адамды өз қайғысымен жападан-жалғыз тастауға болмайды. Бұл үлкен шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді. Мұндай құрбандықсыз сіз үшін қымбат адамды алкогольге тәуелділіктен айыру қиын болады, ал көп жағдайда тіпті мүмкін емес. Ішетін адамға қалай көңіл бөлу керек? Әрбір отбасының өзіндік бағыт-бағдары, құндылықтары, әдет-ғұрыптары бар. Сондықтан да туындаған әрбір проблеманы дербес шешуге тура келеді. Дұрыс шешімінің нәтижесі табыстың 90%-ы екенін естен шығармаңыз. Сенің керек екеніңді, сені бәрі жақсы көретінін түсіну – бұл күресуге деген үлкен ынта.

Жанжал – бұл жұбанышты басқа жақтан іздеуге түрткі болады, күмән туғызатын «достардың» өмір сүру мәні – тек «ішуді» іздеу ғана. Мұндай орталарда тұлғаны азғыру көз алдыңда өтеді.

Алкогольге тәуелді адам салынып ішкен кезінде немесе ішкісі келген кезінде оны ұзаққа жібермеуге тырысыңыз. Мұны жәй сөзбен қинамай айту керек.

Маскүнемдікпен ауыратын адамға отбасы қалай көмек бере алады:

- Үйде алкогольді қабылдамайтындай жағдай туғызыңыз, үйдегі ешбір зат ауру адамға ішуді еске салмауы қажет немесе қайта бастап ішіп кетуге итермелемеу керек. Бірінші рөмкені алып қойған екен, барлығы да құрдымға кетеді. Сондықтан мүмкіндігінше, көз алдынан спирттік ішімдіктерді ғана емес, сонымен қатар, үйдегі сәйкес атрибуттарды да (рюмка, бос шөлмек, штопор және т.б.) алып тастаңыз.

- Сіздің үйіңіздегі отбасылық отырыстар ішімдіксіз өтуі керек. Егер сіздің қонақтарыңыз  немесе сіздерді қонаққа шақырған үйдің қожайыны мұны түсінгісі де келмесе – онымен бірге отырыста болудан қашу керек.

- Сіздің туысыңыз көп уақытын сізбен өткізгісі келетіндей жағдай жасаңыз – сол кезде ол адамда «достармен жиналайық» деген қашып құтыла алмайтын, азғыруға еріп кетуден құтылу мүмкіндігі болады.

Ішуді қойған адамға науқас адам сияқты емес, үлкен күрес жүргізген және де сыйлауға лайық адам ретінде қараңыз.

...