0 дауыс
765 көрілді
Ассалаумагалейкум ! Сурайын дегеным менен баскада адамдар ушын де манызды шыгар деп ойлаймын. Мынау КЫС мезгылынде кандай Етік сатып алып кисемде уйден жылы кылып шыгам , жарты сагатта аягын жаурайт еми барма?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қысы-жазы қол-аяғы жылынбайтын жандар бар. Тіпті тоңумен қатар, аяқ-қолдары дымқыл болып жүретіндер де жиі кездеседі. Үнемі мұздап жүрудің себебі неде? Аяқ-қолдың мұздай болуы қан айналымына тікелей байланысты. Қан айналым адам бойындағы температураны қалыпты жағдайда ұстайды. Аяқ-қолы жылынбаса, онда анимия, артерия тамырының бір аймағында тұйықталу немесе басқа мәселелер болуы мүмкін. Мамандардың айтуынша бұл жағдай көбіне әйелдерде кездеседі екен. Себебі, нәзік жандылар сезімтал келеді. Бауырға зақым келсе де аяқтың тоңып жүруі ықтимал. Өйткені, бауыр адам ағзасындағы энергия алмасуына қатысады. Дегенмен, мұндай кінәраты бар адамдарға бұл мәселені жеңудің жолы қиын емес. Ол үшін біріншіден кеңірек киім кию керек. Мысалы, бір өлшем артық аяқ киім, сәл кеңдеу көйлек кигеніңіз абзал. Яғни, дене мен киім арасында жылы ауа қабаты пайда болғаны дұрыс. Ол денені жылытады. Сала мамандарының айтуынша аяқ-қолды жылытудың тағы бір шешімі өткір, дәмді азық-түліктерді жиі тұтыну. Олар тамырды кеңейтеді. Жүректегі қан айналымының белсенділігіне жол ашады. Дене қызуын көтереді. Ащы бұрыш та қан ұюының алдын алады. Өйткені, оның құрамында А және С дәрумендері бар. Ал, аяқ-қолы тоңып жүретіндер қандай тағамдардан бас тарту керек? Олар темекі шекпей, ішімдікке жоламай, мүмкіндігінше кофе де тұтынбауы тиіс. Өйткені, бұлар тамырды тарылтады. Ал, алкогольдік сусындар ағзаны сусыздандырады. Ең бастысы аяқ-қолы қысы-жазы жылынбайтын адамдар көбірек қимыл-қозғалыста болуы қажет.

Дереккөз:: https://qazradio.fm/kz/news/13524/

...