0 дауыс
612 көрілді
Сəлеметсіздер ме? Тестцентр сайтында қандай да бір жоо-на грантқа түскенде  общий конкурспен түсті  деп жазылып тұрған болса(мемлекеттік грант) , онда бұл гранттың именной грант болмағаны ғой я? Егер грант именной болса демек тестцентрдің жауабында дəл солай жазылу керек солай ма? Ал общий конкурстың ішінде целевой деп аталатын грант бар ма? Общий конкурспен түскен барлық студенттер өздері қалаған қалада отработка жасаса болады ма? Өтініш жауап күтемін,алдын ала рахмет!

1 жауап

0 дауыс

2017 жылдан бастап мемлекттік грантпен  оқуға түскен әрбір бакалавриат, магистартура , докторантура түлектері   ауылдық немесе қалалық грантпен оқуға түскеніне   қарамастан мемлекттік жұмыс орындарында кемінде 3 жыл мерзімде қызметін өтеуі тиіс. Егер қандай да бір себеппен түлек қызметін өтей алмаса мемлекетке оқу ақымсын қайтаруы тиіс. 2017 жылға дейін мемлекеттік грантпен оқуға түссе тек мемлекттік  ұйымдарда, ал 2017 жылдан кейін мемлекттік грантқа ие болып оқуды аяқтаған түлектер мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда қызметін өтеуге құқылы. Және де түлек грантты ауылдық квотамен жеңген жағдайда  ол қызметін ауылдық мекендегі жұмыс орындарында өтеуге тиіс.

Сонымен қатар, заңдық тұрғыда қызметті өтеуден босатылатын жағдайлар қарастырылған:

1) Түлектің оқуын ары қарай жалғастыруы( магистратура, докторантура)

2) жүктілік немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйел

3)I немесе II-ші топ мүгедектері

4) Сәйкес бос жұмыс орны болмаса

Негізі түлектерді оқу жылының соңына жақын жұмыс орындарының көрмесінде (әр университет қабырғасында ұйымдастырылады) ұйымдар жұмысқа шақырып солай жұмыспен қамтылады. Ал олай жұмыс орнын таба алмаған жас мамандарға жергілікті жұмыспен қамту орталығы  бос жұмыс орындарны қарастырады . Егер жас маман жұмыспен қамту орталығынан келген сәйкес ваканциядан бас тартса, финцентр мемлекеттің оқуға төлеген қаражатын өндіру жұмыстарын сотқа жөнелтеді.

Негізінен 3 жылдық қызметін өтеу тұрғылықты жер бойынша өтеледі, егер тұрғылықты аумақта бос жұмыс орны табылмаса көрші аумақтардан жұмыс қарастырылады.

Ұқсас сұрақтар

...