0 дауыс
19.9k көрілді
Бейімбет Майлин Шұғаның белгісі романындағы қазаққызының тағдырын сипаттап берініз?

1 жауап

0 дауыс

Әңгіме мазмұны тартымды, идеясы өзекті, әдебиеттегі тың дүние ретінде көпшілікке танылды. Себебі бұған дейін әйел тағдырына байланысты жазылған шығармалар жоқтың қасы еді. Шұға өмірі қасірет пен қайғыға толы болса да, ол қазақ қызының өнегелі үлгісі екені жасырын емес. Шұға мектеп, университет бітірмесе де, бойында ұлттық тәрбие мен білімді отбасыдан жиып-терген қазақтың көзі ашық аруы ретінде суреттеледі. Шұға өлең де, жыр да оқиды, кесте тігіп, ән де салатын жұрт қызықса қызыққандай, тамсанатын сұлу еді деп баяндалады шығармада. Оған шығармадағы мына жолдар дәлел: «…Осы күнгілердің бір тапқаны, қызды оқыту керек дейді. Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Айнала айтқанда құдай сана берсін десейші..»[1;7]. Бұдан қазақ қызының идеалды образын айқын көре аламыз. Бейімбет өмірді, шындықты жазған жазушы болғандықтан, оның

кейіпкерлері өмірден алынған. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ қоғамындағы қыздың үлгі боларлықтай образы Шұға екеніне толық көз жеткізе аламыз.

Шығармада Шұғаның рухани біліміне сай жігіттің образы ретінде Әбдірахман бейнесі таңдалған. Алайда жастардың рухани әлемі тең дәрежеде болғанымен, әлеуметтік жағынан екі түрлі таптың өкілі болып табылады. Бұл олардың қосылуына кедергі болды. Әбдірахман бойындағы асыл қасиеттер шығармада былайша көрінеді: «…Әбдірахманның әкесі өте кедей болған адам. Ауылнай школынан шыққан соң да, Әбдірахман малайлықтан құтыла алмады. Ақырында, он екі-он үштегі шамасы болса керек, тұрған байынан қашып дуанға барып, бір ноғайға жаз қызметке тұрып, қыс оқуға кірді. Бұл екі жылға шейін жаз жалданумен болды. Берірек келген соң жаз байларда орысша бала оқытты. Ақырында әйтеуір мектепті бітіріп шықты»[1;10]. Бұл үзіндіден Әбдірахманның қазақтың алғашқы оқыған азаматтарының бірі екені белгілі болады. Сол кездегі санаулы оқыған қазақ жігіттерінің арасында білімімен де, көркем мінезімен де жұрт арасында Әбдірахманның атағы кең жайылады. Алайда қолының қысқалығынан ол сүйіктісіне қосыла алмай мұратына жетпейді. Автор туындыда ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік мәселе, тапқа жіктелу, әйел теңдігі, қазақ оқығандарының тағдыры сияқты бірнеше тақырыпты бір шығармада қамтыған. Жазушының заман ағымына сай өзекті мәселелерді алға тартқаны оның халыққа деген қамқорлығы мен ыстық ықыласын білдіретіні сөзсіз.

...