0 дауыс
2.3k көрілді
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін тақырыбқа шығарма жазу берген еді жоспары мен,жауап бергендерге көп рахмет

1 жауап

0 дауыс

Өнегелі өмірдің бастауы асқар таудай әкесі – Құнанбай, ағар бұлағы анасы – Ұлжан, мейірімді, қамқор шежіре әжесі – Зеренің орны бөлек. Халқымыз «Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер» деп бекер айтпаған. Ұлы адамның аты – анасы: бірі – елддің атасы, бірі – елдің анасы. Тағы дана халық «Тақыр жерге шөп шықпайды», - дейді гой. Әкесі Құнанбай ақыл – парасат иесі, ел билеген көсем, бұлбұл шешен, әрі мырза, жастайынан атқа қонған найзагер, қатал тәртіпті, талапты, табанды, әрі шешімді адам болған. Елді тәртіпке келтіріп, адагершілік арға бағындыратын дінді ұстанған, ақыл –айласы мол көреген, сыншы кісі.Өз тұрғыластары Байсал, Бөжей, Қаратайлар Құнанбай балаларының ішінде пысық, әрі сергек, адам болатын Ысқақ деп бағалағанда, әкесі Абайға қарап: «Одан не күтесіңдер, күтсеңдер мына жаман қарадан күтіңдер», - депті. Әкесі Абайды жасынан өзімен бірге ала сөз, абзал қасиеттерін, әділ биліктерін сабақ етті. Құнарлы бай тілді, адамгершілік пен парасаттылықты халықтан алды. Ақылды әке билігін баласына беріп, көңіліне қонбаған іске дау айтпай үнсіз тоқтайтын. Зере алдында жас баладай құлдық ұратын. Бұл ата, бала, немере арасындағы үздіксіз тәрбие байланысы, сыйластық, дәстүрлі кішілік, ілипат, ұлттық, халықтық қасиет.

Халқы үшін Құнанбай Қарқаралыдан үлкен тәрбиеорны мешіт салдырды, 1870 жылдары Меккеге барған жылдары Меккеге барған жолында «Тәкия» деп аталатын жүз кісілік қонақ үй салдырды. Ұрпаққа мұра, ел мен ел арасында байланыс – жаңа жақсылыққа бастау көрсетті.

Мұңым қазақ баласы,

Тегіс ақыл сұрапты.

Тобықтыны ел қылып,

Басын жиып құрапты.

Меккеде уақыт үй салып,

Пәтер қып жаққан шырақты.

Бір алланың жолына, - деп әке қасиетін бейнелі өрнектеген.

Бұдан ақынның әке өнегесін үлгі тұтқан адам екенін анық көреміз.

Бұрын Кеңестік дәуірде Комунистік Партияның қылышынан қан тамып тұрған кездерде Абайдың әкесі Құнанбайды өте қарау, қатал, сараң адам ретінде көзқарас қалыптастырды. Бірақ Абайдай дана, дара ақынды өмірге келтіріп, тәрбиелеген адамды ондай пиғылдағы адам дегенге негіз жоқ сияқты. Абайға әкесі үнемі Қарқаралыдан т,б жерлерден кітап алдщырып, Ғабитханға оқытып отыратын.

Осындай көңілі ояу, көзі ашық, білікті әке дәстүрі баладан балаға жалғасты.

Аналары Зере мен Ұлжан халқын, ел жұртын сүйер мейірімділікке, үлкен жүректі ұлылыққа бастады. Ел анасы – әжесі Зере ел тарихын айтып, ел – халқының тұрмыс – тіршілігімен таныстырып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйретті. Зергер, шебер үйлесімді сөзімен тіл үйретті, құлақ құрышын қандырды. Шешендік негізге бастау берді. Туған анасы – Ұлжан: Қаракесек Бертіс Шаншар руынан, Шаншар сықаққой ел дейді. Ұлжан өте ақылды, ұстамды, сөзге сараң, шебер үйлесімін тауып сөйлейтін ақындық қасиеті бар, дана әйел болған еді.

Ұлжан Құнанбайдың екінші әйелі бола тұра, күндестік сияқты қызыл оттан аулақ болған. Ауыл -аймақтың ұйтқысы Ұлжанды елі өте жоғары бағалаған. Ұлжан үнемі баласын қолдап, қуаттап отырды.

Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы. 

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,

Теп – тегіс жұмыр келсін айналасы. Оқушылар өз өлеңдерін қорғайды.

Әдебиеттің тәрбиелік күші, ықпалы керемет қой. Ол дәлелдеуді қажет етпейді. Сол әдебиеттің 3 жанрының ішінде поэзия – құдіретті. Себебі, поэзия – адамның сезімінің, ақыл – ойының, жүрегінің серігі. Ол сезімнің сөзбен жазылған шындығы. Мұңайса да, жыласа да шындықты сыртқа шығарады. Өтірік айта алмайды. Мәселен, осы сезімді Абайдың «Адамның кейбір кездері», «Адам болам десеңіз», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Қиыстырып мақтайсыз», т,б. Өлеңдерінен көруге болады.

Шоқан Уалиханов: «Дала көшпенділерінің поэзия мен шынайы сезімге бейім болуына өмір бойы табиғат құшағында жүруі – жасыл майса дала, ашық мөлдір аспан, көші – қоны көп тұрмыс әсер етпесіне кім кепіл», - деген екен. Иә, Абай жырлаған көп тақырыптың бірі – адам мен табиғаттың бірлігі. Және Абай халқымыздың салт – дәстүрі мен тұрмыс тіршілігін, төрт түлікті шаруашылығын, аңшылық – саяткерлік өмірін табиғат лирикасымен ұштастыра жырлайды.

Толығырақ: https://infourok.ru/konspekt-uroka-na-temu-abay-zhaan-bir-sule-306056.html
...