0 дауыс
708 көрілді
Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз ,
Мәтіннен тірек сөздер жазыңыз ,
Мәтінді аударыңыз ,                                                              
Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз ,
Мәтінге тақырып беріңіз

Отбасының тірегі – әке-шеше. Әр отбасының өз заңдылығы, дәстүрі болады. Отбасында өсіп келе жатқан ұрпақ ата-бабаларының дәстүрін жалғастырады. Ата-ана бала тәрбиесіне жауапты. Сондықтан әке – отбасын асыраушы, шеше үй шаруасына көп көңіл бөледі. Ас әзірлеу, дастархан жасау, балаларына тәрбие беру – ананың міндеті болса, әке балаларына талап қояды, дұрыс бағыт беріп отырады. Ата-ана балалардың білім алуына көмектесіп, мамандық таңдауына ақыл береді. Балалар әке-шешенің тәрбиесімен ортада өзін қалыптастырады. Әр бала – отбасы мүшесі ғана емес, қоғамдағы жеке тұлға. Отбасы мүшелері қаржы мәселесін де бірігіп шешеді. Қаржыны үнемдеп, қажет жағдайда жұмсауға ата-ана көмектеседі.

1 жауап

0 дауыс

Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

Отбасының басты тірегі кім?

Әке деген кім?

Ана деген кім?
Мәтіннен тірек сөздер жазыңыз.

Әке, ана, отбасы.                                                         
Мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндаңыз.

Отбасы құндылықтары жайлы мәтін.
Мәтінге тақырып беріңіз.

Отбасы жайлы.

Ұқсас сұрақтар

...