0 дауыс
749 көрілді
Жолдасым да мен де жұмыс жасаймыз. Мен қазір декреттемін. 4 балам бар. 18 жасқа толғанға дейін пособия беріледі ма?

2 жауап

0 дауыс
Иә . Бірақ , үлкен балаңыз 18-ге жақындап қалған да , яғни балаңыз 18-ге толмай тұрып , белгілі бір құжаттар тапсыру керек . Сол кезде , 4 балаға әрі қарай ақша ала бересіз. Бірақ , енді қандай құжаттар екенін білмеймін.
0 дауыс

7-бап. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақыны тағайындау мен төлеу

      1. Бала туғанда берiлетiн жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады.

      2. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

8-бап. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау мен төлеу

      1. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы бала туған күннен бастап ол бiр жасқа толық толғанға дейiн тағайындалады.

      Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар болып табылатын және 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған баланың күтімін жүзеге асыратын адамдарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы баланың туған күнінен бастап 2007 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге тағайындалады.

      2. Бiр жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

      3. Асырап алған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алған балалары бар отбасыларға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап немесе қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы шешім қабылданған күннен бастап тағайындалады.

      4. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау кезiнде отбасы құрамындағы ата-анасы өздерiне қатысты ата-аналық құқығынан айрылған балалар есепке алынбайды.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.12.19 № 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.02 № 211-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-1-бап. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу

      1. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасау кез келген уақытта қандай да бір мерзіммен шектелмей жүзеге асырылады.

      2. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны төлеу барлық растаушы құжаттар болған кезде өтініш жасалған күннен бастап ағымдағы айға және осы жәрдемақы тағайындалған шарттар сақталған кезеңге жүргізіледі. Осы Заңның 11-1-бабына сәйкес жәрдемақы алушы өзгерген жағдайларды қоспағанда, алушы қайтыс болған жағдайда көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы қайтыс болған айды қоса алғанда төленеді.

      3. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы растаушы құжаттарды ұсынбаған немесе анық емес деректері бар құжаттарды ұсынған адамдарға тағайындалмайды.

      4. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындау кезінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалар бірге тұру фактісіне қарамастан отбасының құрамында есепке алынады.

      5. Көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындауға негіздер жоғалған жағдайларда, оны төлеу тоқтатылады.

      Ескерту. 8-1-баппен толықтырылды – ҚР 26.12.2019 № 287-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-бап. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу

      1. Көп балалы анаға берілетін жәрдемақыны тағайындауға өтініш жасау қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылады.

      2. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақыны төлеу ағымдағы ай үшін және барлық растайтын құжаттар болған кезде өтініш жасаған күннен бастап осы жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.

      3. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақы растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе анық емес деректер қамтылған құжаттарды табыс еткен адамдарға тағайындалмайды.

      4. Көп балалы анаға берiлетiн жәрдемақыны төлеу оны тағайындау үшін негіздер жойылған немесе алушы қайтыс болған жағдайларда тоқтатылады.

...