0 дауыс
7.3k көрілді
Пәтерді қалай тез өткізу үшін не істеу керек. Мен қанша рет сатыуға қойдым. Бірақ көп келеді пәтерімді көруге бірақ хабарласам деп кетеді жоқ звандамайды документі барі дұрыс жекеменшік. Кайсыларың сәтті сату үшін не істедіңдер мысалы дұға ма әлде сүре ма бар ма?

1 жауап

+1 дауыс

«Сондай өсім жегендер, (қабірлерінен) жын соққандай есеңгіреп тұрады. Бұл олардың: «Сауда да бейне өсім» дегендіктерінің салдарынан. Негізінде Алла сауданы халал, өсімді харам еткен. Сонда кім Раббысынан насихат келгенде тыйылса өткені өтіп кетті. Оның ісі Аллаға тән. Ал және кім қайталаса, міне, солар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады» («Бақара» сүресі, 275-аят).

Бір істі бастар алдында

«Бисмиллаһир-рахманир-рахиим»- деп айту керек. Осылай басталған әрбір іс берекелі әрі оның соңы жемісті болады.

 Қиындықта немесе қапаланғанда: «Ия Хаййу, иа Қайуум бирахматика астағис». Мұсылман қай жұмысында болмасын осы дұғаны айтып жүрсе, Алла Тағала оның тілегін қабыл етеді, иншааллаһ.

Іс жүргізетін дұға 

Бір іске кіріскенде (мысалы, сауда-саттық, диқаншылық немесе үй салу т.б.) бұл дұғаның көп пайдасы бар: «Раббәнәә әәтинәә мил-ләдункә рахмәтәу-уа һәййи ләнәә мин әмринәә рашәдә» («Кәһф» сүресі, 10-аят.)

Кімнің ісі жүрмесе, әр күні «Истиғфар» дұғасын оқысын және үнемі салауат айтып жүрсін. «Аллааһуммә салли уа сәллим уа бәрик ъәләә сәййидинәә Мухәммәд уа ъәләә әәлиһи уа асхәәбиһи әжмаъиин».

Базарға кіргенде

Бұл дұға базарға кіргенде оқылады: «Ләә иләәһә иллаллааһу уахдаһу ләә шәриикә ләһу, ләһул-мулку уа ләһул-хамду, йухии уа йумииту уа һуа хаййул-ләә йәмууту, бийәдиһилхайру уа һуа ъәләә кулли шәйин қадиир».

Мағынасы: «Жалғыз әрі серіксіз Алладан басқа Құдай жоқ. Патшалық, мадақ Оған тән. Тірілтеді әрі өлтіреді. Өзі өлмейтін Мәңгі Тірі. Ізгілік Оған тән әрі Ол әрбір нәрсеге Құдіретті».

Аятул-күрсі: Аллааһу ләә иләәһә иллә һуалхаййул-қаййуум, ләә тә’хузуһу синәтууәләә нәуум, ләһу мәә фис-сәмәәуәәти уәмәә фил-‘ард, мән зәлләзи йәшфәъу ъиндәһу иллә би’изниһ, йәъләму мәә бәйнә әйдииһим уә мәә халфаһум, уә ләә йухиитуунә бишәй’им-мин ъилмиһи иләә бимәә шәә’ә, уасиъа курсийуһус-сәмәәуәәти уәл-‘арда, уә ләә йә’уудуһу хифзуһума уа һуәл-ъалийул-ъазиим.

Мағынасы: Алла Тағала. Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, мәңгі толық меңгеріп тұрушы. Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер оған тән Оның құзырында Өзі рұқсат етпей кім шапағат етеді? Құлдарының алдарындағы және арттарындағыларды да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа ешнәрсе білмейді. Оның күрсісі көктер мен жерді сыйдырады. Көк пен жерді қорғау Оған қиын емес. Ол өте үстем, аса құдіретті.

Бай болу үшін

Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (ﷺ) былай дейді: «Кімде-кім әрбір түні "Уақиға" сүресін оқитын болса, ол ешқашан таршылыққа тап болмайды» (Бәйһақи риуаят еткен).

Абдулла ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (ﷺ) былай дейді: «Кімде-кім истиғфар айтуды әдетке айналдырса, Алла оған әрбір қиындықтан шығар жол, әрбір қайғыдан құтылар жол көрсетеді әрі оған ойламаған жерден ризық береді». (Әбу Дәуіт, Ибн Мәже риуаят еткен).

Дереккөз: https://azan.kz/kz/maqalat/read/saudanyizdyi-berekeli-etetin-dugalar-10925

...