+2 дауыс
129k көрілді

4-ші сынып оқушысына Мен тәуелсіз елдің ұланымын деген тақырыпқа маналог құрап жазу керек?

1991 жыл - еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.

Мен-тәуелсіз елдің ұланымын! Мен егемен мемлекетте өмір сүремін. Бірақ бұл тәуелсіздік менің еліме оңай келген жоқ. Бізге,яғни,болашақ ұрпаққа тәуелсіздік сыйлау үшін ата- бабаларымыз өз жандарың аямаған. Осы кісілердің арқасында біз бейбіт елде,тәуелсіз елде өмір сүрудеміз. Тəуелсіздік алғанымызға жақында 25 жыл толады. Осы 25 жыл еліміз үшін даму жылдары болды. Осы жылдар бойы еліміз өз тəуелсіздігін сақтап ,əрі дамып келеді. Еліміздің осындай күнге жеткені ата-бабаларымыз бен тəуелсіз еліміздің мамандарының арқасы. Олардың осы еңбектері мен ерліктерің ақтау үшін біз де еліміздің дамуына, қазір болмаса кейін,өз үлесімізді қосуымыз қажет!

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

1991 жыл - еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша  әлем танып отыр.

Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 20 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.

Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының  арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.

Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

Мен Тәуелсіз елдің Жас Ұланымын!

«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады». Н.Ә. Назарбаев

Алтын күмбезді көгімде қыран құсты байрағы желбіреген, айбарлы әнұраны асқақтаған, даңқты Қазақстанымның Жас Ұланы екенімді мақтан тұтамын.

Телегей теңіз жылдарда бодандықты бастан кешіріп, сұм соғыстың тауқыметін тартып, сыңыр саясаттың құрығына түсіп қаншама қиналды десеңізші?! Мінеки, туған елім небір сұрапыл оқиғаларды бастан кешсе де, мойынсұнбай әлем картасыннан ойып тұрып керегесі мықты «Қазақстан» деген мемлекет орын алды.

Қазақ елі қайсарлы да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі. Осындай еңсесі іргелі, тұғыры нық, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенімді мақтаныш етемін.

Ата-бабамның қажыр қайсарлығынан қуат, өрелі өшпес сөздерінен өнеге, тағылымды тәрбиесінен тәлім, батылдығынан бойымызға жігер жинап, керегесі мықты қазақ елінің ұлтжанды қыраны боламын. Болашақтың іргесін біз секілді туған елімнің Жас Ұландары құратын болсақ, әлемде қазақ елінен мықты ел болмақ емес.

Бүгінде республикамыздың әр өңірінде Елбасымыздың бастамасымен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аясында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында құрылған  «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің үшінші толқынына мектебіміздің түрлі интеллектуалдық байқаулар мен спорт бәйгелерінің жеңімпаздары, сынып көшбасшыларынан 72 оқу озаты, 48 оқу екпіндісі салтанатты түрде қабылданып, ұйымның мүшесі атандық.

Салтанатты шарада біз ертеңгі еліміздің жарқын болашағы – білім көгіне қанат сермей жүріп мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі Жумиева Сандуғаш Садуоқасқызының алдында Ұлан басшысы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушылар ант қабылдау рәсіміне дайындығы жөнінде баянат қабылданғаннан кейін, «туған жеріміз бен елімізді мақтаныш етуге, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге, білімге табандылықпен ұмтылуға» ант бердік. «Нұр Отан» ХДП-ның Орал қалалық филиалының кеңесшісі Нұралы Ажар Алтынбайқызы, Батыс Қазақстан облыстық «Ауыл жастары Одағы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы, білім шаңырағымыздың ардагер ұстаздары Арыстанова Назым, Бакирова Батима Гилимқызы, Кереев Мұхит Махметұлы, мектебіміздің басшысы Асқарова Бәтима Жұмабекқызы қатысып, жүрекжарды лебіздерін арнап, кемел келешектің кілтін ұстар «Жас Ұландықтарға» еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін деген ниетпен ұйымның төсбелгісін тағып, галстугын байлады.

Бүгінде ұйымымыздың жетекшісі Сандуғаш Садуоқасқызының ұйымдастырумен өтетін мектепішілік түрлі шараларға, сенбіліктер мен кездесулерге, қайырымдылық акцияларына белсене қатысамыз. Жұдырықтай жүрегіміздің түбіндегі Отанымызға деген асқақ сүйіспеншілік бізді алға жетелеп, дәйім «Өз еліңнің – патриотты ұланы бол!» деп дем беріп келеді. Арына жанын садаға еткен, «атамыз алаш, керегіміз ағаш» болған өр қазақтың намысты ұрпағы екенімізді ұмытпай, айбынды бабалардың рухын өшірмей, даңқты тарихымызды сақтайық!

Елге деген ыстық сезімімді жетесіне жеткізген, бодандықта бор болған төзімділікті қыл көпірден өткізген, өз елім, өз жерім деп өзек өртеп, өршіл рух сыйлаған, санамызды улаған сансыз «ертегіден» есті жинаған, қасқайып қазақ атын мың қайталап жүрек отын тұтатқан, бойында күш-жігері, кеудесінде қуаты тасыған, егемен еліміздің еңселі байрағын ұшы қиыры жоқ көгімде нық көтеруге ұмтылған, қырандай қарыштаған - Тәуелсіз елдің Жас Ұланымын!

Мүсілім Ақмаржан

Орал қалалық №40 ОЖББМ-тің  11-сынып оқушысы,

 «Жас Ұлан» балалар мен  жасөспірімдер ұйымының мүшесі

0 дауыс
Жоспар
Кіріспе бөлім.
Тәуелсіз Қазақ елінің шежіресі
Негізгі бөлім.
а) Азаттықтың ақ таңы

ә)Ең басты құндылығымыз —  Тәуелсіздік
Қорытынды бөлім.
Жаса, жайна, Қазақстаным!

Бізге азаттық азаппен , арпалыспен келген. Тәуелсіздік тәуекелге түскен. Сондықтан да бұл бақытымыз баянды, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз. Н.Ә. Назарбаев

Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата — бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз.
Түп жежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, іргел іел, жоралы жұрт, салиқалы салтын сақтап қалғаны – оның еркндіксүйгіш жігерінің , асқақ рухының арқасы. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата – бабамыз ғасырлар бойы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келді. Бұл далада халқымыз үш ғасырдай бостандық пен еркіндік жолында соғысты. Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған, қашан да бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған. Дүние жүзіндегі халықтардың ортақ ойы, арманы- бостандық, тәуелсіздік

XVIII – XIX  ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Халқымыздың басынан қара бұлт серпілмеді.

Дос та іздедем жау тисе болысатын,
Қыс қыстатып, жаз бірге қоныстанатын.
Еділ,Жайық,Ертісті жағаладым,
Үміт көрдім құдіретті Ресей атын,

Бірақ Ресей мемлекеті өз мақсаты үшін жерімізді отарлап, халықты аяусыз езгіге ұшыратты.XX  ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына «Жігіт бермейміз» деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшырады. Қаншасы өз жерінде қырғын көрді.

1917 жылдан кейін де қуғыншылыққа ұшырап, мыңдаған жандар ата –жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. 1932 – 1933 жылдарда болған адам айтса нанағысыз ашаршылықта 9 миллиондай халықтың жартысына жуығы опат болды. Зиялы қауымды қынадай қырған 1937 – 1938 жылдар…

1941 – 1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ ұландары ерекшк ерлік көрсетті.

1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

Осы жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі елді «Тәуелсіз, демократиялық және құқылы мемлекет»  деп жарияланды.

Талай нәубетті басынан өткерген халық үшін азаттықтың, бостандықтың өзі баға жетпес байлық екені сөзсіз.

Қазақ елін бір тудың астына жинап, біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен алаш  арыстары: Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқайұлы. Олар қазақ елінің тәуелсіздігі үшін өмірлерін қиды. Алаш ұлдарының арман — тілегі ұлттық сананы оятуда рухани түрткі болды. Қазақ елінің дамуы мен өркениетті ел қатарына қосылуының іргесін қалады.

Тәуелсіз ел тарихы – отаншылдықтың, ерліктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным, деген қасиетті ұғымдар әр азаматтың өз табалдырығынан, өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналмақ.

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл — ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.

Ендеше, қазақ халқы, барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздік алуымыздың өзі үлкен жетістік деп білемін, яғни дербес мемлекетте өмір сүріп отырған ұрпақ шын мәнінде бақытты деп ойлаймын. 23 жыл тарих бедерінде көп уақыт емес. Бірақ бұл жылдардағы Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін аз деп  айта алмаймыз. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында  мемлекетіміз өркендеп келеді. Бүгінде  еліміз тыныш, жұртымыз аман. Мемлекет басшысы жыл сайынғы  дәстүрлі жолдауларында халқымыз үшін маңызды  мәселелеріне көңіл бөліп, олардың орындалуына баса назар аударуда.  «Орнында бар оңалар» демекші, еліміз, жеріміз орнында. Жерімізге жетер байлық жоқ. Батырларымыздың арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып дүние жүзіне танылды. Осындай қасиетті мекенде, керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байраағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды. Жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз ата заңымыз, ұлттық валютамыз және  Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңқалдырып, жаңа астанамыз дүниеге келді. «Қазақстан Республикасы» деген асқақа рухты ел екенін мойындаттық. Ел экономикасы да жылдан- жылға ұлғайып мәдени, рухани деңгейіне көтерілуде. Қалалар мен ауылдардарымыз жаңарып, өркениетке лайық құлпырып келеді, халықтың тұрмысы күн сайын жақсара түсуде. Білім, медицина мәдениет салаларында да керемет ілгерілеу қанатын кеңге жайып, бұл бағытта дамыған мемлекеттермен иық тірестіретін дәрежеге жеттік.  Осы ұлан ғайыр табыстарымыз Елбасымыздың еткен ерен еңбегінің нақты нәтижесі, жарқын көрінісі екеніне ешкім шүбә келтіре алмас.

Кең байтақ даламыз Еуразия материгінің екі бөлігін түйістіре отырып көлемді аумақта орналасқан. Алтайдан Атырауға, Арқадан Алатауға дейін созылған қазақ даласында ынтымақтастық атты туды биікке көтеріп, өзге ұлт өкілдері де мекендейді.

Егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің арқасында халқымыз туған тілімен кайта қауышты. Еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің тілімізге деген көзқарасы өзгерді. Мемлекеттік тілдің өз дәрежесінде болып, баршаға ортақ қажеттілік, қолданыс аясын кеңейту, тіл деңгейін көтеру-өз халқына, дініне жаны ашитын әрбір азаматтың яғни біздің борышымыз.

XXI ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қоған мақсатымыз — өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.     
Тәуелсіздік — біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолдан бұлтармай алға баса береміз. Осы бақыт үшін баршамыз тәубе дейміз., осы жолда біліміміз бен білігімізді, қайратымыз бен қанымызды  аямай жұмсаймыз. Сүйікті Отанымыз-  Қазақстан мәңгі құлпырып жайнай берсін, жарқырай берсін!

Бүгінде Қазақстанды әлем тануда. Жаңа дүние, жаңа қоғамға бет бұрдық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың нұрлы жолымен болашаққа нық басайық.
...