–1 дауыс
845 көрілді
Сәлеметсіздер ме! Менің есімім Арман. Номер бірінші балалар үйінің түлегімін. Жасым 16-да. Қазір КазАТК колледжінде оқуға түстім. Ақылы оқу. Оқуыма 140 000 теңге жинадым жазда, енді 100 000 керек. Сіздерден ақша сұрамаймын. Ғаламтор желісі арқылы ақша табатын проект таптып. Сол жерге менің кодым бойынша тіркелсеңіздер маған ақша төлейді. Көмектесіп жіберіңіздерші. Көмектесем деушілерге дайындап қойған инструкциамды жіберем не істеу керек екенін. Алла риза болсын!
Байқа. Интернетте алаяқ проектілер көп. Алданып қалма.

1 жауап

+1 дауыс

Барша адамзат бір Адам атадан тарағаны белгілі. Осы тұрғыда ислам дінінде де мұсылманның мұсылманға бауыр, деген қағидасы бекер емес. Адамның шығу тегі бір болғандықтан олардың арасында өзара жақсылық жасаулары да адами үйлесімділікті айғақтай түседі. Кез келген игі істерді жүзеге асыру адамдар арасында дінге, тілге, нәсілге, ұлтқа бөлінбейтіндігін ұмытпаған жөн. Адамдар жақсылық жасауды қолдап оған мүмкіндік туғанда қашанда бейім тұратындығы ертеде оның фитратынан қалыптасқан. Бұл кезекте ислам дінінің орны айрықша. Адамзаттың ұстазы болған Мұхаммед с.а.у. пайғамбардың өзі: «Адамдардың ең қайырлысы ол өзгеге пайдасы тигені» деген.

Бүгінгі әлемде игі істі мақсат еткен көптеген халықаралық ұйымдар құрылып қайырымдылық жасаудың түрлі жолдарын ойлап табуда. Солардың бірі Біріккен Араб Әмірлігінің премьер-министрі Шейх Мұхаммед әл-Мактум бастамасымен «Qalby Etmaan - قلبياطمأن» қайырымдылық бағдарламасын атап кетуге болады. Аталмыш бағдарламаның негізгі мақсаты әрбір қоғамдағы мұқтаж жандардың жағдайын жақсарту болып саналады. Айталық, бағдарлама қызметкерлері Мысыр, Сирия, Уганда, Йемен, Иордания және т.б. түрлі елдерді аралап, ондағы жағдайы  ең төмен жандарға қаржылай, заттай, жұмысқа орналастыру және жеке кәсіпті ашып беру секілді игі істердің жүзеге асыруына ұйытқы болып отыр. Бұл барша елге үлгі тұтарлық әрекет. Осы секілді Түркия мұсылмандары тарапынан құрылған «Жансүю» қоры да жақсылық жасауда қажырлы еңбек етуде. Қор қызметкерлері өткен жылдың өзінде су тапшылығынан зардап шегіп отырған Африканың 17 елінде 20 су құбырын ашқан болатын. Мұндай игі істер тек арнайы ұйымдардың ғана емес сондай-ақ, жеке мұсылмандар тарапынан да жүзеге асыруға болады. Мәселен, осы уақытқа дейін өз бетімен қайырымдылықпен айналысқан Кувейттік Абдурахман ас-Самит есімді азамат Африка құрлығында 29 жыл бойы қайырымдылық іспен айналысқан. Нәтижесінде ол Африкада 5700 мешіт салған, 9500 судың көзін ашқан, 15000 жетімге қамқор болған, 860 медресе, 4 университет және 204 медицина орталығын салған. Мұндай ауқымды қайырымдылықты көрген африкалық 11 млн. адам исламды қабылдағанекен. Бұған қоса Абдурахман  1976 жылы АҚШ пен Канада елінде жағдайы төмен жергілікті тұрындарға медициналық көмек көрсету мақсатында«Мұсылман дәрігерлер одағының» негізін қалаған. Осы секілді кез-келген игі істердің бастамасы әрбір қоғамның дәулетті азаматы үшін мүмкіндігіне қарай қайырымды болуға тиімді ықпал етеді. Бұған қоса жағдайы төмен, мұқтаж жандардың алдында ішкі жауапкершілікті оятуға септігін тигізеді.

Қайырымдылық тек жеке дара адамдарға ғана жасаумен шектелмейді. Сонымен қатар қоршаған орта мен жалпы халық үшін де жасалуы әбден мүмкін. Айталық, әйгілі Мысыр елінің тумасы «Ливерпуль» футбол командасының шабуылшысы Мұхаммед Салах өткен жылы өзінің «Мұхаммед Салах» атты қайырымдылық ұйымын ашып өзінің туған Нажриг деген елдімекенде әл-Азһар университетіне қарасты діни білім беру ошағын ашу үшін 12 млн. фунт жұмсаған екен. Бұдан бөлек аталмыш қордың басшысы Мұхаммед әл-Баһнәси баяндағандай өткен жылдың жаз мезгілі қарсаңында Басюн аумағында жаңа жедел жәрдем мен от сөндіру орталығын ашу құрылысын бастап кеткен екен. Сонымен қатар Мұхаммед Салах мысырлық 57357 мың ракпен ауыратын балаларға арнайы емделетін аурухана құрылысына 12 млн. фунт жұмсаған. Осы секілді елдегі жетім-жесірлерді қолдау үшін де түрлі балалар үйіне 50 млн. фунт бөлген екен. Сөзсіз мұндай қайырымдылық шаралары кез-келген қоғамның әлеуетін арттыруға елеулі ықпал етеді.

Қазіргі таңда еліміздің өзінде елдің игілігі үшін осындай қайырымдылық жұмыстары жасалуда. Мәселен, былтырдың өзінде Елорданың 20 жылдық мерейтойына еліміздің әр өңірі қала халқының жағдайын жақсарту мақсатында Атырау облысы заманауи жаңа үлгідегі көпір салып берсе, Түркістан облысы «Елордаға сыйлық» жобасы аясында 5,173 шықырым веложол салып, тарту еткені белгілі. Бұл да болса өңір басшыларының халық тұрмысын жақсартудағы бағытталған игі істері. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіт жамағаттары тарапынан жыл 12 айда тұрақты түрде еліміздегі мұқтаж жандарға түрлі әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Осындай игі шараның жалғасы ретінде жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға кәсіпкерлер өз қалталарынан пәтер алып беріп жатқанын ескермеске болмас.

Соңғы уақытта еліміздің қабырғасын қайыстырған Арыстағы оқыс оқиғаның салдарынан зардап шеккен қандастарымызға да қол ұшын берушілердің саны күн санап артып жатыр. Бүгінге дейін еліміздің әр облысы Арыс тұрғындарына азық-түлік пен күнделікті қажетті заттарды жүк көліктеріне тиеп, жарыса тасып жатыр. Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зардап көрген әр отбасының шаңырағын қайта жөндеуден өткізіп, халықтың жағдайын жақсартуға байланысты жұмыстар жасалынып жатқанын ресми баяндады. Бұған қоса жапа шеккендерге көптеген қазақтың жанашырлары, кәсіпкерлері мен мемлекеттік емес ұйымдардың өзі заттай болсын, ақшалай болсын елеулі гуманитарлы көмектерін аямауда. Сондай-ақ, өзге ұлт өкілдері де барын салып, қол ұшын беруден таянып жатқан жоқ. Осы секілді қайырлы істер бірінші елімізде игі ниетті жомарт жандардың көптігін білдірсе, екінші жағынан қазақтың ынтымақтығын, бірлігін, татулығын, елдігін көрсетті.  

Жалпы, ислам жеке дара емес жамағаттың діні болғандықтан біздерді қашанда өзгеге игі жасауға итермелеп отырады. Осыған байланысты пайғамбар өз хадисінде: «Кімде кім жақсылыққа жол сілтесе сол үшін сауапты болады», деген. Құранның өзінде: «Жақсылыққа жарысыңдар...» делінген. Өйткені, Алла Тағала адамды жақсылық жасауға бейімдеп әу баста фитратпен жаратқан. Сонымен қатар Алла Тағаланың: «Адам баласын көркем етіп жараттық...», «Адам баласын құрметті еттік...» деген аяттарының астарында адам жаратылысына тән қашанда өзгеге көркем болып, құрмет көрсету керектігі меңзеліп тұрғандай әсер қалдырады. Осындай қасиеттің аясында өзгеге қашанда жақсылық жасап, қайырымды болу істері жатады. Себебі, адам іштей жақсы болғанымен оны сыртқа паш етіп ісімен көрсетпесе оның бойындағы жақсылығы жасырын қалады. Әрбір тұлға Алланың сұраусыз берген дәулеттің, нығметтің ақысы ретінде өзгемен бөлісіп, қол ұшын беріп тұруы міндет болады. Сол үшін болар барлық жағдайы бар мұсылманға ислам діні зекет беруді парыз еткені.  

Сондай-ақ, Алла Тағала адамды екі көзді етіп жаратқанның сыры ол өмірде бір көзімен жақсылық, қайырлы амалдарды көрсе екіншісімен жамандық әрекеттерін көреді. Бірақ, сол екі амалды айырып, біреуін таңдау үшін ортасына ақылды берген. Сол ақылға дұрыс таңдау беру әрбір адамның парасатына байланысты болмақ. Ертеде француз математигі Блез Паскаль (1623-1662 ж.): «Кімде кім жақсылықты игі ниетпен жасаса ол кәміл адам, ал кімде кім жақсылықты пайда көруді ниеттеніп жасаса ол жарым адам», деген.  Ендеше ақылымызды тиімді пайдаланып, көптеген игі амалдардың жүзеге асуына ықпал етіп, кәміл адамның қатарында қоғамға пайдасы тиген мұсылмандардан болуға атсалысайық !

Дереккөз:https://azan.kz/kz/maqalat/read/qayyiryimdyilyiq-qayyirlyi-is-11020

...