0 дауыс
1.8k көрілді
Саламатсыздар ма, лингвистика мамандығы бойынша мектепте мұғалім болып жұмыс жасауға болады ма?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
6М021300-Лингвистика мамандығы бойынша білім берудің мақсаты 6М021300-Лингвистика мамандығы бойынша білім берудің негізгі мақсаты болып табылады:
– еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті педагогикалық кадрларды дайындау;
- гуманитарлық пәндер саласындағы жүйеленген білімді қалыптастыру және жаңа технологияны қолдану;
- кәсіби қызметін жүзеге асыруға қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі жоғары магистрдің негізгі және арнайы құзіреттіліктерін қалыптастыру;
магистранттардың лингвистика бағытындағы үдерістер мен құбылыстарды талдауы және бақылаудың ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелік әдістерін меңгеруі;
ғылыми ойлау мен көзқарастар аясында жалпыадамзаттық және әлеуметтік жеке құндылықтарды қалыптастыру;
1. Мамандық және қызмет түрлерінің атауы
Аталған білім беру бағдарламасын бітірушіге
6М021300-Лингвистика мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесі беріледі.
Гуманитарлық ғылымдар магистрі Қазақстан республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21 мамыр 2012 жылғы № 201-о-м бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілердің Біліктілік анықтамалығына сәйкес және Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің 13 шілде 2009 жылғы № 338 бұйрығымен, 09 маусым 2011 жылғы №241, 27 желтоқсан 2013жылғы № 512 өзгертулер мен толықтырулар енгізілген бұйрығымен бекітілген педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмыс өтіліне талап қойылмайтын лауазымды иеленуі мүмкін
2. Білім беру бағдарламасы бітірушілерінің біліктілік сипаттамасы
2.1 Кәсіби қызмет аясы
6М021300-Лингвистика мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі өзінің білім беру саласындағы кәсіби қызметін Біліктілік деңгейі: ҰБШ – 7 бойынша жүзеге асырады.
2.2Кәсіби қызмет нысандары
6М021300-Лингвистика мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрінің кәсіби қызмет нысандары болып табылады:
 орта білім беру мекемелерінің, жекелік немесе ведомстволық формасына қарамастан, барлық типтері мен түрлері;
техникалық және кәсіби білім беру мекемелері.
жоғары оқу орындары;
ғылыми-зерттеу институттары;
 білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта дайындау институттары;
 білім беру саласының уәкілетті және жергілікті атқару ұйымдары.
2.3 Кәсіби қызмет пәні
6М021300-Лингвистика мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрінің кәсіби қызмет пәндері болып табылады:
 білім алушыларды психолого-педагогикалық инновациялық әдіс-тәсілдермен оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру;
жоғары оқу орындарының білім беру шеңберінде магистранттардың ғылыми-зерттеушілік қызметін ұйымдастыру;
- білім беру жүйесі басқармасында инновациялық үдерістерді қамтамасыз ететін уәкілетті және жергілікті атқарушы ұйымдардың қызметі.
2.4 Кәсіби қызмет түрлері
6М021300-Лингвистика мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі төмендегідей кәсіби қызметтің түрлерін атқара алады:
 білім беру (педагогикалық);
 оқу-тәрбие;
 оқыту-технологиялық;
 әлеуметтік-педагогикалық;
 ғылыми-зерттеу;
 ұйымдастыру-басқарушылық.
2.5 Кәсіби қызмет функциялары
6М021300-Лингвистика мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрінің кәсіби қызмет функциялары болып табылады:
-оқытушылық;
 тәрбиелік;
 кәсіби бағдарлық;
 ғылыми-зерттеушілік.

http://kaznpu.kz/docs/institut_filologii/zhalpi_til_bilimi/programmi_2016/6M021300_linguistic_kaz2016.pdf
...