0 дауыс
932 көрілді
Геодезия и картография мамандығы туралы не білесіздер? Оқып жатқандар бар ма? Қыздар жасауға жақсы жұмыс па ? Оқып біткен соң жұмыс бар ма?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

5В071100 – «Геодезия және картография» мамандығын бітіріп шыққан түлектеріне «технология және техника ғылымы» бакалавр академиялық дәрежесі беріледі.

Бұл мамандықты бітірген түлектер төмендегідей қызметте жұмыс атқара алады:

  • Құрылыстарда, өнеркәсіп орындарын геодезист қызметі;
  • Геодезия және картография саласының маманы бойынша мемлекеттік органдарда;
  • «Казгеодезия» кәсіпорнын картограф қызметінде;
  • Ғылыми-зерттеу институтында және ғылыми жобаларда ғылыми қызметкер ретінде;
  • Қорғаныс және ғарыш саласында қызмет атқара алады.

Сонымен қатар, бакалавр саласын бітірген жас мамандар алғашқы техникалық картегорияларда, кіші ғылыми қызметкер қызметінде, зерттеуші инженер қызметінде, ғылыми-зерттеу мекелерінде инженер қызметінде және еңбек өтілінің болмауына қарамастан жобалық конструкторлық ұйымдарда қызмет атқаруға болады.

5В071100 – «Геодезия және картография» мамандығының түлектері мамандығына сай келесі квалификацияны иеленеді:

  1. Мамандандырылған – Қолданбалы геодезия

Квалификация – технология және техника ғылымы бакалавры (сала бойынша).

  1. Мамандандырылған – Аэрофотогеодезия

Квалификация – технология және техника ғылымы бакалавры (сала бойынша).

Бакалавр қызметінің профессионалдық бағыты барлық ауқымды экономика саласын қамтиды. Сонымен қатар, әскери-өндірістік кешенін, азаматтық және өндірістік құрылыс алаңдарды, Жер ресурстарын басқару саласы бойынша барлық мемлекеттік органын қамтиды.

Жұмыспен қамту мекемелері: «Казгеодезия» РМҚК, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК, «Казгеоизыскания» ЖШС, «АстанажерҒӨО» РМК және Каздорпроект» ЖШС болып табылады.

Университетті бітірген соң аталмыш мамандық иелері Солтүстік, Орталық және Оңтүстік аймақтарында геодезия бағыты бойынша және құрылыс ұйымдарының барлық шаруашылықтарында жұмыс атқара алады.

Түлектердің кәсіби қызметіне:

  • құрылысты геодезиялық қамту және инженерлік құрылымдарды эксплуатациялау жұмыстары;
  • геодезиялық-маркшейдерлік жұмыстар;
  • мемлекеттік және арнайы геодезиялық желілерді құру мақсатындағы геодезиялық жұмыстар;
  • барлық масштабтағы топографиялық түсірісті жасау жұмыстары;
  • топографиялық, жалпы географиялық және тематикалық карталар мен атластарды құру, жаңарту және шығару жұмыстары;
  • стереофотограмметрикалық әдісі бойынша карталар мен жоспарларды құру немесе жаңарту жұмыстары;
  • стереофотограмметрикалық әдісі бойынша инженерлік жұмыстарды шешу жұмыстары;
  • Ғарыштық түсіріс жұмыстарын жүргізу жатады.

Бакалавр мамандығының технология және техника ғылымы саласындағы негізгі қызметі еңбек және кәсіби сала бағытында мамандық иелерін теориялық және тәжірбиелік дайындықтан өткізу болып табылады. Кәсіби сала  пәндері: геодезиялық, ғарыштық түсірме, гравиметрлік, фотограмметриялық, картографиялық аспаптар мен жабдықтар, карталар, ғарыштық геодезиялық аппараттуралар, геодезиялық және картографиялық ақпараттық бағдарламалар өнімдері болып табылады.

Толығырақ: http://kazatu.kz/kk/belem-beru-bagdarlamalari/geodeziya-jane-kartografiya/

...