0 дауыс
608 көрілді
Арыстағы жарылысқа кім кінәлі?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшеде болған жарылысқа кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты өкімге қол қойды. 

Мемлекет басшысының Өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны және қару-жарақ пен оқдәрінің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету жұмысындағы, Қару-жарақ пен оқдәріні сақтау объектілерін көшіру және орналастыру бағдарламасын іске асыру кезіндегі елеулі кемшіліктері, соның салдарынан Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына және қалада адам шығынына ұшыратқан ауқымды апатқа жол бергені үшін: 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болып қызмет атқарған Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүйесінен шығарылды. 

Келесі лауазымды қызметкерлерге: 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа; 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып қызмет атқарған Мұрат Жәлелұлы Майкеевке; 

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарған Талғат Жеңісұлы Жанжүменовке қатаң сөгіс жарияланды.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/332980-to-aev-arysta-y-zharylys-a-kin-li-skerilerdi-zhazalau-turaly-kim-shy-ardy

...