0 дауыс
1.1k көрілді
ҰБТ-ден 87 балл жинадым, таңдау пәнім физика, математика,кандай мамандыктарга грнад бар, кайда оқуға түсуге болады

1 жауап

+1 дауыс

Мектеп бітіруші түлектер арасында ең көп таңдауға ие пән – физика. Қоғамның өзі ақпарат пен технологияның көмегіне зәру және мұқтаж. Әлемнің өзі роботтарды қолданысқа шығарып жатыр. Барлық тасымал жүйесі, қызмет көрсету құрылғылары, зауыттар мен фабрикалардағы техникалық құралдар бәрі-бәрі техникалық мамандықтарды игеру арқылы жүзеге асады. Алайда, оның барлығын шығарып, қолданысқа енгізіп, басқаратын – АДАМ. Мектеп қабырғасында физикаға әуестігіңіз болса, техниканы жаныңыз сүйсе, сізге таңдау көп.  

Инженер-технолог – мамандықтың бұл түрі сәулет өнері үлгісінің материалдық ақпараттандыру жабдығының жасаушысы. Оның атқарым құрамын, жүйелік бақылауы мен бағдарламалауын, құрылыс материалының технологиялық дайындамасын, жөндеу әдісі мен құрал-сайман сынамасын, және жұмыстың қалай өріс алуын бақылап, тексеріс жүргізіп отырады. Әрбір инженер өзінің кәсіби деңгейіне қарамастан техника жұмысымен, техникалық нысанмен және технологиялық үдерістермен жұмыс істей алу керек. Сол себептен техникаға деген сүйіспеншіліктің болуы шарт. Техникалық икемділік, ойлау, аңғарғыштық, көз мөлшері негізгі орындарды алады. Бұл жұмыстың жауапкершілік деңгейі өте жоғары, себебі жұмыс нысаны адам өмірімен тікелей байланысты. Инженердің өзі ішінен бірнеше салаға жіктеледі. Инженер-конструктор, инженер-микроэлектроншы, құжат бойынша инженер, еңбекті қорғау инженері, өрт қауіпсіздігі бойынша инженер, телебайланыс инженері, инженер-технолог, қауіпсіздік бойынша инженер, инженер-жобалаушы, байланыс инженері, смена инженері, инженер-эколог, т.б  

Авиация сaласы – экономиканың дағдарысы ықпал етпейтін бірден-бір сала. Қазақстанда ғана емес, пилоттар Еуропада да тапшы. Бұл салада ұшқыш болудан өзге, ұшақты басқару немесе автоматтандару сынды мамандықтарды да игеріп шығуға болады.  

Көлік және коммуникация – жол қатынасы бүгінгі таңда ең жақсы дамыған қатынас. Кез келген автокөлік магистральдарының жөнделуі, жасалуы, төселуі, оның үстімен қандай көліктер жүруге тиіс, қаншалықты жүк тасымалы жүріп өтуі тиіс барлығы дерлік көлік қатынасы немесе көлік техникасы мамандықтары арқылы жүзеге асады.  

Бұлардан бөлек радиотехника, радиоэлектроника, ақпараттық жүйе, астролог, металлургия сынды мамандықтарға да физика пәнін таңдайды. Ер-азаматтар үшін физика пәнін таңдаған тиімді. Техника дамыған бұл заманда физиканың заңдылықтарын жақсы меңгерсеңіз далада қалмайсыз. 

Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/41761/

...