0 дауыс
1) Байлар-Жандар руының шежіресі  бар ма?
2) Байлар-Жандар деп неге екіге бөлінеді?
3) Байлар-Жандар руының кітабы бар ма? Кімде бар?
16.06.2019
өңдеді 8.7k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Байлар-Жандар — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Орта жүздің Қоңырат тайпасының Көктіңұлының (Тәңірберген) үш баласы болған, олар (Абатқұл, Жабатқұл, Қара). Абатқұлдан Байыс, Боғыз, Тайыс, ал Боғыздан Байдербіс пен Жандербіс тарайды. Байлардан - КөшікКөбек, Құланшы, Елбақ-Қойбақ. Жандардан - Сырымбет, Қарабала, Шора пальцы, Жолдербіс, Мама-Сүйіндік, Қазаяқты, Көлеген, Байжігіт, Баймұрат. «Жандарлар» Евразия құрлығында, Түркі халықтарының құрамында көптеп кесдеседі. «Жандарлар» тіл үндестігіне байланысты, әр халықта әр қалай аталады. Мысалға: Жандар, Яндар, Чандар, Шандар, Түркия мемлекеті Анадолы да Жандароғұллары деген атпен белгілі. Жандароғұллары Түркия (Осман ) империясын құруда маңызды рөл атқарған тайпалардың бірі, (Исфандиярогуллары деп те айтылады). Солтүстік Кавказ, Дағестан республикасында Құмық халқының құрамында 40-мыңдай Джандар тайпасының өкілдері Каякент,Кайтағ аудандарында тұрады. Қарақалпақ халқының құамындағы Жандарлар, Жанлар деген атпен белгілі. Ресей, Башқұрт халқының құрамында Байлар-Жандар тайпасының, Байлар руы жасайды. “Жандар” тайпасы қытай деректемелерінде Янтор, Янто деген атпен белгілі. Қытай деректерінен алынған мәліметтерге сүйенсек Қыпшақ мемлекетінің негізін қалаушы қуатты екі Сир (Сыр) мен Янтор(Жандар) тайпалары болған. Атақты Шынғысханның анда дос дала баты,гурхан Жамуха осы жандар тайпасының өкілі болған.[1]
20.06.2019
127,959Сұрақ
322,886Жауап
153,169Пікір
73,002Қолданушы