0 дауыс
6.4k көрілді
Ораза айында жасырын әдетпен айналыса бола ма? Ауыз ашып болған соң. Ауыз ашып болып жасырын әдіспен айналыса бола ма?

1 жауап

0 дауыс

Оразаны не бұзбайды?

  • Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек; 
  • Ұйқыдан жүніп болып ояну;
  • Әйелін сүю немесе денесіне қолын тигізуі. Мұндай жағдайларда егер мәни шықпаса, ораза бұзылмайды;
  • Әйеліне қолын тигізбесе де, оған қараудан немесе шәһуәтын қоздыратын жағдайларды ойлап мәни шықса;
  • Түнде жүніп болып, ғұсыл алуды сәресі уақытынан кейінге қалдыру;
  • Аузына келген қақырықты жұту;
  • Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсенің тамаққа кетуі;
  • Құлаққа су кіру, бұлық ағу;
  • Темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды;
  • Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды; 
  • Еріксіз ауыз толы құсу немесе оның ішке қайта кетуі оразаны бұзбайды;
  • Қан алдыру немесе сүлік салдыру;
  • Көзге, құлаққа дәрі тамызу;
  • Мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Бірақ пастасы ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тістерді жуу;
  • Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт;
  • Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет;
  • Душқа жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтып қоюдан сақтануы керек. 

  Оразаны не бұзады? 

  • Әдейі бір нәрсені жеп-ішу;
  •  Темекі шегу, насыбай ату, дәрі ішу, құрамында нәрлі заттары бар укол қабылдау; 
  • Аузындағы жаңбыр тамшыларын әдейі жұту; 
  • Бұл жайлы мына хадисте айтылған: «Ораза кірген нәрселерден ғана бұзылады, шыққаннан емес».
  • Әйелімен жақындасу (яғни, таң намазынан ақшам намазына дейін жақындасу оразаны бұзады);
  • Cебепсіз қорек немесе қоректік қасиеті бар барлық заттарды біле тұра әдейілеп жеу оразаны бұзады; 

Мұндай жағдайларда каффарат оразасын ұстау қажет. (Каффарат деп – рамазан айының оразасын себепсізден-себепсіз біле тұра бұзып жіберсе, екі ай ораза ұстауды, оған шамасы келмесе алпыс кедейді тамақтандырып, тойғызуды айтады).

Ораза – адам нәпсісін тыйып, рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінезін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғибадат.Ораза - бір нәрседен алыстау Шариғат терминінде Ораза - ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, таң атқаннан бастап, күн батқанға дейін Оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның парызы - ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтау.

"Жасырын әдетіңіз" не екенін түсінбедім, бірақ, шариғат заңы бойынша күнәлі іс болса ол іспен жасауыңыз ұстаған оразаңызды зая кетіреді. Ораза ұстаудың нағыз мақсаты -жоғарыда айтылып кеткендей, бойды зиянды әрекеттерден тазартып, нәпсіні тәрбиелеу, жүрек пен ойды тазарту.

Ұстаған оразаңыз қабыл болсын!

...